Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



бет34/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68
Тест тапсырмалары
1-нұсқа


1. «Айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек» деген пікірін А.Байтұрсынұлы қай мақаласында келтіреді?
А) «Стиль – өнер ерекшелігі»; B) «Тіл тағылымы»; C) «Тіл құрал»; Д) «Тіл қисыны»; E) «Әдебиеттанытқыш».
2. Тіл нормасы дегеніміз ?
А) Адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстар;
В) Тіл құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің сыртқы көрінісі;
С) Өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі;
Д) Жағдайға байланысты сөйлеу мәнері;
Е) Комуникативтік қызмет кезінде әлі қалыптасып бекімеген, жалпылама жұртқа түсініксіз тілдік құрылымдар.
3. Кітаби-жазба стильге қандай стиль жатады?
A) Іс-қағаздары мен ресми стиль, публицистикалық стиль, ғылыми стиль, көркем әдебиет стилі;
B) Сөйлеу тілі стилі, іс-қағаздары мен ресми стиль, публицистикалық стиль, ғылыми стиль, көркем әдебиет стилі;
C) Ауызекі сөйлеу стилі, ресми-іс-қағаздар стилі, публицистикалық стиль, ғылыми стиль, көркем әдебиет стилі;
Д) Стильдердің жазбаша формасы;
E) Сөйлеу тілі лексикасы, бейтарап лексика, кітаби лексика.
4. Лексика дегеніміз?
А) Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы, оның сөздік қоры;
В) Сөздік құрылымның негізгі ұйытқысы, қайнар бұлағы шығу арналарының ең маңызды бөлігі;
С) Тілдің өзінің құрамының бір единицасы деген сөз;
Д) Тіл құрамындағы белгілі элементтің немесе сөз тіркестерінің дербес атауыш сөз мағынасын иеленуі немесе тұрақты тіркестің біртұтас сөз мағынасында жұмсалуы;
Е) Зат, құбылыс, қасиет, іс-әркет туралы түсініктің адамның ой-санасында бейнеленуіне және орнығуына ықпал ететін сөз мағынасы.
5. Фразеология дегеніміз?
А) Сөз туралы ілім;
В) Тіл білімінің сөздер мен сөздік тұлғалардың шығу тегін, төркінін, даму тарихын зерттейтін саласы;
С) Тіл білімінің тұрақты тіркестерді зерттейтін саласы;
Д) Сөздік жасаудың теориясы мен ұстанымдары, сөздік жасау ісі мен тәжірибесі;
Е) Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет