Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет31/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68
Тапсырма:
1. Төмендегі сөйлемдерден жаңа қолданыстағы сөздерді теріп жазып, олардың қалыптану-қалыптанбау (кодификациялану) сипатына талдау жасаңыз.
Тарихи дерекнама көзіне сүйенер болсақ, ХХ ғасырдың өзінде Түркістан шаһарында медресе жұмыс істегені мәлім. Балалар кешке дейін спорт алаңында аяқдоп ойнап, үйлеріне қайтты (Газеттен). Қазіргі жаһандану дәуірінде ел экономикасын жақсарту жолында мемлекеттік тұрғыдан игі істер атқарыла бастады. Бүгінгі мәжіліс жабық есік жағдайында өтті. Қазақ киносының саңлақ сахнагері Асанҽлі Әшімовпен жылы жүздесу болды. Дәмқосар – тағамның дҽмін кіргізу үшін пайдаланылатын қоспа. 6.Еншілес кәсіпорындар мен мекемелер аталған қоғамдық ұйымдарға демеуші болуға ынта білдіреді(Газеттен).
2. Сөз байлығы – сөздің коммуникативтік сапасының бір түрі екендігін қысқаша сипаттай отырып, төмендегі үзіндіден автордың сөз байлығын танытатын амал-тәсілдерді тауып, өрнекті сөз қолданысына талдау жасаңыз.
Жалақор адамның жамандығы – бықсыған кҿмір секілді, күйдірмесе де күйе жұқтырады. Қараптан қарап тұрған Тұрар демде «бұзық» атанды. Әкенің тармаңдай тағдыры балаға мирас болған қандай сор. Ойға салса, Рыскұл өткен қиямет көпірлер Тұрардың да алдынан шығып жатыр. Әділетсіздікке шыдай алмай ол да осылай қан шығарып алған. Бұл шайқастан Тұрар бір нҽрсені сабақ тұтты; төбелестің екен – қан шығармай төбелес. Атамырзаның қоңқақ мұрнына қол тигізіп керегі жоқ еді,әрине. Атамырзаны бәлеге бастап тұрған қара жүректің қақ басынан ұру лазым. Асылы қол жұмсамай, ақылмен жеңген де абзал. Ашу үстіндегі әрекет әрқашан әбес. Ол әрекет – дауыл кезінде кемеге мінгенмен барабар болса керек. Кемеге мінемін десең, дауылдың басылғанын күт...
Қарлығаш, сен де жыртқышсың. Мына мен де жыртқышпын. Талай аңның қанын төктім. Бірақ, біздің жыртқыштығымыз құдай-тағаланың құдіретінен аттап өтпейді. Жаратылыстың ҿзі солай жазып қойған. Мен арқар атсам: «Е, жануар, сенің жазығың жоқ, аш отырған адамдардың азығы жоқ» деп атамын. Ал, қарлығаш, сен болсаң ұядағы балапаныңды асырайсың. Бірақ, адамды адам өлтіргенін не деп түсіндіруге болады? Қарлығаш қарлығашты сірә өлтірмес. Кеше ғой Ахат айтты: «Қасқыр да қастық қылмас жолдасына» деп. Сонда адам баласы қасқырдан да қорқау болғаны ма? Бір атаның баласы бірін-бірі қабырғасын күйретіп, өкпе-бауырын езіп жібере алады екен. Неге бұлай? Кұдай-ау, неге бұлай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет