«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет66/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

кеше айтқан сияқты. Бірінші сөйлемде сенімді, нақтыланған хабар туралы айтылса, екінші 
сөйлемдегі «сияқты» сөзі хабардың модальді мағынасын түрлендіруге себепші болған. Яғни, 
болжалды, жорамалды көзқарасты даралауға тірек болатын негізгі грамматикалық көрсеткіш 
ретінде қабылдаймыз.Сонымен қатар, модаль сөздердің семантикалық реңкі тек 
аналитикалық форманттар құрамынан ғана көрінбейді, олар зат есімдермен тіркесіп те 
модальді реңк үстеуге қабілетгі. Мысалы: Талай түсіп жүрген үйі тәрізді (М.Мағауин). 
Басқа бір жақтың, ырысты, берекелі ауылдың адамдары сияқты (М.Мағауин). Домбай 
сезімтал, сергек, әсершіл жігіт сияқты (М.Мағауин). 
Бұл салыстырулардан модаль сөздердің грамматикалық рөлін, сөйлеу әрекетінде 
көрініс беретін модальді мағынаны түрлендіруге септігі барын нақты ажыратамыз. Демек, 
олардың сөз табы ретіндегі дербестігін даралауға барлық негіз бар. 
Ал ғылыми негізде жүйелесек, модаль сөздердің бойында оның дербестігін 
танығатын категориялық мағына орын алған. Бұл туралы «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында 
А.Салқынбай төмендегідей ой қорытқан: «Модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде танытатын 
негізгі белгі - оның жалпы категориялық мағынасының болуы. Лебізде айтылатын хабарға 
сөйлеушінің жеке қатынасы мен көзқарасының болуы модаль сөздердің жалпы 
категориялық мағынасы болып саналады» (2, 310). Келтірілген ғылыми пікірлер және 
қолданыстағы модаль сөздердің ерекшелігі оларды модальділік санатының негізгі 
көрсеткіштері ретінде бағалауға мүмкіндік береді. 
Тіл білімінде модаль сөздерді арнайы зерттеген еңбектер олардың дербес сөз табы 
ретіндегі орнын анықтап берді. 
Бұған үлес қосқан, модаль сөздерді арнайы зерттеген ғалым - Е.Жанпейісов (3, 27-31). 
Автор модаль сөздердің қалыптасу тарихымен сабақтастыра, оның сөйлемдегі орнын, 
модальді реңк үстеудегі үлесін жан-жақты саралаған. 
Модаль сөздерді дербес сөз табы деп қарастырған зерттеуші - С.Исаев (4,290). 
Р.А.Камильджанова модаль сөздердің сөйлем аясындағы қолданысына назар аудара 
келе, олардың дербес, оқшау және етістік сөздермен бірлікте қолданысын сипаттайды. 
Автор осындай ерекшелігіне қарай модаль сөздерді «қыстырма модаль сөздер», 
««компонент құраушы модаль сөздер» деп жіктейді (5, 20-22). 
М.З.Закиев модаль сөздерді «етістік қызметіндегі» немесе «етістік құрамындағы» 
және «қыстырма сөздер қызметіндегі» деп топтастырып, сөйлем аясындағы модальді 
мағынаға әсерін арнайы талдаған (6, 350-352). 
Қ.Мамаділов модаль сөздердің қызметін етістіктің модальдық құрылымдарын 
талдаған еңбегінде қарастырған. Зерттеу еңбегінде модаль сөздер етістіктің модальді 
құрылымын қалыптастыратын тұрақты құрамды бөлігі ретінде танылған. Автор етістікті 
сөздермен бірлікте қолданылған модаль сөздердің ара қатынасын былай сипаттайды: «ЕМҚ 
- ЕАФ сияқты тілдегі аналитизм заңдылығының жемісі. ЕАФ-тың қапыптасуы оның 
кұрамындағы морфемалардың жеке қолданылғандағы мағынасынан айырылып, жалпы бір 


57
 
Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 
мағынаға, бір қызметке көшуімен байланысты. ЕМҚ-ның да қалыптасуы осыған ұқсас, ЕМҚ 
білдіретін модальдық мағына оның құрамындағы морфемаларың тығыз бірлігінен 
туындайды» (7, 11-12). 
Қазіргі модаль сөздердің сөйлемдегі қолданысын екі құрылымда кездестіруге болады. 
Біріншіден, кейбір модаль сөздер сөйлем құрылымында дербес қолданылса, кейбір 
құрылымдар етістікті тұлғалармен бірлікте жұмсалады. Осыған сәйкес модаль сөздерді 3-ке 
бөлеміз: 1) толық дербестенген модаль сөздер; 
2) 
жартылай дербестенген модаль сөздер; 3) дербестенбеген модаль сөздер. 
Толық дербестенген модаль сөздер қазіргі оқулықтарда «қыстырма сөздер» деп 
топталуда. Бұлардың сөз табына қатысы бірізді айтылмай жүр. Толық окшауланған модаль 
сөздердің семантикасы, модальді мағынаны түрлендіруге қосар үлесі өзгермегенмен, 
грамматикалық қолданысы оқшауланған. Кейбір оқулықтарда толық дербестенген модаль 
сөздер мен етістік құрамындағы модаль сөздерді екі түрлі грамматикалық категория деп 
қабылдаған. Бұл туралы А.Салқынбай: «Модаль сөздер мен қыстырма сөздердің арасында 
кейде ұқсастық болуы да ықтимал. Модаль сөздер көбінесе қыстырма сөздер ретінде 
қолданылуға бейім. Дей тұрғанмен Мәтіндегі қолданыс қызметі мен семантикалық 
құрылымы арқылы оларды екі грамматикалық категория ретінде ажырату маңызды. Модаль 
сөздерге предикативтік тән болса, қыстырма сөздер көп жағдайда сөздің басында немесе 
ортасында келеді» (2. 312). 
Біздің ойымызша, толық дербестенген модаль сөздер де о баста жетекші сөздердің 
құрамында айтылса керек. Сөйлемдегі сөздердің орын ауыстыруы, жылысу, ауысу 
кұбылысының салдарынан бұл модаль сөздер өзі тәуелді жетекші сөздерінен алшақтап, 
дербес интонациялық жікпен айтылатындай дәрежедегі сапалық өзгерістерге түскен. Бұл 
қатардағы модаль сөздерге: бәлкім, бәлки, әрине, әлбетте, анығында, шамасы, расы, 
расында, шынында, шындығында сөздері жатады. 
Қолданыста «сірә» модаль сөзі күдікті, болжал, жорамалды мағынаны ашуға тірек 
болады. Мысалы: Сірә, әкесі бір, шешесі бөлек болды (М.Мағауин). Төс жара болып қалар, 
сірә (М.Мағауин). Қасында, сірә, қала тұрғыны болса керек, интеллигент кейіпті жас 
жігіт бар (М.Мағауин). 
Бұл қатарға құптау, субъекті сенімін даралайтын «әрине» сөзін де жатқызамыз. 
Мысалы: Әрине, мен мұнымен өкініп тұрғаным жоқ бүгін (Ә.Нұршайықов). Әрине, атты 
солай суреттеу орынды (Ә Нұршайықов). Әрине,одан да қатты, анық айтылса 
(М.Мағауин). Содан соң киноға барамыз ба? - Әрине... (М.Мағауин). 
«Кім біледі» дербестенген модаль сөзінің мәтіндегі қызметі ауқымды. Бұл сөзді 
бірнеше мақсатта жұмсауға болады. Бірде субъектінің үмітін, бірде күдігін, бірде болжап
жорамалын, 
құптауын 
ажыратады. 
Яғни, 
қолданыста 
белсенділігімен, 
көп 
мағыналылығымен көзге түседі. Мысалы: Өлгенін өз көзіммен көргенім жоқ. Бір жерде жүр 
ме, кім білсін (М.Мағауин). Бәлкім, бір қарағанда біреуге біреу жаман көрінгенмен, негізінде 
ол жақсы адам боп шығар, кім білсін (Ә.Нұршайықов) сөйлемдерінде субъектінің үміті 
жанданса соңғы сөйлемдерде аталған модаль сөздің ықпалымен субъектінің болжалды, 
сенімсіз көзқарастары көрініс тапқан. Мысалы: Бұл қайраттың қай межеге жеткізерін, кім 
білсін?! (С.Досанов). 
Жартылай дербестенген модаль сөзге «мүмкін» сөзін жатқызуға болады (яғни, кейде 
сөйлем құрылымынан оқшауланып, кейде етістікті тұлғалармен бірлікте жұмсалады). 
Қыстырма сөздер құрамындағы «мүмкін» модаль сөзін қалыпты модаль сөздер қатарынан 
деп топшылауымызға негіз бар: 
1- 
ден, сөйлем құрылымынан оқшауланып тұрса да модальді мағына үстейтін 
семантикасын жоймайды; 
2- 
ден, қазіргі әдеби тілімізде «мүмкін» модаль сөзінің дербестену сатысынан 
хабардар ететін тілдік деректер де орын алған. Ойымызды төмендегі мысалдармен бекітуге 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет