Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет31/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   155
Марк Туллий Цицерон (б.з.д. 106-43 ж.) - атақты адвокат, шешен, жазушы, саяси қайрат­кер. Цицерон Лациум қаласында дүниеге келеді. Грек және рим әдебиетінің синтезі Цицерон­ның шығармашылығында жан-жақты іске асырылды. Цицеронның өте бай әдеби мұрасы сақталды. Олар саяси батытта, сотта сөйлеген 58 сөзі, шешендік өнер, саясат, практи­ка­лық және теориялық философия туралы 19 трактаты, аса маңызды психологиялық құжат, латын тілінің ескерткіші және Римдегі азамат соғысы туралы деректеме болып табылатын 800-ден астам хаты бар.
Цицерон адвокаттық қызметіне б.з.д. 80-ші жылдардың аяғында кіріседі. 63 жылы ол консул болып сайланады, сол кезден бастап оның беделі қатты өседі. 48 жылы император Цезарь жеңгеннен кейін саясаттан қол үзіп, әдебиетпен айналысады. Сол кезде ол көптеген шығармалар: риторика­лық («Брут», «Шешен» - римдегі шешендік өнердің тарихы, стилі ту­ра­лы), философиялық трактаттар жазады. Цицерон Рим әдебиетінде бұрын болмаған көркем философиялық проза­ны жетілдіруді мақсат етті. Ол этика, метафизика, тану теориясының әр түрлі мәселеле­рін қамтитын және көпшілігін грек философиясының ең маңызды бағыт­тары­мен таныстыратын еңбектердің топтамасын шығарады. Цицеронның маңызды жетістікте­рінің бірі латын тілінің философиялық термино­логиясын шығару болып табылады.
Цицеронның жетістігі, оның грек философиясын Римге таныстыруында ғана емес, сонымен бірге өз еңбектерінде грек философиясын Римнің дәстүрлі болмысымен қатар қоя білуінде еді. Цицеронның корреспонденцияларының ішінде көлемі төрт том болатын мыңға тарта жазбасы белгілі. Сонымен бірге Цицеронның он алты кітаптан тұратын таныстарына жазған хаттарының құрамына өзі білмейтін адамдармен жазысқан хаттары да кіреді.
­Апулей Луций (б.з.д. 124 ж. шамасы - өлген жылы белгісіз) - Мадаврада туып-өскен атақ­­ты рим жазушысы. Дәулетті жанұядан шыққан. Карфагенде риторикалық білім алған, Афи­­ныда филолсофияны оқыған. Ол латын, грек тілдерінде жазады. Оның философиялық, жара­ты­лыстану тақырыптарына жазылған еңбек­тері, әр түрлі жанрда жазылған поэтикалық шығар­малары бар. Апулейдің грек тілінде жазған шығар­ма­ла­ры сақталмаған. Латын тілінде жазыл­ған шығармаларының көбі бізге жеткен. Олар филосо­фия­лық трактаттар және «Мета­мор­фоза» немесе «Алтын есек» атты үлкен роман. Әлем әдебиетіне Апулей «Алтын есек» рома­нының авторы болып кіреді. Романда II ғ. Рим провинциясы тұрғындарының тұрмысы, рухани өмірі бейнеленген. «Алтын есек» - Еуропа әдебиетіндегі бірінші психоло­гиялық роман.
Сиқыршы қасиетінің арқасында жануарға айналып, одан қайта адам кейпіне оралған адам туралы фольклорлық аңыз антикалық әдебиетте Апулейге дейін болған. «Метаморфоз­дар» - грек шығармасының өңделген түрі. Апулей грек жазушысы Лукиан шығармасының сюжетін көптеген жаңа эпизодтармен кеңейтті. Апулейдің финалы да Лукианнан өзгеше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет