Филология және көптілді білім беру институты


Амангелді Үдербайұлы Иманов



бет3/4
Дата13.02.2022
өлшемі5,64 Mb.
#25377
1   2   3   4
Байланысты:
Семинар Амангелді Иманов

Амангелді Үдербайұлы Иманов

(1873 -1919 ж)
  • 1916 жылғы қазанға қарай Торғай және Ырғыз уездерінде 20-ға тарта көтерілісшілер отряды құрылды. 23-қазанда Амангелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісшілер отряды құрылды. Бірақ олар қаланы ала алмай, қоршау бірнеше күнге созылды. Амангелді бастаған көтерілісті басу үшін патша үкіметі генерал А.Д.Лаврентьев басқарған 10 мың әскер жіберді. Оған 17 жаяу әскер ротасы, 18 казак-орыс жүздігі, 18 зеңбірегі мен 10 пулеметі бар 4 әскер эскадроны кірді. Лаврентьевтің Орынборда жасақталған әскерлері тесір жол арқылы Шалқарға, Ақтөбеге, Қостанайға түсірілді.



1916 жылғы көтеріліс қазақ еңбекші бұқарасының таптық сана-сезімін арттыруда зор рөл атқарды. Көтеріліс патшаның малайлары ретінде феодалдық рулық жоғары топтың шын сиқын қазақ шаруаларына айқын көрсетіп, ауылдағы тап күресін жаңа сатыға көтерді.Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың топтары, сондай-ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер еді.

Оған қазақ халқының өзге топтарының, сонымен бірге демократиялық интеллигенцияның өкілдері де қатысты. Жалпы алғанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дұнғандар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан тұтас бір ұлттық сипатқа ие болды.Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы – Ресей империализмі дағдарысының бір көрінісі еді. Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет