Филология ғылымдарының докторы,профессор Д. А.Әлкебаева., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


Метонимия қай стильдерде мүлде қолданылмайды?



бет52/68
Дата24.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#75933
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68
18. Метонимия қай стильдерде мүлде қолданылмайды?
А) Ресми стиль, ғылыми стиль;
В) Ресми стиль, көркем әдебиет стилі;
С) Публицистикалық стиль, ғылыми стиль;
Д) Сөйлеу тілі стилі, көркем әдебиет стилі;
Е) Барлық стильдерде.
19. Қимыл, іс-әркеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіретін ауыспалы осы шақ ғылыми тіл мен көркем әдебиет тілінде қандай тұлғада келеді?
А) -ып/-іп/-п тұлғалы көсемшенің жіктелген түрі;
В) -ғалы/-гелі, -қалы/-келі тұлғалы көсемшенің жіктелген түрі;
С) -ған/-ген, -қан/-кен тұлғалы есімшенің жіктелген түрі;
Д) -а/-е/-й тұлғалы көсемшенің жіктелген түрі;
Е) -ар/-р/-р тұлғалы есімшенің жіктелген түрі.
20. Төмендегілердің қайсысы көркем әдебиет стиліне тән?
А) – Жұмысқа баратырмын. – Жүргесін төлеймін;
В) Қаулыны орындау, қол қою, мөр басу;
С) Серпімділік күші, соғу екпіні;
Д) Қарқынды еңбек, саяси сабақ, қызу құттықтау;
Е) Мидай дала. Жарық ай.
21. Бұйрықты сөйлемдер қай стильде қолданылмайды?
А) Публицистикалық стильде;

В) Көркем әдебиет стилінде;


С) Сөйлеу тілі стилінде;
Д) Ғылыми стильде;
Е) Ресми стильде.
22. Форма дегеніміз ?
А) Адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстар;
В) Тіл құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің сыртқы көрінісі;
С) Өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі;
Д) Жағдайға байланысты сөйлеу мәнері;
Е) Тіл құрылымдарының жәрдемімен болатын сөйлеудің ішкі мазмұны.
23. Лексикология дегеніміз?
А) Қолданбалы тіл білімінің өз алдына бөлек, жетекші саласы;
В) Сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілеттілігін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, сан қилы стильдік мәні мен сипатын тексеретін тіл білімінің саласы;
С) Сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы;
Д) Тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы;
Е) Заттар мен ұғымдардың, құбылыстар мен түсініктердің аталуы үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет