Филология және көптілді білім беру институты


Ойшылдың көтерген қоғамдық мәселелері



бет2/3
Дата09.04.2022
өлшемі50,1 Kb.
#30437
1   2   3
Байланысты:
Бұлбұл МӨЖ Қосымова Т.Т.Д

Ойшылдың көтерген қоғамдық мәселелері
2.


Ойшылдың негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетінемен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан арқылы ойшыл оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады



Ойшылдың пікірінше, білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алын алу үшін қажет. Білім- адамның өз болмысын танып білуге, иманын жетілдіруге,өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол


.


 Бұл шығармада түрлі қоғамдық топқа жататын адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті адамгершілік, әдептілік мәселелері көтеріледі. Сондай-ақ білімді адамдар өмір сүретін мінсіз қоғам нормалары жайлы, әлеуметтік мәртебесі әрқилы қоғам мүшелерінің мінез-құлық ережесі, сондай-ақ басқарушы және бағынушылар арасындағы ара қатынас қағидалары баяндалады. Бұл еңбегінде ойшыл бақытты, салауатты өмір сүру үшін және қоғамның ахлақтық негізі үшін әдептік ұстанымдарды белгілейді.Ойшыл ғалымның пайысдауы бойынша, егер адамда ізгілікке қарсы тұратын белгілерді жеңетін күш жоқ болса, онда ұнамды сапалар жойылады, жоғалып кетеді. Бұл құндылықтар мен олардың жауы мыналар:біріншісі – ақыл, оны ашулану, өшігу күңгірттендіреді; екіншісі - достық, оны күншілдік бұзады; үшіншісі - ұят, оны тойымсыздық, ашкөздік жояды;төртіншісі - жақсы тәрбие; оған нашар орта әсер етуі мүмкін, бесіншісі - бақыт, ал оны қызғаншақтық бүлдіреді.


3. Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас еді



«Кісі көркі – жүз, жүздің көркі – көз,

  Ауыз көркі – тіл, тілдің  көркі – сөз






Қара жерге жасыл көктен келді сөз,

Сөзбен адам ұлы болды, енді сез!

...Көп сөйлеме, аз айт бір-ер түйірін,

Бір сөзбен шеш түмән сөздің түйінін.





(Көрген емен көбік сөзбен оңғанды,

Тобықтай түй тоқсан ауыз толғамды!)

Сөз кісіні ұлы қылар, бек қылар,

Көп сөз басты қара жерге кеп тығар.





Көп сөйлесең, "Езбесің" - деп жек көрер,

Сөйлемесең, "Мылқау" - екен, деп сөгер!

Бұлай болса, тең ортасы - керегің,

Тілге ұстамды болсаң, өсер беделің!

Тіліңді бақ, басың аман болады,

Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады.





Білімдіден өнеге ал, ей надан!)

Туған өлер, көрсең қалар белгісіз,

Сөзіңді ізгі сөйле, өлсең де өлгісіз!

Қос нәрсені шалмас қарттық құрығы:

Бірі - ізгі сөз, бірі ізгі құлығы!

Туған адам өліп сөзі қалады,

Өзі кетіп, ізгі аты қалады!




«Ашуда сақ, сабырлы бол сасқанда.

       Дайындала жүр, өлімді де ұмытпай,

       ...Тегіңді біл, өзіңді де ұмытпай.

       Садақа қыл өзің тауар, барыңды,

       Сүйіндіріп еліңді, ұлық қауымды.

       ...Жомарт сақи болып, тұз-дәм татырған,

       Кісі айыбын ашпа, сөкпе, жасырған!

       ...Ата «Ұл-қыз! – деп, жанын бағып жата алмас,

       Атасының атын ұл-қыз атамас»

       ...Ел аузында қаңқу сөзден кетейін.



Осы еңбекте кездескен цитаталарды өмірдегі түрлі ситуацяларда қолданып жүргеніміз бар.

Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеумен өзара үндесіп жатыр. Яғни:

«Біріншіден, адамдар өмір сүретін қоғамның тӛрт тұғыры «Құтты білік» кейіпкерлерінің тағылымдық принциптеріне сәйкес болуы керек. Олар: әділ заң үстемдік еткен, құқықтық мемлекет; бақ-дәулеті дәуірлеген, ырысбайлығы тасыған қоғам; қоғам мүшелерінің ақылпарасаттылығының биік деңгейі; адамдардың қанағатшыл, ұстамды, барға риза болу өмір салтын ұстануы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет