Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет25/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68
Синтаксистің экспрессивтік стилистикалық қызметі. Сөздер, элементтік номинация құралы болуымен байланысты ауыспалы мағынада қолданылатыны сияқты, айтылымдар да (сөйлемдер) күрделі түрдегі номинация бірлігі бола отырып, екінші қабаттағы мағынаға ие.Мұнда «тіл тұтастығына сай келетін форма мен мазмұн арасындағы қозғалысты қатынас орын алады». Ойдың күшейтіліп, мәнерлі түрде айтылуы сөйлемнің экспрессивтілігі деп аталады. Сөйлем-айтылымдардағы экспрессивтіліктің мынадай синтаксистік берілу жолдары бар: сөйлеу тілінде және жазғанды оқығанда, дауыс ырғағын құбылту арқылы сөйлемге экспрессивтік мағына беру; бір ойды білдіретін болымды сөйлемнің орнына болымсыз сөйлемді жұмсау арқылы оған экспрессивті мағына қосу; баяндауыштың І жақтық жіктік жалғауын -мен, -бен, -пен түрінде жұмсау арқылы сөйлемнің мағынасын экспрессивті ету; сөйлемнің баяндауышын, кейде сөйлемнің түрін мәндес басқа сөздермен не басқа сөйлем түрімен ауыстырып айту арқылы экспрессивті мағына үстеу; сөйлемнің етістік баяндауышын қайталап екі рет айту да немесе есім, етістік баяндауыштардың алды-артына олардың мағыналарын күшейтетін сөз қою арқылы экспресивтікті күшейту.
Синтаксистік құрылымдардың синонимиясына трансформациялану құбылысы негіз болады. Ғалым М.Серғалиев синтаксистегі «трансформациялық дегеніміз – белгілі бір морфологиялық құрылымда келген конструкцияны өзімен мазмұндас екінші бір конструкцияға айналдыру»,- деп тұжырымдайды. Грамматикалық стилистиканың экспрессивтік стилистикалық құрылымдары сөздердің лексика-грамматикалық сипаты мен синтаксистік тіркесімдік қасиет-сапаларының сөйлеудегі қолданымдық ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Эллипсис – сөйлеу үстінде түсіріліп айтылатын, бірақ мәтін арқылы қалпына келтіруге болатын элемент. Эллипс сөйлемнің ықшамдылығын, әсерлілігін арттыратын стилистикалық тәсіл ретінде қолданылады.
Синтаксистің стилистикаға байланысты қарастырылатын маңызды мәселелердің бір шоғырын парентеза құрайды. Ғылымда парентезаны қыстырма сөйлем, қосымша сөйлем, парентетикалық қосылымдар деп анықтайды. Тіл білімі терминдерінің сөздігінде «сөйлемнің құрамына енгізілген, бірақ онымен грамматикалық байланысқа түспейтін, сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер» айтылады. Синтаксистік, ырғақтық, әуезділік тәрізді мәнерлілік белгілері поэтикалық экспрессивтілік туғызады. Парентеза ассоциативті негізде синтаксистік сөздер тізбегіне қосымша ақпарат қосады. Парентетикалық құрылымдар атқаратын қызметінің байлығына қарай экспрессивті стилистиканың өзге құбылыстарынан кем емес. Солардың кейбіреулері мыналар: айтылымның қандай да бір бөлігінің мәнін күшейту, идеяны айқындау, бағалау хабарламаның әсер ету күшін көбейту т.б.
4. Ойды жай хабар ретінде де, кісіге әсер ететіндей мәнерлі түрде де айтуға болады. Осындай, ойдың күшейтіліп, мәнерлі түрде айтылуын сөйлемнің экспрессивтілігі дейміз. Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері әр түрлі болады, олардың бастылары мыналар: 1. Бір ойды білдіретін болымды сөйлемнің орнына болымсыз сөйлемді жұмсау арқылы оған экспрессивті мағына қосуға болады. 2. Сөйлемнің баяндауышын, кейде сөйлемнің түрін мәндес басқа сөздермен не басқа сөйлем түрімен ауыстырып айту арқылы да оған экспрессивті мағына үстеуге болады. 3. Сөйлемнің етістік баяндауышын қайталап екі рет айту да немесе есім, етістік баяндауыштардың алды-артына олардың мағыналарын күшейтетін сөз қою да экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік амалы болады. Осы сияқты лепті сөйлем, қаратпа, сұраулы, атаулы сөйлемдердің де өзіндік экспрессивтік стилистикалық ерекшеліктерін айтуға болады. Грамматикалық стилистикадағы біртұтас сөйлем аясындағы экспрессивті құрылымдар, инверсия мен жалпылау да өзіндік сипатқа ие. Сегментацияның экспрессивті құрылымдары – парцелляция мен антиципация синтагмалық тізбектің мүшеленуінен жасалады. Қос мүшелі бірлестік болатын сегменттелген құрылымдар, бірінші бөлігі жеке позицияға шығады, ал айтылымның «темасы» деп аталатын екіншісі біріншісі туралы ақпаратқа ие («атаулы тема» немесе «атаулы көрініс» атауы осыдан шығады). Бұл Н.Х.Демисинованың монографиясында, Л.П.Борисованың жұмысында қарастырылған. Атаулы тақырып пен атаулы көріністің экспрессивтік синтаксистік құбылысы Л.Е.Майорованың зерттеу жұмысының нысаны болған.
5. Кісінің басқаға айтатын ойы әр уақытта мақсатты болады: кейде бір істің, бірдеңенің жайын хабарлауды мақсат етсек, кейде басқадан бірдеңені сұрап білуді мақсат етеміз. Немесе біреуге бірдеңе істетуді көздесек, кейде айтылған ойға айтушының көңіл күйін білдіруді көздеп сөйлейміз. Сөйлемнің хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті түрлері жұмсалуы мен мағыналық жақындығы не алшақтығы жағынан ерекше стильдік қызмет атқарады. Хабарлы сөйлем арқылы шындық өмірдегі әр түрлі құбылыстардың жайын бар не болмаған қалпында баяндаймыз. Бұйрықты сөйлемдер сөйлеу тілі стиліне тән, олар диалог түрінде ықшам, кейде қаратпа сөзді болады. Лепті сөйлемдер кісінің таңырқау, таңдану, қайғыру, аяу, арман ету сияқты көңіл күйін, сезімін білдіру үшін көбінесе көркем әдебиетте жұмсалады. Лепті сөйлемдер құрамында әдетте одағайлар болады және олар көтеріңкі дауыспен айтылады.
6. Сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелер, әсіресе баяндауыш, ойды дұрыс құрастыруға арқау болады. Бір сөйлем мүшесін мәндес не басқа сөздермен алмастыруға көркем әдебиет стилінің мүмкіндігі мол. Сөйлемнің мазмұнына ерекше стильдік өң кіргізіп, түрлендіріп тұратын мүше – баяндауыш. Ілік септігіндегі анықтауыш бір сөйлемде біреу болғанда да, оны жалғаулы не жалғаусыз етіп жұмсаудың стильдік, мағынадық ерекшеліктері болады. Сөйлем құрылысын жіптіктей етіп айтудың бір амалы – сөйлем мүшелерін дұрыс орналастыру. Сөйлемдердегі сөздердің орын тәртібінің қалай болуы жазушының, сөйлеушінің ықтиярындағы нәрсе емес. Ол жайында әрбір тілдің өзіне тән ішкі заңы, ережелері болады. Сөйлем құрағанда, соларды ескеріп, әр сөзді орнына қойып айтуда үлкен мән бар. Дұрыс құрылған сөйлемнің түсінігі де дұрыс, кісіге әсері де өзгеше болады. Баяндауыштың үйреншікті орны – сөйлемнің соңы. Сол орнын, өлеңді сөйлемдерде болмаса, көп өзгертпейді. Толықтауыштың сөйлемдегі қалыпты орны – баяндауыштың алды. Толықтауыштар бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдерде болмаса, хабарлы сөйлемдерде баяндауыштармен орын ауысып, баяндауыштың соңында келе бермейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет