Филология және көптілді білім беру институты


жылғы ұлт азаттық көтеріліс және шығу себептері



бет2/4
Дата13.02.2022
өлшемі5,64 Mb.
#25377
1   2   3   4
Байланысты:
Семинар Амангелді Иманов

1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс және шығу себептері:
  • Әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар;


  • Патшаның 1916 жылғы 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы.



Көтерілістің аса ірі ошақтары

Жетісу


Торғай
  • Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері 

  • А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев,

    Ө. Саурықов болды.


  • Амангелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді.

  • Ұшы-қиырсыз Торғай даласының барлық

    түпкірлерінде көтерісшілер жасақтары құрылып, оларға Байқоңыр руднигінің, Шоқпаркөл тас көмір кен орындарының және Орынбор-Ташкент темір жолының жұмысшылары қосылды. Амангелді Имановты жақтаушылардың қатары күннен –күнге өсе берді.

    Оған Торғай облысындағы жақын жатқан Қостанай, Ырғыз және Ақтөбе уездерінен ғана емес, сонымен бірге Сырдария, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты.Егер қазан айының бас кезінде Амангелді Имановтың отрядында 5 мыңдай адам болса, 15-20 күннен кейін-ақ олардың қатары 50 мың адамға жетті.

    Көтерілісшілердің штабы (орталығы) Торғай даласының қиыр түкпірінде, Бетпаққара маңында орналасты.



1916 жылғы ұлт–азаттық көтерілістің аса ірі орталығы Жетісу болды. Жағдайдың шиеленісуіне байланысты 1916 жылғы 20 шілдеде генерал Куропаткин Түркістан өлкесінің генерал–губернаторы болып тағайындалды.

Ол кезде орасан зор аймақты түгелдей халық революциясының от–жалыны шарпыған еді. Мәселен, шілденнің 12–сінде Верный уезі Қорам болысының 68 жігіті А. Абдурасуловты, ал шілденің 16–сында көтерілісшілер Құрам болысының болысын өлтірді.

Өз кезеңінде Жетісу болысының генерал – губернаторы М.А. Фольбаум жергілікті казактардан жазалау отрядтарын ұйымдасытру үшін казак станциаларына асығыс түрде винтовкалар мен патрондар жіберді. Мұнымен шектелмей, генерал Куропаткинің тамыздың 12 – сіндегі нұсқауы бойынша қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактары қаруландырылды.

Азғана уақыт ішінде көтеріліс Шу өзені мен Ыстықкөлге жаспарлас жатқан бүкіл аумақты қамтыды. Көтерілісшілер Қастек тауы өңіріне, Үлкен және кіші Кебен, Асы, Шілік, Сусамыр өзендерінің аңғарына, Талас өзенінің жоғарғы ағысына топталды. Олар телеграф желілерін қиратып, почта стансаларына, болыс ауылдарына шабуыл жасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет