58
Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серимы, Ко2 (32/,2010ж.
қажеттілігін аңғарамыз. Мұндай жағдайда модаль сөздердің орнын интонация
компоненттері толықтырады.
Жоғарыда талданған толық дербестенген модаль сөздердің
қалыптасуында да дәл
осындай өзгерістер болуы мүмкін. Мұндай өзгерістер грамматикалық заңдылықтың ішкі
әсерінен бірте-бірте қалыптасқан деп түйіндеуге болады.
Жинақталған мысалдар негізінде жіктесек, «мүмкін»
модаль сөзі көп қырлы
қызметімен көзге түседі. Төменде «мүмкін» модаль сөзі субъектінің үмітті көзқарасын
даралаган.
Бір қараға жетіп жығылсаң, мумкін, содан кейін апамды тауып алармын
(С.Досанов). Мүмкін, бүгін келе қоймас (С.Досанов).
Субъект аралық сенімсіз көзқарас та «мүмкін» модаль сөзінің ықпалымен жүйеленеді.
Мысалы:
Мүмкін, бозарып, қызарған өзің шығарсың (С.Досанов).
Жорамал, болжап реңктері «мүмкін» модаль сөзінің ықпалымен беріледі. Мысалы:
Мүмкін,болашақта қазіргіден көп болады (С.Досанов).Субъект аралық қарсылық,
наразылыққа «мүмкін» модаль сөзімен айқындалады. Мүмкін, оқудан шіріген миыңа бірдеңе
қонар (М.Мағауин).
«Мүмкін» модаль сөзі етістік сөздердің жетегінде де қолданылады. Көп жағдайда бұл
модаль сөз тұйық етістіктермен бірлікте жұмсалады. Мысалы;
Арты дауылға айналып кетуі
мүмкін (С.Досанов). Соңғы рет болуы да мүмкін (СДосанов). Қ.Мамаділ еңбегінде мұндай
құрылымдар етістікті-модальді құрылымдар деп арнайы зерттелген. Автор көрсеткендей, -у
мүмкін құрылымы тұрақтылығымен дараланды. Бір аңғарғанымыз, бұл құрылымдардың да
семантикалық ауқымы кең. Яғни, -у мүмкін тұлғасымен субъектінің әр түрлі модальді
көзқарасы айқындалады. Олардың модальді мағынасы мәтін
аясындағы сөйлем аралық
семантикалық заңдылықтарға бағына, сабақтала анықталады. Модаль сөздердің көп қырлы
қызметіне назар аударған А.Салқынбай оның ішкі себебін төмендегідей сипаттайды:
«Модаль сөздердің қалыптасуы сөздердің лебіздегі қолданысымен тікелей байланысты. Кез
келген жеке сөз табының пайда болуы оның сөйлемдегі кызметіне сай болатыны сияқты,
модаль сөздердің ішкі функционалдық-семантикалық құрылымы да қолданыста жасалып,
бірте-бірте қалыптасады. Модаль сөздердің ішкі мағыналық құрылымы мәтінде ашылады»
(2, 312).
Тұйық етістікпен тіркескен «мүмкін» модаль сөзінің қызметтік ауқымын, сөйлемдегі
белсенділігін төмендегі мысалдар көрсетеді:
1)
сенімсіз модальді мағынаны даралайды. Мысалы: Басына барып ойнауы
мүмкін. Қызық көргісі келіп мазаны алуы мумкін (М.Мағауин). ...Сол сәттерде ойлады ма
екен Мәжнүнді? Неғайбыл! Ләйлі Мәжнүнді түсіне қойды, тіпті, жай мүсіркеді дегенге
мен сенбеймін. Сырттай қызықтауы, өз атының жырға қосылып, ел аузына тарауын
тамашалауы мүмкін (М.Мағауин).
2)
күдікті көзқарасты ашады. Мысалы: Арты дауылға айналып кетуі мүмкін
(С.Досанов). Жаңағы жауыздардың бірі Сережаның жолын тосып жүруі мүмкін (С.
Достарыңызбен бөлісу: