Филология Кафедра: Қазақ филологиясы


Берілген сөздерді 1929 жылы қабылданған латын алфавиті бойынша жазыңыз



бет2/26
Дата04.01.2023
өлшемі90,57 Kb.
#60388
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
қазақ жазуының тарихы 1-10билет

3.Берілген сөздерді 1929 жылы қабылданған латын алфавиті бойынша жазыңыз:
Социалист, программа, химия, банк, холдинг, прес-конференция, хат.


Емтихан билеті №2


  1. Жазудың қызметі, оның түрлері

Жауабы:
Жазу – тілді жаңғыртудың, бекітудің құралы. Жүйесi мен құрылымы бар тілдік таңба жазуға түсiп, денотаттық тұрпатқа ие болғаннан кейiн мәңгiлiк құндылыққа айналды. Өйткенi жазу ауызша сөзді таңбалап қана қоймайды, адамның тiл тура- лы түсiнiгiн кеңейтеді, тереңдетедi. Тiлдiң инвариантты, абс- тракті, күрделi құрылымдық деңгейге жетуiне әсер етеді. Соған сәйкес тілдегі синтаксистiк құрылымдар, күрделi фразалық тұтастықтар жазудың негізінде пайда болды. Тiлдiң (әдеби тiлдiң) стильдiк тармақтары сараланды, стиль нормаларының қалыптасуына әсер етті.
Сонымен, жазудың екінші қызметі тiлдiң жүйелi құрылымға айналуына әсер етуi болып табылады. Тiлдiң барлық потенциалды мүмкiндiктерiн ашып, пайдалануға әсерiн тигiзедi. Сондықтан да бүгінде жазылған дүниені сол тілдің жүйесі мен құрылымы ретінде тануға, қабылдауға, тілдің “өзі” деп түсіндіруге, түсінуге күмән қалмайды.
Үшiншiден, жазу – адам ойының материалданып, жарыққа шығуының, дәлiрек айтқанда творчестволық әрекетiнiң құралы. “Көңiлдегi көрiктi ойдың сыртқа шыққанда өңi қашатын” болса, жазудың арқасында қағазға түскен шашыраңқы ойды жүйелеуге болады. Жазу, сөйтiп, мәтін мазмұнын тез түсiнуге, бiрден қабылдауға, оңай меңгеруге ауыз-ша тілге қарағанда қолайлы. Бүгінде сөздің графикалық бейне-лері фонетикалық бейне сияқты адам санасында дайын тұратын болды.
Төртiншiден, жазу адам санасындағы ойдың жетілуіне, жа- салуына, жүйеленуiне, реттелуiне, нақтылануына қызмет етедi.
Ал жазудың коммуникативтік негізгі қызметін бүгінгі таңда ауызша коммуникацияның техникалық құралдары (те-лефон түрлері, интернет жүйесі) екінші қатарға ығыстырып отыр. Интернет жүйесін де ауызша коммуникация түріне жатқызып отырғанымыз, мұнда жазу графикасы мен таңбалары пайдаланғанымен, жазба тілжүйесі сақталмайды. Ақпарат ауыз-ша тіл жүйесінде құрылып, тіпті өздік коммуникация (аудиалды-визуалды) жүйесін жасауға айналды. Сонда жазудың коммуника-ция қызметі бүгінде екі формада көрініп отыр: 1) хабарласудың ресми, іскерлік сипатында (ресми іс-қағаз); 2) интернет жүйесі арқылы хат жазысу аясында.
Алтыншыдан, жазу – адам жадының бiр түрi. Біз есте сақтауға тиіс ақпаратты жазып жадылайтын болдық. Информация мазмұны мәтінге көз жүгiрткеннен кейiн еске түсiруге, “түртiлiп” алынған ойды ауызша таратып айтуға, керiсiнше ауызша айтылған ойды қысқартып, “түртiп” отыруға болады. Қазiргi оқу орындарындағы оқу-оқыту процесі осы әдіске құрылған.
Жетіншіден, жазудың тіл тарихын сақтаушы, уәжін көрсетуші қызметі бар. Бұны жазудың тілтанымдық қызметі деп атай-мыз. Ауызша тіл үнемі өзгерісте болады, жаңарып, жаңғырып, үнемделіп отырады.
Сонымен, бүгінгі күн тұрғысынан жазудың мынадай қызметтері бар деп білеміз:
1) аргументтік қызмет (әлеуметтік қызмет); 2) тілжүйелеушілік қызмет;
3) ойжасамдық қызмет;
4) ойды жарыққа шығару қызметі;
5) жады қызметі;
6) тілтанымдық қызмет;
7) тілді нормалаушылық қызмет;
8) кумулятивтік қызмет (мәдениетті сақтайтын, жеткізетін
қызмет);
9) коммуникативтік қызмет.
Жазудың түрлері:
Суретжазу. Сурет өнерінен бөлініп шыққан жазу да қоғамдық ортақ келісімнен шыққан жасанды қарым-қатынас құралы болды. Адам өзінің көрген-білгенін, басынан кешкен оқиғаларын немесе сезіміне әсер еткен заттар мен құбылыстарды, сондай- ақ шаруашылық есеп, мал, адам санағын тау, тас, ағаш, еңбек, тұрмыс құралдарына қашап, кертіп салды (towrite – “жазу”, көнескандинавиялық rita – “керту”, “тырнау” деген мағынаны береді).
Бұл жазу тарихын зерттеушілердің көбі жазу түріне жат- қызбайтын пиктографиялық, суретжазу еді. Ғалымдар оны көбіне өнер, магия тарихына апарады. Ең алғашқы жазулардың сурет, идеограмма, ло- гограмма болған себебі – тілдің сөйлем мүшелеріне бөлінбей, синкретті түрде қолданылуынан. Дыбысжазу, буынжазу сөздің дыбыстық элементтерге бөлінгенінен бастап шықты.
Дыбысжазудың шығуы, біріншіден, адамзат санасының жетіл- ген кезеңіне сәйкес болса, екіншіден, жазудың қоғамдық мұқ- таждықтарды өтей алу деңгейінің жоғарылауына байланысты болды. Сонда сөздің буынға, буынның дауысты және дауыссыз дыбыстарға бөлінетінін байқау өте жоғары сананы қажет еткені белгілі.
Ғалымдар арасында жазу типтері мен түрлері туралы пікір- лер әртүрлі: И.Е.Гельб, Л.В.Зиндер суретжазуды жазу емес деп нақтылайды да, семасиография, яғни ойжазуды жазудың алдындағы саты деп көрсетеді.
И.Е.Гельб “жазу” ұғымына дыбысжазу ғана сәйкесетінін айтқан. Автордың таптастыруынша, дыбысжазуға сөз-буын жа-зулар (шумер, египет, хэтт, қытай), буынжазулар (финикий, жа-пон) және дыбысжазулар (грек, арамей, латын) қамтиды.
Ұғымжазу. Ұғымжазу үлгілеріне ежелгі қытай, ежелгі шу- мер, ежелгі египет, крит-миной жазулары жатады. Дүние жүзі тілдерінің ішінде ұғымжазудың дамуына қолайлы тілдер ретінде, әдетте, түбір тілдер (мәселен, қытай, ацтек, америкалық үнді т.б.) аталынады. Өйткені түбір тілдерде сөз грамматикалық жақтан өзгеріске көп түсе бермейді. Ұғымжазу деген (логограìмма) сөз не морфеманы таңбалайтын жазу. Логограммалар кейде идеограмма не иероглиф деп те аталады. Идеограмма ойжазуға сәйкес.
Қазір сандар, математикалық символдар, сондай-ақ ағылшын
тіліндегі & таңбасы, % (пайыз), $ (доллар),€ (евро) ұғымжазу элементтер болып табылады.
Буынжазу. Логограммалар шумер тілінің жалғамалы сипа- тына дәлірек келгенмен, кісі есімдерін, жауланған жер, халық атауларын жазуда қиындық тудырды. Сөйтіп, шумер халқы тағы да алғашқы болып, буынжазу жасады (б.э.д. ІІІ мыңж.).
Оған:
а) тілдегі ортақ аффиксті бір буынмен беру жеңілдігі, ә)
бір буыннан тұратын омоним сөздің көптігі әсер етті.
Жазу түрлерінің даму сатылары бойынша, буын жазудан
кейін тарих аренасына келген жазу бір дыбысқа бір таңба сәйкескен дыбысжазу деп аталды. Оны кейде әріп-дыбысжазу деп те атай-ды.
Дыбысжазудың екі түрі белгілі: консонантты, вокалды. Консонантты жазу таза консонантты (египет, батыс семит жа- зуы) және жартылай консонантты (жол үсті, асты дауысты ды- быс белгілері бар) болып бөлінеді.
Финикий жазуы. Таза дыбысжазу жүйесін финикий және батыс семит халықтары (б.э.д. ІІ мыңж.) жасады. Финикийлер
– б.э.д. ІІІ мыңж.-б.э. дейін Жерорта теңізінің шығыс жағалауын мекендеген, ірі сауда қалалары болған халық.
Финикий жазуындағы 22 әріптің бәрі (алеф, бет, гимел, далет, хе, вав, зайн, хет, тет, йод, каф, ламед, мем, нун, самећ, айин, пе, цаде, коф, реш, шин, тов) дауыссызды, жартылай дауыстыны таңбалады. Әріп атауы реалий атауының алғашқы дыбысымен сәйкесті.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет