Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет22/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68
Бақылау сұрақтары:
1. Ауызекі сөйлеу тіліндегі морфологиялық тұлғалардың өзіндік ерекшеліктері қандай?
2. Жазба тілге тән морфологиялық тұлғалардың өзіндік ерекшеліктері қандай?
3. Экспресивті-эмоциональды мән туғызатын морфологиялық тұлғалардың өзіндік ерекшеліктері қандай?
4. Жіктеу есімдігінің стиль түрлеріне қатысы қандай?
5. Белгісіздік есімдігінің стиль түрлеріне қатысы қандай?
6. Етістік тұлғаларының стиль түрлеріне қатысы қандай?
7. Көркем әдебиет стилі синтаксисінің өзіндік ерекшеліктері қандай?
8. Ғылым тілі синтаксисінің өзіндік ерекшеліктері қандай?
9. Сөйлеу тілі синтаксисінің өзіндік ерекшеліктері қандай болады?
10. Қаратпа сөздердің стиль түрлеріне қатысы қандай
11. Толымды және толымсыз сөйлемдердің стиль түрлеріне қатысы қандай?
12. Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері қандай?
13. Хабарлы, бұйрықты, лепті сөйлемдердің стиль түрлеріне қатысы қандай?
14. Сөйлем мүшелерінің стиль түрлеріне қатысы қандай?
Глоссарий
Морфологиялық тұлға – грамматикалық мағынаны берудің синтетикалық тәсілдерінің бір түрі.
Синтаксистік конструкция – синтаксистік құралдардың тілдің грамматикалық ережелерінің негізінде бірігуі.
Сөйлемнің экспрессивтілігі – ойдың күшейтіліп, мәнерлі түрде айтылуы


Сөз таптарының экспрессивтік стилистикалық ерекшелігі. Сөз таптарының экспрессивтік стилистикалық ерекшелігін зерттеуде олардың түрлі стильдердегі қолданысы басты назарда тұрады да, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, еліктеу сөздердің т.б. лексика-грамматикалық категориялардың стилистикалық белсенділігі мен мүмкіншілігін анықтау көзделеді.
Сөз таптарының экспрессивтік стилистикалық ерекшелігін зерттеудің тағы бір маңызды тұсы – сөз таптары мен түрлі морфологиялық формалардың экспрессивтік қызметін талдау. Грамматиканың көркемдегіш-мәнерлегіштік қасиет-сапасы мен мүмкіндіктерін, олардың көркем, публицистикалық шығармалардағы шығармашылық тұрғыдан игерілу тетіктерін анықтау экспрессивтік стилистиканың міндеті болып табылады.
Сөз таптарының стилистикасы сөз таптарын және сөз семантикасын зерттеу аясында да кеңінен дамыды. Ғалым Ш.Сарыбаев еліктеуіш сөздердің лексика-грамматикалық сипатын талдай келе, оның стилистикалық мүмкіншілігі жоғары екенін айтады. Тілші-ғалымдар Ә.Болғанбаев, Б.Сағындықұлы, Ф.Оразбаеваның зерттеулерінде сын есімдердің стилистикалық вариациясы мен синонимиясы зерттелді.
Сөз таптарының ішінде функционалдық және экспрессивтік тұрғыдан өзгермелі, қолданылу белсенділігімен танылатын сөздердің бір тобын зат есімдер мен етістіктер құрайды. Ғылыми зерттеулерде айтылып жүргендей, зат есімдердің стилистикалық қасиеті әсіресе кітаби стильдерде ерекше көрінеді, тек публицистиканың кейбір жанрларында және ресми іс-қағаздар стилінде ғана зат есімге қарағанда етістіктер көп қолданылып жатады. Сөз таптарының стилистикалық тұрғыдан кітаби тілдерде қолданысын анықтау арнайы статистикалық талдаулар жүргізіп, терең зерттеуді қажет ететін мәселе. Алдыңғы бөлімдерде жүргізілген талдаулардан байқалғандай, зат есімдер метафора, метонимия, антономазия, синекдоха, теңеу болу мүмкіндігі өте жоғары сөз табы болып табылады.
Адамның психологиялық жай-күйінің етістіктер арқылы суреттелуі оның процессуалдық қырын басты назарға алса, еліктеуіш сөздердің етістіктелуі адамның, табиғат, құбылыстың бір сәттік сезімдік суреттерін (қимылды) детальдап, неғұрлық айқын бейнелеуін көрсетеді. Көсемше тұлғасының әр өлең жолында қайталанып келіп, қысқа үзіліп отыруы автордың сол бір табиғаттың тамаша көркіне тамсанған сезім ырғағымен сәйкес өріліп отырады. Етістіктің -й көсемше тұлғасы да Абай шығармаларында экспрессияны жеткізуде пайдаланылған: Жайнаған туың жығылмай, Жасқанып жаудан тығылмай, Жасаулы жаудан бұрылмай, Жау жүрек жомарт құбылмай, Жақсы өмірің бұзылмай, Жас қуатың тозылмай... Жақсы өліпсің, япырмай! (Абай). Інісі Оспанның өліміне «аһ» ұрған ақынның күрсініс ырғағымен орайлас шыққан й қосымша ерекше экспрессия құралына айналған. Осы сияқты -мақ, -мек тұлғаларының да стильдік қолданысы әр контексте түрлі мақсатта жұмсалып отырады. Етістік сөз табына тән категориялардың экспрессивтік қызметі сан алуан болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет