«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет25/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   137
 
 
АДАМ МЕН ЖАН-ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЖАС МӨЛШЕРІ МЕН ЖЫНЫСЫН 
БІЛДІРЕТІН ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН «ЗАТ ЕСІМ -ЗАТ ЕСІМ» ҮЛГІСІНДЕГІ СӨЗ 
ТІРКЕСТЕРІНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ 
ҚҰРЫЛЫМЫ 
Т.К.Мүрсәлімов- 
Семей мемлекеттік 
педагогикалық 
институтының аға 
оқытушысы 
1. 
Адам мен жан-жануарлардың жас мөлшеріне байланысты ерекшелігін білдіретін 
сөз тіркестері. Сөз тіркесінің грамматикалық мағынасы тіркеске түскен сөздердің лексикалық 
мағыналарындағы «Жас» семасынан өрбиді. Мысалы, қарт әже, бала бүркіт, құнан қой, 
балапан құс, шөже тауық, тоқты қошқар, т.б. 
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің семантикалық құрылымдары: басыңқы - тура 
атауыштық (Д1) лексикалық мағынадағы «Адам», «Аң», «Құс», «Мал», «Жәндік», т.б. лексика-
семантикалық топтарға жататын сөздерден болады. Өйткені бұл қатардағы сөздер арқылы 
аталатын объективті өмірдің заттарына жас ерекшелігі сияқты құбылыс тән. Сөз тіркесін және 
оның грамматикалық мағынасын қалыптастыруға қатысты «Жас» семасы басыңқыдағы сөздің 
лексикалық мағынасындағы көбіне потенциалды семада, сирек болса да дифференциалды 
семада да кездеседі. 
Бғыныңқы - көбіне тура атауыштык (Д1) лексикалық мағынада, сирек ауыспалы (К1) 
екінші дәрежелі атауыштық мағынада жұмсалады. Мұнда «Жас ерекшелігіне» қатысты семалар 
дифференциалды семалар қатарында болады. 
Мысалдар: қарт әже 
Қарт. А - «Адам» 
Әже. А - «Адам» 
Д: а) жасы ұлғайған 
Д: а) әйел 
в) еңбекке жарамсыз 
в)әкенің (шешенің) шешесі 
с) ақылгөй 
с) тікелей қан 
с) екінші буын туыс 
Р1 - «Жас» 
Р2 - «Еңбекке қабілеттілік» 
РЗ - «Өмірлік тәжірибесі» 
Қарт сөзінің лексикалық мағынасы - «жасы ұлғайған, еңбекке жарамсыз, ақылгөй 
адам», әже - «әкенің (шешенің) шешесі болып табылатын, тікелей қаны берілген, екінші 
буындағы туыс, әйел адам». Екі сөз де тура атауыштық мағынада жұмсалған, яғни, сөздер 
(лексемалар) Д1 ДІ семемамен берілген. Сөздердің байланысы мен сөз тіркесіндегі мағыналық 
қарым-қатынасты қалыптастыруға алдыңғы сөздің дифференциалды «жасы ұлғайған», 
«енбекке жарамсыз», «ақылгөй» семалары, басыңқының потенциалды «Жас», «Еңбекке 
қабілеттілігі», «Өмірлік тәжірибесі» семалары негіз болған. Сондықтан бұл сөз тіркесінің 
атауыштық мазмұны төмендегідей: қарт әже - «жасы ұлғайған, еңбекке жарамсыз, ақылгөй 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет