Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет35/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   155
Овидий (б.з.д. I ғ.). Публий Овидий Назон б.з.д. 43-ші ж. Сульмоне қаласында дүниеге келген. Ол Римдегі ауқатты тектен шыққан. Әкесі баласын мемлекеттік шенеунік қылуға тырысқанымен, Овидий әкесінің ол үмітін ақтамайды.
Болашағы толық қамтамасыз етілген және мемлекеттік міндеттерден босатылған Ови­дий Римде жеңілтек өмір салтын жүргізуге кіріседі. Соншалықты зор дарынға ие бола тұра, ол өзінің поэзиясына жеңілтек бейнелер мен сарындарды жиі енгізеді. Ал, ол Августің ескіні жаңғырту, қатаң тәртіпті орнату саясатына қайшы келеді. Сондықтан Овидий өлеңдерінің Рим қоғамына теріс ықпалын көрген Август оны Рим империясының шеткі солтүстік-шығы­сын­дағы Томо (қазір қала Румынияда) қаласына жер аударуға бұйрық береді. Ақын шығар­ма­ларында өзінің Римдегі соңғы түнін, әйелімен, балаларымен қоштасуын, төгілген көз жа­сын, ұзақ та қауіпті теңіз жолында, бораннан аман қалғанын өте мұңды суреттермен бейне­леген. Әйеліне, достарына, Августке жазған хаттарында кешірім сұрайды. Бірақ Август те оның орнын басқан Тиберий де оның өтінішін қарамайды. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған Ови­дий бөтен елде өмір сүріп, он жыл шет жерде жүріп, б.з. 18-ші жылында Римнен алыс жерде дүние салады.
Шығармашылығының алғашқы кезеңі тек махаббат элегиясына арналған. «Кейіпкер­лер» немесе «Жолдамалар» мифологиялық кейіп­керлердің өз сүйгендеріне жолдаған 21 ха­ты­нан тұра­ды. Ал екінші кезеңінде өсіп келе жатқан империяны мадақтауға тырысады. «Өзгерістер» - бұл кезеңнің басты шығармасы. Бұл шығармада автор әдебиеттегі кең тараған әлеуметтік өзгерістерді, айналым­дарды кеңінен қолда­нады.
Овидий - өз шығармалары арқылы Рим әдебиетіне үлкен үлес қосқан ақын. Дарынды тұлғаның туындылары Рим әдебиетінің қарыштап дамуына септігін тигізді. Оның жоғарыда атал­ған шығармаларының әрқайсының өзіндік ерекшелігі, өзіндік құндылығы бар.
Сенека (б.з.д. I ғ.). Луций Анней Сенека - мемлекет қайраткері әрі әйгілі Рим жазушы­ла­­ры­ның бірі болған. Сенека Римде ритори­калық білім алып, оны философиялық дәріс алумен кеңейтеді. Сотион, Аттал, Фабиан Папирий Сенеканың философиялық ұстаздары бо­лады. Платон мен Эпикурге қызығушылығы басым бола тұрса да, ол өмірінің соңына дейін стоицизмге бейімділігін жоғалтпай сақтайды.
Оның әдеби мұралары философиялық шығармалар мен поэтикалық туындылардан тұрады. Бірінші топқа Тибериде зардап шеккен тарихшы Кремуций Кордтың қызы Марциге жұбаныш жолдау хаты, Гельвийдің анасы мен беделді де ерікті Клавдий Полибиге айдаудан жолдау хат. Екінші топтың мазмұнында этика мәселелері («Ашу-ыза туралы», «Өмірдің қыс­қа­лығы туралы», «Қайырымдылық туралы», «Бақытты өмір туралы», «Жанның жайлы­лығы туралы», «Данагөйдің шыдамдылығы туралы» т.б.), «Табиғи-ғылыми сұрақтар» мен «Луци­лиге мораль тақырыбындағы хаттар» жинағы.
Поэтикалық туындыларында өлтірілген император Клавдийге арналған «Асқабаққа айналу» сатирасы, эпиграммалар және «Есерленген Геркулес», «Трояндар», «Финикияндар», «Ме­дея», «Фед­ра», «Эдип», «Агамемнон», «Филет», «Этедегі Геркулес», «Октавия» деген 10 трагедиясы жатады.
«Шарапат туралы», «Адамгершілік туралы» трактаттарында ол «білімпаз монарх» идеа­­­лын суреттейді, сонымен бірге қалың топты жақтырмайды, құл иеленуші жоғарғы таптың көңіл-күйін бейнелейді.
Сенеканың барлық шығармалары (философиялық) дидактикалық, тәрбиелік мәні бар туындылар. Оның философиялық шығармаларының ерекшелігін бейнелі тілмен өрілген ан­титезалар, парадокстар, есте оңай сақталатын сентенциялар құрайды.
«Агамемнон» трагедиясында Сенека оқиға сюжеті арқылы қарапайым өмірді дәріп­тейді. Қарапайым өмірге қарама-қайшы трагедиялар ретінде байлардың мастығы мен тирандардың үстемдігі суреттеледі.
Қайта өрлеу дәуірінде де Сенека траге­дия­ларының маңызы зор болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет