Жауабы: 1912 жылдардан бастап А.Байтұрсынұлы оқулықтары, «Қазақ» газеті (1913-1919жж.) осы әліпбимен жазылып, ел ара-сына тез тарай бастады. Тек әліпби ресми түрде 1924 жылы ғана қабылданды.
А.Байтұрсынұлы әліпбиінің тез, әрі жылы қабылданғанының бір себебі араб графикасының тегі сақталуы, тіл үндесімін дәйекше арқылы көрсетуі болды.
А.Байтұрсынұлының әліпби жасаудағы еңбегі мен оның маңызын орыс ғалымдары мен түркітанушылар және әрине қазақ оқыған зиялылары жоғары бағалады.
Т.Шонанов Байтұрсын әліпбиінің маңызын былай сипат- тады: «Болашақ ұрпақты молдалардың дүмше дым білмес- тігінен, миссионерлердің жаңашылдығынан құтқару үшін Ахаң жалғыз күресті. Оның жаңа қазақ алфавитін жасауы іс жүзіндегі ішкі және сыртқы жаулармен күресінің көрінісі бо- латын, біздің тіліміздегі барлық дыбыстарды сақтай отырып, дыбыс үндестігінің заңдылықтары бойынша жаңа әріптер бел- гілеп, ана тілінің синтаксисі мен этимологиясын жасап шықты. Ол қазақ тілінде қолданылмайтын мүлдем қажетсіз 12 араб әрпін әліппеден алып тастады. Бұл жазу емлесіндегі көптеген қиыншылықтарды жойды. Сондықтан да Ахметтің жаңа алфа- виті мен жаңа әліппесі біздің мәдени өркендеумізге зор пайда- сын тигізетін құбылыс еді. Жаңа алфавит тілдің таза сақталуына мүмкіндік туғызды. Жаңа алфавит әлемді мәдениетпен арласа түсу жолын жеңілдете түсті».
М.Дулатов: «Араб әріптерінің өзгеріп отырғаны рас. Бірақ қалай өзгертілген әңгіме сонда болу керек қой. Араб әріптерінің 14 ғана бұрынғыша болса, өзге ойдан шыққандары жұртқа жат болу керек қой. Ойдан шығарылған әріптерді жұртқа үйретіп, оқытып жату керек еді ғой. Ондай нәрсе болды ма? Болған жоқ, ендеше бұны өзгертушінің шеберлігі деп біліңдер. Бұларды өзгерткенде әр әріптің бұрынғы тұлғасын жоймай, өзгерткенін сездірмей, хат танитын адам бөгелместен оқып кетерлік қылып өзгерткен.
Қ.Жұбанов: “... Бұл жүйе қазақ тілінің ерекшелігіне әбден лайықты (тегінде жалғыз қазаққа ғана тән деп қарауға болмай-ды), қазіргі алған жаңа әліпбиімізге де өте қолайлы, өйткені араб жазуын таңбалау табиғатына мұның еш қатысы жоқ және дәл сондай-ақ алфавит біткенге бірдей үйлесімді” деген болатын.
Проф. Н.Уәли: “Таңба теориясы тұрғысынан алғанда бұл жазу жүйесі тұрпат межесі тұрғысынан жалпы халықтық тілдің бір формасы болып табылатын ауызша әдеби тілдің дыбыс бір- ліктерін, ал мазмұн межесі тұрғысынан тілдің мағыналық бір- ліктерін белгіледі” деп бағалайды.