Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет24/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68
Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап- жалаңаш
Бейне бір ұқсамайтын туғанайға (Абай)
Сан есім- сөз таптарының ішінде стильдік мәні бейнелі тәсілдің аумағында емес, тура және нақты мағына беруде жиі қолданылады. Пифагордың «Дүниені сан билейді» деген сөз бар. Қазіргі уақытта сан есім нақты ғылымның зерттеу нысаны бола отырып, ғылым мен техниканың даму барысында «цифр тілі» дүниеге келді. Осыған байланысты қоғам өмірінде үлкен ақпараттық деректеменің негізгі көрсеткіші ретінде сан есім нақты стильдік жүк атқара алады.
Мәселен, публицистикалық стильде сан есім белгілі ситуативті мәтіндердің нақты мәліметтерін көрсетуде ерекшк сөйлеу экспрессиясының қайнар көзі болып табылады. 2 миллион адам жазып, оқи алмайды, 40 000 адам орыс мектебінде білім алуда, республикада 500 мың адам тіс ауруымен ауырады («Хабар» арнасынан М.Шахановтың парлементте сөйлеген сөзі)
Ауыз әдебиеті үлгілерінде, батырлық жырларда эпикалық сан есімдер жиі кездеседі: Алты қанат ақ орда, талты құлаш ақ найза, алты қарыс азулымен айқасқан арыстан батырдың сыртқы «дизайндық» көркінің моделі сандық жүйемен бейнеленген.
Сол сияқты миллион ақша ұстап жүр деген сияқты сан есім біртіндеп кқркемдік тәсілге айналып барады.
Адам өмірінің «өмір» деп аталатын кеістігінің әлеуметтік сырын көрсетуші категория ретінде ауыз әдебиетінде, жалпыхалықтық тілде жиі қолданылған қайран жиырма бес, орда бұзар отыз жас, қылшылдаған қырық, селкілдеген сексен адамға берілген жастың мөлшеріндегі ерекшелігін анықтау сан есімге тиіп, стильдік эмоция атқара алады.
Есімдік мағынасындағы сөздер белгілі ойды беруде алуан түрлі мағыналылық реңкке ие болады.
Сен- жекелік ұғымды беретін жіктеу есімдігі, II жағы, тыңдаушыға, жасы кіші, сырлас адамдарына арналып, жанды, жансыз заттардың орнына қолданыла береді. Жазушы төмендіге сөйлемде сен есімдігін қолдану арқылы кейіпкердің жан дүниесін, ашуға толы жүзін елестеді.

  • Сен қанқұйлы тамам елді жылатып болдың ғой, оы итаршылықты қоямырсын? (М.Әуезов)

Айтылып, хабарланып отырған іс-әрекеттің иесі етістіктің жақтық қосымшалары арқылы көрінетіні бәлім. Алайда кейбір кеңсе қағздарында, мысалы, акт қағаздарында, қолхат, сенімхаттарда бірінші және үшінші жақ білдіретін сөздер қосарынан қолданылады. Тұйық етістік іс-қағаздарында, ғылыми әдебиеттер тілінде белгілі бір әрекет-қимылдардың, құбылыстың атауы ретінде аса жиі қолданылады.
3. Синтаксистік стилистика «толғауы тоқсан» тілдің ой-өрнегін дұрыс құру(құрастыру)мүмкіншілігін қарастырады, сөз маржанын тани білуді, сөйлемді дұрыс құруды үйретеді.Әрбір стильдің синтаксисінде өзіне тән ерекшеліктері болады. Мысалы, нақышы мол көркем тіл үлгілерін көркем әдебиет стилінен, синтаксистік амалдарды күрделі, дәлме-дәл пайдаланып, сөйлемдерді қатал құрау үлгілерін ғылыми әдебиет стилінен байқаймыз. Әсіресе ғылыми стильде жазған адам ойының дәлме-дәл айтылуын көздейді. Ол логикалық байланыстағы ойды бұлтартпай, әрі дұрыс білдіретіндей тіл мүмкіншіліктерін пайдаланып, тура мағыналарында жұмсауға тырысады. Сондықтан ғылыми стиль синтаксисінде күрделі құрам, құрмалас сөйлемдер жиі қолданылады. Әдеби тілдің қай стилінде болмасын, оның бәріне тән нәрсе – ой айқындылығы. Ол үшін сөйлем дұрыс құралу керек. Осы талап тұрғысынан әдеби тілдің сөйлемдері әбден қиюластырылып, сөздері рет-ретімен орналастырылып, синтаксистік басқа да тәсілдер белгілі қалыпқа түсіріліп жазылады. Әдеби тілде жазып отырған не сөйлеп тұрған кісі сөйлем құраудың бұл талаптарын да, оған керекті синтаксистік мүмкіншіліктерін де жақсы білуге тиіс. Сөйлеу тілінің синтаксисі әрдайым жүйелі бола бермейді. Өйткені адамдар өз ара қарым-қатынас жасауда біріне-бірі әр алуан өмір әрекетінің жайын сөз қылады. Ондайда олар айтпақ пікірін алдын ала ойланып алмай да сөйлей береді. Тіпті ойын ойланып, толғанып сөйлегенімен, оның сөйлем құрауында тілдік нормалар сақтала бермеуі мүмкін. Әдетте сөйлеу тілінің синтаксисі қарапайым, сөйлемдері қысқа-қысқа, көбіне толымсыз болады. Біздің басқаға хабарлайтын ойымыз жеке сөйлемдермен шектелмей, ұласа айтылған көптеген сөйлемдер қатарымен тиянақталып тұрады. Сондықтан сөйлем тізбектері бір-бірімен өз ара дұрыс байланыста болуға тиіс. Бұл – стилистика ғылымының басты талабының бірі. Сөйлеу тілі стилінде түсінігі ауыр күрделі орамдар, шұбатылған аралас құрмалас сөйлемдер көп айтылмайды. Ғылыми әдебиеттер стиліне де сондай талаптар қойылады, бірақ оқып түсінуге, кейде тыңдап ұғынуға арналған ғылыми еңбек, баяндамалардың мәтіндерінде күрделенген орамдар, құрмалас сөйлемдер, сірестіріп құрастырған жайылма сөйлемдер жиі ұшырайды. Сөз зергері мақсатты ойдың тек түсінікті болуын ғана емес, көркем, әсерлі болуын да көздейді. Ол үшін сөз орамын түрлендіріп, нақыштап, барынша жатық етіп құруға тырысады. Сөйлемдегі бір сөзді, кейде сөз тіркесін сол сөйлемде не көрші сөйлемде қайталаудың ерекше стильдік қызмет атқаратын да орны бар. Сөйлем стилін түрлендіруде қаратпа, қыстырма сөздердің де қызметі ерекше. Олар сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланыста айтылмағанымен, мағыналық байланыста жұмсалып, ойды тартымды, әсерлі, дәл түсіндіруге үлкен қызмет атқарады. Қаратпа сөз әсіресе шешендік сөзде, үндеуде, диалогты сөйлемде, кім үшін, кімге қарап, неге арналғанын және сөйлеушінің ішкі сезімін аңғарту үшін жұмсалады. Толымды сөйлемнің сипаттамасы – белгілі ойға керекті сөздердің сөйлем ішінде түп-түгел айтылатындығы. Ол үшін сөздің санының көп болуы шарт емес. Сөйтіп, ойды кейде толымды сөйлем арқылы айту жөн болса, кейде толымсыз сөйлем арқылы айтқан жөн. Толымды сөйлемдер ғылыми әдебиет стилінде жиі қолданылады да, толымсыз сөйлемдер ауызекі сөйлеу тілінде, көркем әдебиетте жиі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет