Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет108/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   155
Томас Ланир Уильямс (1911-1983) Американың оңтүстігіндегі Миссисипи штатында дүниеге келген. Оның әкесі аяқ-киім сататын фирмада жұмыс істеген, анасы пірәдәрдің қызы бол­ған. Отбасында әкесі мен бала арасындағы қарым-қатынас жанжалға толы болады. Сол се­беп­ті ол 14 жасында ата-анасымен қатынасын үзіп, үйінен кетіп қалады, күн көру мақса­тын­да түрлі қызметтерді атқарады. Уильямс жастық шағынан бастап әдебиетке үлкен қызығушылық танытады. 1938 жылы университеттің өнер факультетін бітіріп, өзінің қабілетін драматург әрі сценарист ретінде сынап көріп, пьеса мен фильмдерге рецензия мен мақалалар жаза бастайды. 1944 жылы Нью-Йорк сахнасында қойылған «Шыны аң көрмесі» (1943) атты пьесасы үлкен жетістікке жетіп, «Арман трамвайы» (1947) атты пьесасы жазушыға үлкен табыс пен даңқ әкелді. Кейін аталған пьесасы мен «сынық шатырдағы мысық» (1955) атты еңбегі үшін Пулитцеровтық сыйлыққа ие болады.
Бұл шығармалардан Теннесси Уильямс драматургиясының ерекшелігін байқауға болады. Уильямстің «Шыны аң көрмесі» мен «Арман трамвайы» пьесасындағы Лаура мен Бланш секілді «Өрнектелген раушан гүлі» (1950), «Игуана түні» (1961) атты шығарма­ларындағы кейіпкерлер өздерінің рухани құндылықтарын сақтап қалу үшін қатыгездікті жеңу тиіс еді.


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар

  1. АҚШ әдебиетіндегі реалисттік және модернисттік бағытындағы шығармалар.

  2. Джон Апдайктің шығармашылығы ерекшелігіне тоқталыңыз.

  3. XX ғасырдың ортасы мен екінші жартысында америкалық драматургтардың көтерген мәселелері.

  4. Теннесси Уильямстың шығармашылығында трагедия тақырыбының алатын орны.

  5. У. Фолкнер мен Э. Фромм жайлы не айтасыз.

  6. «Жаңа америкалық қозғалыс» ұйымы қашан, қандай себептермен құрылды?

  7. Нәсілдік бөлуге қарсы болған қандай жазушылар болды, олардың шығармаларын атаңыз.

Латын Америкасы әдебиеті

ХХ ғ. Латын Америкасында әдебиет кеңейе түсіп, басқа ұлттық әдебиеттердің қата­рын­да түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Чилиден шыққан ақын Габриэль Мистраль (1889-1957) латын­америкалық әдебиетшілердің арасында алғашқылардың бірі болып 1945 жылы Нобель сый­лығының лауреаты атанады. Мұндай өзгерістер белгілі латынамерикалық әдебиетші­лер­дің авангардтық ізденістері арқылы жүзеге асады. Чилиден шыққан ақын Висенте Уидобро (1893-1948) суреткер өзінің меншікті эстетикалық дүниетанымын жасауы тиіс деген «Креасьонизм» тұжырымдамасын ұсынады. Ақынның испан тілінде жазыл­ған «Экваториал» (1918) ж­әне «Ұмытылған азамат» (1941) атты жинақ­тары мен француз тіліндегі «Квадратты горизонт» (1917), «Кенеттен» (1925) атты жинақтары жарыққа шығады.


Чили ақыны Пабло Неруда (1904-1973) Нобель сыйлығын иеленеді (1971). Шығарма­шы­лы­ғын авангардтық поэтикада бастаған ол «еркін өлең» арқылы ойын шебер жеткізіп, уа­қыт өте тікелей саяси сипаттағы поэзияға өтеді. Оның «Ымыртты», «Мекен-жайы – жер», «Қара­пайым заттарға арналған ода», «Қара­пайым заттарға арналған жаңа ода», «Чили құстары», «Аспан тастары» жинақ­тары үлкен сұранысқа ие болады. Оның соңғы «Никсонды өлтіруге ояну мен чили революциясына мадақ» атты кітабында Сальвадор Альенденің үкіметінің құлауынан кейін болған жан тебіренісін бейнелейді.
Латынамерикалық әдебиеттің көрнекті өкілі мексикалық ақын және эссеист, «Жабайы ай», «Адам түбірі», «Күн тасы», «Саламандра» және т.б. кітаптардың авторы Октавио Пас (1914-1998) 1990 ж. әдебиет саласындағы жетістіктері үшін Нобель сыйлығына ие болады.
ХХ ғ. ультраизм мен авангардтық бағыттағы аргентиналық ақын әрі прозаик Хорхе Луис Борхестің (1899-1968) шығармалары халық арасында кең тарап, үлкен сұранысқа ие болады. «Абыройсыздықтың жалпы тарихы», «Ажы­ра­ған жол бағы», «Қиял», «Алеф», «Жасаушы» атты әңгімелер жинақтары жазу­шы­ға бүкіл әлемдік атақ әкеледі.
Негризм афроамерикалық нәсілдер жайлы жазылған шығармалардың әдеби бағыты. Бұл бағыттың мақсаты әдебиетке қара нәсілдердің дүниетанымын енгізу болатын. Нәтижесінде латынамерикалық әдебиет байи түседі. Пуэртори­калық Луис Палес Матос (1898-1959) және кубалық Николас Гильеннің (1902-1989) еңбектері осы бағытта жазылған.
Латынамерикалық поэзияға перулық ақын Сесар Вальехоның (1892-1938) қосқан үлесі зор. Ол өзінің «Қара герольдтар» мен «Трильсе» атты алғашқы өлеңдер жинағында авангард­тық поэтиканы жасайды, оның «Адамдық өлең­дер» атты жинағы ақынның өлімінен кейін жарыққа шығып, Сесар Вальехоның шығармашылығындағы өзгерістерді көрсетеді.
Аргентиналық Роберто Арльтонның (1900-1942) пьесалары мен мексикалық Родольфо Усиглидің шығармалары (1905-1979) еуропалық драмалық дәстүрдің әсеріне ұшырайды.
ХХ ғасырдағы ірі прозаиктердің қатарына аргентиналық Эдуардо Мальеса­ны (1903-1982), Эрнесто Сабато (1911) мен Хулио Кортасарды (1924-1984), Мануэль Пуиг (1833-1990) пен уругвайлық Хуан Карлос Онеттиді (1909-1994), мексикалық Хуан Рульфо (1918-1984) мен Карлос Фуэнтесті (1929), кубалық Хосе Лесам Лима (1910-1976) мен Алехо Кар­пентьерді (1904-1980), бразилия­лық Жоржи Амадуды (1912) жатқызуға болады.
1982 жылы колумбиялық Габриэль Гарсия Маркес (1928) және 2004 жылы перулық Марио Варгас Льоса (1936) Нобель сыйлығын иеленді.
Аймақтық романды жасаушылардың қатарына уругвайлық Орасио Кирога­ны (1878-1937), колумбиялық Хосе Эустасио Ривера (1889-1928) мен аргенти­на­лық Рикардо Гуираль­десті (1886-1927), венесуэллалық Ромуло Гальегос (1864-1969) пен мексикалық Мариано Асуэланы (1873-1952) жатқызуға болады. Индихенизмнің дамуына эквадорлық Хорхе Икаса (1906-1978), перулық Сиро Алегриа (1909-1967) және Хосе Мария Аргедас (1911-1969), 1967 жылы Нобель сыйлығының лауреаты атанған гватемалық Мигель Анхель Астуриас (1899-1974) үлкен үлес қосады.
Латын Америкасының мәдени-тарихи және әдеби панорамасы ерекше сипатқа ие. Ол ибероамерикалық (испан тілді, португал тілді), үндіамерикалық, афроамерикалық, креольдық сияқты түрлі мәдени аймақтарға бөлінеді. Көпте­ген елдердің әдебиетін қамтитын Латын Америкасының әдебиеті өзіндік тарих пен этникалық ерекшеліктерге ие. Португал тілінде сөйлейтін Бразилия, үнді халқы басым Перу, Эквадор, Мексика, африкалық мәдениетке жақын Куба мен Венесуэлла және мәдени элементі жоқ Чили мен Ла-Плата елдері (Арген­тина мен Уругвай, Парагвай) отарлау саясатының құрбанына айналып, кейін еуропалық мәдениеттің әсеріне де ұшырайды. Түрлі этностардан құралған бұл елдердің әдебиеті де түрлі бағытта болады. Өзіндік ерекшелікке ие «сиқырлы» әдебиет уақыт өте келе бүкіл адамзатқа тән өзекті мәселелерді көтере бастады.
Латын Америкасының әдебиетін отарлауға дейінгі және отарлаудан кейінгі әдебиет деп екі кезіңде қарастыруға болады. Егер Солтүстік және Орталық Америкада испандық рең белгілері инк, ацтектер мен маяның бай мәдениетімен сіңісіп, елдің оңтүстігінде абори­гендерді ығыстыру нәтижесінде бос кеңістік қалыптасады. АҚШ экспансиясы Латын Америкасының антимилитаристік бағыт­ты айқындайды. 1910-1917 жылдардағы мексикалық төңкеріс Диастың диктатурасына қарсы бағытталып, бүкіл елді қамтиды. Азаматтық соғыстар мен «генералдық» төңкерістер ұлт-азаттық күреспен қатар жүреді. 1922-1924 ж. Бразилияда болған демократиялық офицерлік шерулер үлкен серпіліс тудырып, Престос бастаған күрес бүкіл елге жайылады. 1929-1930 ж. елде дағдарыс болып, диктаторлық режимдер күшейе түседі.
Латын Америкасының ұлттық әдебиеті испан және португал әдебиеттерінен бастау алып, дамудың ұзақ жолын бастан өткізеді. ХХ ғасырдағы көркем әде­биет­тің ұлттық ерекшелігін сол кездегі ақын-жазушылардың шығармашы­лы­ғынан көруге болады. Осы кезде Габриэль Мистральдің, Пабло Неруданың, Жоржи Амадудың және Хорхе Луис Борхестің есімдері бүкіл әлемге белгілі болады.
Бұл әдебиеттен Еуропаға еліктеуді де, өзіндік ерекше өрнегі бар, қайталан­бас мәдениеті де, романтикалық экзотиканы да көруге болады. Ол арқылы латынамерикалық құбылыстар мен оның ғажайыптығын және жалпы адамзат­тық мәнін терең түсінуге болады.
Латын Америка әдебиетінде түрлі бағыттар мен жанрлар, манифестер дүниеге келеді: кубалық «миноризмнен» (жас әдебиетшілердің радикалды және эстетикалық бағдарламасы) негрлік және әлеуметтік поэзияға дейін; «солтүстік-шығыс» романынан бастап «үнді» романына дейін; коплас пен «корридодан» бастап мексикалық халық поэзиясының дәстүрлі формасына, Гильендінің «сонасына» дейін, Борхестің элитарлы-рафинадталған стилінен Пабло Неруда­ның жанартау тектес поэзиясына дейін мысалға келтіруге болады.
Латын Америка әдебиетіндегі авангардтық бағыт Еуропаның ықпалы арқы­лы пайда болып, Кубада «вангуардизм», Мексикада «эстридентизм», Чилиде «креасьонизм», Аргенти­на­да «ультраизм» формасында қалыптасады. Бұл тәжірибелі поэзия қасіретті ғасырдың философиясына толы «таза өнер» бағдарламасына жақын, онда формалды ізденістерге үлкен зейін аударылады.
Испан–америкалық модернизмнің негізін қалаушылардың бірі никарагуа­лық ақын Рубен Дарио (1867-1916). Ол ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде өзінің өлеңдері мен прозасы арқылы көпшілікке мәлім болып, әдебиеттің дамуына айтарлықтай үлес қосады. 1905 жылы оның «Өмір мен үміт өлеңдері» атты жинғы жарық көреді. Дарио испан тілді поэзияға жаңа өлшемдер мен ырғақ­тарды енгізеді.
Латынамерикалық авангардизмнің теоретигі мен практигі ретінде чилилық Висенте Уидоброны (1893-1948) ерекше атап өтсе болады. Ол Еуропа жазушы­ларының дәстүрле­рімен тығыз байланысты болған. Парижде және Мадридте тұрып, Аполлинар мен Пикассо сын­ды тұлғалармен жақын араласып, өз шығармаларын француз және испан тілдерінде жаза­ды. Висенте Уидобро эквилибрист формасындағы әдеттен тыс ақын болатын. Ол креасьо­низм бағдар­ла­масын жасап, өз шығармашылығында осы бағыттың негізгі қағидаларына сүйенеді. Поэзия сыртқы дүниені емес, ішкі әлемді бейнелеуімен құнды деп санайды. Бұл принциптер Уидоброның «Су айнасы» атты жинағында толығы­мен келтірілгенОның шығар­ма­шы­лығына Аполли­нер айтарлықтай ықпалы етеді. Мұны ақынның «Экватордан» атты өлеңінен айқын байқауға болады.
Уидобро «Рух жаңғыры», «Квадратты горизонт» жинақтары мен «Эйфель мұнарасы» поэмасының және «Аспанды сілкіндіру» повесінің авторы ретінде танымал болады.
Авангардтық ағымның тарихы прозаик, ақын, эссеист Хорхе Луис Борхес­тен бастау алады. Борхес Швейцарияда білім алып, бірнеше жыл Испанияда тұрады. Ол осы жерде бастаған ісін Отанында жалғастырып, «Буэнос-Айрестің аптабы», «Алдымдағы ай», «Сан-Мартина дәптері» атты өлеңдер жинақтары мен бірқатар отандық және әлемдік әдебиетке арналған теориялық еңбектерін жазады. Борхестің әлі жаңа әлем жайлы философиялық тұрғыда астарлы жазылған әңгімелері үлкен жетістікке ие болып, жазушының даңқын әлемге паш етеді. Жазушының прозалық еңбектері бірнеше жылдық үзілістен кейін қайта жарыққа шығады. 30 ж. аргентина әдебиетіне тән жазушы­лардың тарих философиясына деген қызы­ғушы­лық­­тарына белгілі философ Хосе Ортега-и-Гассет мен Герман Кейзер­лингтің Буэнос-Айреске қонақ болып келуі ықпал етеді.
40 ж. бастапқы шенінде жарыққа шыққан Борхестің шығармала­рында ғарыштың кеңдігі, адамның әлсіздігі, уақыт пен кеңістіктің өзара байланысы көрсетіледі. Мамандығы бойын­ша филолог әрі жазушы «филосо­фия­лық ой толғаулар өнер туындыларынан кем түс­пейді» деп, кітапқа ұқсас мәдени үлгілерге зейін қояды. Борхес ғылыми фантастиканың тәсілдерін қолдана отырып, интеллектінің мүмкіндіктеріне күмән келтіреді. Жазушы ақыл­дың құдіретімен ашылған заңдардың орнына қиялдың күшін зерттеп, интеллектіні қауіптен қорғау керек деп ескертеді.
Борхестің прозасы әлемдік әдебиеттің классиктеріне сілтеме жасаумен, философтар мен ғалымдардың еңбектерінен алынған дәйексөздермен құнарланған. («Пьер Ме-нар», «Дон Кихот» авторы, «Кольридж түсі»). Оның әңгімелері ғылыми мақалаларға ұқсас және бірнеше нұсқасымен ұсынылып, адам мінез-құлқының түрлі механизмдерін талдайды, сонымен қатар өздігінен бұзылатын инстинктіні де ой толғауынан өткізеді («Вавилондағы лоторея»). Шығармалардағы детективті сюжет жазушының негізгі мақсаты емес. «Айрылған жол бағы» атты әңгімесінде «Бақ-інжіл кітабы» мифологиялық метафораның құпиясын анықтап, адамның алдын ала болжай алмайтын тағдырын бейнелеу үшін қолданылады. «Алғашқы үлкен қалалық» прозаик Латын Америкасында үлкен құрметке иеленіп, оның ойлау жүйесі мен дүниетанымы ғасырдың соңғы ширегінде әдебиет әлеміне үлкен сілкініс әкеледі. Жазушы көптеген жылдар бойы Аргентинаның ұлттық кітапханасының директоры қызметін атқарады.
Чили ақыны Габриэль Мистраль әдебиет саласында 1945 ж. Нобель сыйлығына иеленеді. Мектепте мұғалім қызметін атқарып, ұзақ уақыт Еуропа мен АҚШ-та дипло­матия­лық қызмет атқарады. «Ажал сонеттері», «Үмітсіздік», «Сезімталдық» атты өлеңдер жина­ғын­да жеке өмірінің қасіретін бейнелейді. Онда махаббат пен анаға арналып әнұран шырқа­лады, сүйгенінен айрылу мен жалғыздық сезімдері байқалады («Сольвейг өлеңі», «Строфа­лар», «Фонтан»).
Мистральдің «Тала» өлеңдер жинағында өлеңдер азаматтық мотивтермен көркемделіп, автор әлем тарихы мен Чили халқының тарихына алаңдайды. Ақын үнді мифтік ойлау поэ­зия­сында аңыз, құдай, түрлі тайпа (инк, майя, кечуа, аймара) батырлары туралы да жазады. Табиғатты жаратқанның құдіретті күші деп, қалыптасқан әдет-ғұрыптар мен мәңгілік даналықтың алдында бас иеді («Тропикалық күнге гимн», «Чили жері»). «...Өмір – алтын нанның тәтті дәмі, махаббат – мәңгілік, зұлымдықтың ғұмыры қысқа...» деген өлең жолдары ақынның өмірге деген құштарлығын байқатады.
Мистраль өзінің «Кредо» өлеңінде биік арман мен сүйіспеншілікке толы жүректің толғауын бейнелейді. Сүйіспеншілікпен егілген нәрсенің жақсылық­пен қаулап өсетіндігін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет