Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет26/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68
Тапсырма:
1. Сөйлем ішінде берілген барыс септіктерді басқа септіктермен ауыстырып жазыңыз.
Терезе алдындағы алма ағашы бөлмеге күн сәулесін түсірмейді (Газеттен). Ол от-дәріні қай жерге сақтайды, қайтеді – ол жағынан хабарсыз болды (І.Есенберлин). Төрт түлікке толды аймақ, осынау ауылым колхозда (Жамбыл).
2. Берілген сөздердің морфологиялық тұлғасы мен синтаксистік конструкциясын жазыңыз.
Үлгі: Мақтаншақ – мақтанғанды жақсы көретін адам;
Мақтану, ашу, білу, дінді бұзу.
3. Берілген сөйлемдердің қандай стильге жататынын анықтаңыз.
Заводтың бірінші цехы айлық жоспарды артығырақ орындады. Өзен жағалары далаңқы жерлерден шөптірек. Байлауы жоқ шешеннен үндемейтін есті артық, бәйге алмайтын жүйріктен белі жуан бесті артық. Қазір ол сұңғақтау, талдырмаш бойлы, қызыл шырайлы, жіңішкелеу қыр мұрынды сұлу қыз болыпты. Ол қырбықтау ғана мұрты бар, шаһарша киінген, басында дөңгелек қара барқыт тақиясы бар, көк көздеу, шашы мен мұрты сарғылт, ақ құба өңді татардың жас жігіті. Кеше ыстықтау еді, күн бүгін самалды қоңыржай екен. Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, бейне бір ұқсатамын туған айға. Осы жиынға келетін ең қадірлі, ең сыйлы деген елдің қонағын берсін депті.
4. Көп нүктенің орнына экспрессивтілік мән туғызатын күрделі етістіктер қойып жазыңыз.
Тек қисайта киген пилотка ғана қызыл шырайлы жас өңіріне ойнақы еркелік беріп ... . Көше бойлай ойланып келе жатып, Асан кездескен киоскіден аты-жөнін қарамай бір кітапты ... . Асан қарындасын Алматыға ... . Осы баланы біз ... қайтеді? – деді Мәшік Нұртазаға.
5. Мен Ақтөбеге оқуға келдім деген сөйлемдегі мақсат пысықтауыштың тұлғасын түрлендіріп жазыңыз.
6. Берілген күмәндану мәніндегі сөйлемдерді болжалдық мәндегі сөйлемдерге айналдырыңыз.
Үлгі: Жолаушылар жүріп кетіпті – Жолаушылар жүріп кеткен шығар.
Жолаушылар жүріп кеткен көрінеді –
Жолаушылар жүріп кетсе керек –
Жолаушылар жүріп кеткен сияқты –
Жолаушылар жүріп кеткенге ұқсайды –

14 практикалық сабақ тақырыбы: Тіл мәдениеті және стилистика


Сабақ жоспары

  1. Сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті

  2. Тіл мәдениетінің өлшемдері мен оған қойылатын талаптар

  3. Экспрессивтік стилистика және сөз мәдениеті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет