Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет32/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   155
Цезарь (б.з.д. I ғ.). Гай Юлий Цезарь - ежелгі Римнің саяси қайраткері, қолбасшы- жазушысы. Ол - патрицийлік Юлийлер әулетінің өкілі. Бұл әулет өздерін Венера құдайы­ның ұрпақтары деп есептеген. Цезарь Сулла билеуші кезінде Римді тастап кетуге мәжбүр болады. Тек б.з.д. 78-ші жылы ғана Сулла кайтыс болғаннан кейін қайта оралып, саяси күреске арала­сады. Ол көп шығынды қажет ететін ойын-сауықтар, театр қойылымдары, гладиаторлық шайқастар, қоғам­дық түскі астар ұйымдастыру арқылы Рим азаматтарының арасында үлкен беделге ие болады. Б.з.б. 62-ші жылы претор, одан кейінгі екі жыл бойы Қиырдағы Испания провин­циясының билеушісі болған кезінде мүлтіксіз әкімшілдік және әскери талантын танытады. Помпей мен оның жақтаушылары Илерда, Фарсал, Тапс және Мунданы талқан қы­лып жеңген Цезарь Рим мемлекетінің басшысына айналады. Б.з.д. 44-ші жылы ол елде цен­зу­ра орнатады және оның бүкіл жарлықтарын сенат пен халық жиналысы алдын ала мақұл­дап отырады. Өз қолына бүкіл билікті алған Цезарь іс жүзінде басқарудың римдік республика­лық формаларын сақтаған монарх­қа айналады. Цезарьдің құрметіне қойылған ескерткіште «Жартылай құдай» деп жазылады және ол қойылған күн қоғамдық мереке болып жарияла­нады. Цезарьдің жеке-дара билікті күшейтуге ұмтылуы республикалық пиғылдағы ақсүйек­тер өкілдерінің ғана емес, оның бұрынғы жақтас­та­ры­ның да қатты наразылығына ұшырайды. Нәтижесінде, оған Г.Кассий мен М.Ю.Брутт бастаған 80-нен аса адам қатысқан топ қастан­дық ұйымдастырып, сенат мәжілісі кезінде өлтіреді.
Цезарь ел басқара жүріп жазушылықпен де айналысқан. Оның екі шығармасы - «Галл соғысы жөніндегі жазбалары» мен «Азамат соғысы жөніндегі жазбалары» бізге жетті. Бұл шығармалардағы ойға құрылған тұтас композиция қарапайым, түсінікті баяндау, кейіпкер­лер­дің нақты­лығы, жекелеген адамдар мен халықтарды сипаттау, көркем шұрайлы тіл оның жай ғана әуесқой еместігін көрсетеді.
Цезардың бізге жетпеген сөздері мен хаттарының жинақтары, екі памфлеті, бірнеше өлеңмен жазылған еңбектері, грамматика жөніндегі трактаты болғаны белгілі. XIX ғасырға дейін Еуропаның әскерилері Цезардің әскери өнерін оқып үйренді. Наполеон Цезардың еңбектерін әрбір офицер білуге тиісті деп есептеген. Цезардің стратегиясына негізгі соққы бағытын дұрыс анықтай білу, қарсыластардың алауыздығын пайдаланып, оларды жеке-жеке талқандау, батыл стратегиялық айла-тәсілді жүзеге асыру, жаяу әскер мен флоттың бірлескен қимылын ұйымдастыру тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет