Жауабы: Араб графикасына негізделген жазуды қазақ мәдениеті 8ғ. бастап, ұйғыр жазуынан кейін 20ғ. басына дейін қолданды. Бұл жазудың қазақ даласында екі түрі пайдаланылды: қадим және жәдид.
Қадим жүйесінде 35 таңба болды. Бұл классикалық араб әліпбиі негізінде емес, жалпытүркілік әліпби болды. Оның 28-і араб әліпбиіне сәйкес, 4-і парсы (ژ (же), گ (ге), چ (че) پ (пе) әліпбиінен, 2-і түркі (ک (ңе), و (ве), 1-і ауған жазуынан (ى (иа- мәжһул, е) алынды.
Ал араб тілінің өзінде 34 дыбыс (28 дауыссыз, 6 дауысты) 28 әріппен таңбаланады. Әріптердің 22-сі төрт көріністе (сөз басы, сөз ортасы, сөз аяғы және жекеше түрде), 6-ы екі көріністе жа- зылады.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі араб жазуында 3 таңбамен берілді. Ол фонемалардың ашық, қысаң, дифтонг бел- гілеріне қарап топтастырылды: фатхамен <а>, <ә>, (е), кесрамен <ы>, <і>, <е>; даммамен <о>, <ө>, <ұ>, <ү>.
Бірақ қадим жүйесінің басты ерекшелігіне дауысты дыбыстардың таңбаланбауы жатады. Мысалы: нече – هچن (нче),
йане – هني (йне), мұнда – ادنم (мнда), қырғыз – زغرق (қрғз). Бұл араб жазуындағы харакаттардың (қысқа дауыстылардың) жазуда белгіленбеуінен шыққан. Харакаттар дауыссыз дыбыстың асты-на не үстіне қосымша белгі болып қойылады.
Араб графикасындағы <е> фонемасының ашық-қысаңдығы айырылмағандықтан екі әріппен де берілді. Сонда <а>, <ә>, <е> фонемалары бір графемаға ұйымдасқанмен төрт түрлі позициялық әріп-вариантта қолданылды.
Г.Мамырбекованың зерттеуі бойынша, дауыстылардың өзін-дік таңбаланатын жүйесі болған. Сөз басында <е> фонемасы міндетті түрде /иа/-мен берілген, ал сөз ортасы мен аяғында <а>, <ә>- лермен бірге /һа/арқылы таңбаланған. Біздің ойымызша, мұндағы сөз басындағы <е>-нің дифтонг реңкі жазуда ескеріл-ген. Ал сөз ортасы мен аяғында ашық езуліктердің позициялық реңкі нейтрализацияланып берілген дейміз. Дауысты дыбыс-тардың бір инвариант таңбасының (харакат) қойылмай кету ерекшелігі жазудың кодтық қасиетін білдірді.
Қазақ жазуында дыбыстық мәні бар әріпке мадда бел-гісін қойып, дыбыстық мәні жоқ әріпке мадда белгісінің қойылмауы қысқа дауыстылардың харакаттармен, созылыңқы дауыстылардың мадда белгісімен белгілену тәртібіне сәйкес келді.
Араб жазуында мәтін әріп не буын арқылы емес, сөзді тұтас көре отырып, мағынасына қарай дауыстыларды қалпына кел- тіріп оқитын логикалық әдіске негізделді. Сондықтан алғашқы буындағы дауыстылардың редукциялануы, әсіресе қысаң езуліктердің фонемалық мәнге ие болмағанда таңбаланбауы тұрақты нормаға айналды.
Сөйтіп, дауыстылар жүйесінің графема-фонема қатынасы: 3:9 болып шықты. Жазу бір буынды сөздердің мағынасын ажырату-да қиындық тудырды. Мысалы, ор, өр, ұр, үр сияқты түбірлер бірдей жазылды.
Жалпы, араб графикалы жазуда араб жазуының дәстүрін, си- патын сақтаған, яғни араб тілінің графикасы түпнұсқа қалпында жүйесі бөлек қазақ тілінің жазба тілінде пайдаланылды. Сонда бұл жазу өзіндік жүйесі мен деңгейі болған, ауызша тілден өзгеше, оған параллель жатқан жүйе болды.