1.Стилистиканың зерттейтін нысаны: А. Тіл құрылымдарының элементтерін,олардың байланысы мен қатынасын эстетикалық қызметі тұрғысынан зерттейді;
В. Тіл деңгейлерінің стилистикасын зерттейді;
С. Тілдің мағыналық аспектісін зерттейді;
Д. Тілдің экспрессивті-эмоционалды реңкін зерттейді;
Е. Тіліміздегі барлық тілдік,фонетикалық,лексикалық,грамматикалық құралдардың адамның өз ойын берудегі қолданысының ерекшеліктері және тілдік құралдарды таңдаудың принциптерін,тиімділік жолдарын зерттейді;
2. Стилистиканың міндеті: А. Стилистикалық норма туралы іліммен таныстыру;
В. Тілдің стилистикалық ресурсын таныту;
С. Тілді дұрыс,тиімді қолданудың жолдарын үйрету;
Д. Тілдің функциясын зерттеу;
Е. Аталғандардың барлығы;
3. Стилистиканың негізгі зерттеу бағыттары: А. 2;
В. 5;
С. 3;
Д. 4;
Е. 6;
4. Тіл стилистикасының зерттейтін нысаны: А. Тілдің синонимиясы ;
В. Тілдік құралдардың түрлі дәрежедегі эмоционалдық,экспрессивтік қасиеттері;
С. Тілдік құралдардың бағалаушылық қасиеттері;
Д. Тілдің әртүрлі қызметінің құрылымдық бейнесі;
Е. Аталғандардың барлығы;
5. Сөйлеу стилистикасының зерттейтін нысаны: А. Қоғамдық өмірде қалыптасқан сөйлеудің композициялық жүйесі;
В. Тілдің және оның стильдерінің түрлі монологтық,диалогтық сөйлесімдердегі қолданысы;
С. Тіл қызметінің құрылымдық бейнесінің қоғамдық болмыстағы нақты қолданысы;
Д. Тілдің құрылымдық бейнесінің сөйлудегі вариативтік,синонимиялық қолданысы;
Е. Аталғандардың барлығы;
6. Көркем әдебиет стилистикасының зерттейтін нысаны: А. Әдебиеттің құрылымдық формаларының эстетикалық табиғаты мен күшін,қасиетін зерттеу;
В. Тіл және сөйлеу стильдерінің көркемдік ерекшелігі;
С. Тек қана өлең мәтіндердің көркемдік ұйымдасуы;
Д. Түрлі әдеби мектеп пен ағымдардың,дара стильдің көркем сөз жүйесін зерттеу;
Е. Аталғандардың барлығы;
7. Көркем бейнелеуде тілдік құралдардың берілу жолдарын,орналасуын шығарманы тұтас күйде алып талдайтын немесе автор бейнесі мен кейіпкерлердің жүйесін т.б. көркем ерекшеліктерін зерттейтін стилистика: А. Фоностилистика;
В. Көркем әдебиет стилистикасы;
С. Лингвостилистика;
Д. Лексикалық стилистика;
Е. Мәтін стилистикасы;