Филология кафедрасы



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата07.02.2017
өлшемі0,98 Mb.
#3596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

а) білім деңгейінде: 
Фонетикалық жаттығу 
және оның негізгі түрлері. 
b) меңгеру деңгейі: 
Фонетикадан берілетін 
білім мазмұны мен 
меңгерілетін ұғымдардың 
жүйесі. 
c) таныстыру деңгейі: 
Фонетикалық сатылай 
талдау жұмысы. 
 
Сабақ 
жоспа-
рын 
құру 
3 апта 

2  Фразеологияны 
оқыту 
әдістемесі. 
а)білім деңгейінде: 
Фразеологияны оқытуда 
көрнекі кұралдарды 
пайдалану. 
b) меңгеру деңгейі 
Қосымша әдебиеттерді 
пайдалану жолдары. 
c) таныстыру деңегейі 
 
Сабақ 
жоспа-
рын 
құру 
4 апта 


 
Фразеологиялық  сөздікпен 
жұмыс жүргізу әдісі. 
3  Грамматикалық 
және сөзжасам 
ұғымдарын 
қалыптастыру-
дың  әдістеме-
лік негіздері. 
а) білім деңгейінде: 
Сөзжасамды сөз таптары-
мен байланыстыра оқыту.  
b) меңгеру деңгейі: 
 Тіл мәдениетімен және 
стилистикамен байланыс-
тыра оқыту. 
c) таныстыру деңегейі. 
Жаттығулар жүйесі 
 
Сабақ 
жоспа-
рын 
құру 
5 апта 

4  Сөз 
таптарының 
өзіндік 
ерекшеліктері. 
а) 
білім 
деңгейінде: 
Морфологияның 
жалпы 
білім 
берушілік 
құндылығы. 
b) меңгеру деңгейі: 
Морфологияны теориялық 
деңгейде оқытудың 
практикалық іскерлікті 
дамытудағы маңызы. 
c) таныстыру деңегейі  
Сөз таптары ұғымының 
ішкі мазмұны. 
 
Сабақ 
жоспа-
рын 
құру 
6 апта 
8 
5  Грамматикалык 
талдау 
әдістемесінің 
теориялык 
негіздері. 
а) 
білім 
деңгейінде 
Грамматикалық 
талдау 
әдістемесінің 
теориялық 
негіздері.  
b) 
меңгеру 
деңгейі: 
Грамматикалық  талдаудың 
түрлері 
c) таныстыру деңгейі: 
Грамматикалық терминдер. 
 
Сабақ 
жоспа-
рын 
құру 
7 апта 

6  Синтаксистік 
талдау және 
оны жүріізу 
логикасы. 
а)білім 
деңгейінде 
Синтаксистік  байланыстар 
мен 
синтаксистік 
қатынастар  туралы  ұғым 
қалыптастыру.  
b) меңгеру деңгейі
 
 
 Синтаксистік тіркесімдік 
пен лексикалық тіркесімдік 
ұғым  
c) таныстыру деңегейі

 
Синтаксис 
бойынша 
 
Сабақ 
жоспа-
рын 
құру 
8 апта 


 
оқушыда  қалыптасуы  тиіс 
машық-дағдылар 
7  Сөз тіркесіне 
байланысты 
жаттығулар 
және оның 
түрлері. 
а) білім деңгейінде  
Сөз тіркесінің байланысу 
тәсілдері, байланысу 
түрлері. 
b) меңгеру деңгейі:
  
Сөз тіркесінің құрамы мен 
сөз тіркесінің түрлері.  
c) таныстыру деңегейі
. 
Сөз тіркесінің мағыналық 
түрлері. 
 
Сабақ 
жоспа-
рын 
құру 
9 апта 

8  Сөйлем 
мүшелерін 
оқыту 
әдістемесі. 
а) білім деңгейінде: 
А.Байтұрсынұлы  жасаған 
сөйлем 
мүшелері 
терминдерін 
мағыналық 
жағынан талдау.  
b) меңгеру деңгейі: 
Сөйлемнің 
тұрлаулы 
мүшелері  және  олардың 
сөйлемнің 
қызметін 
атқаруын 
ұғындыру 
жолдары 
c) таныстыру деңегейі: 
Тұрлаусыз 
мүшелерді 
оқыту әдістемесі. 
 
Сабақ 
жоспа-
рын 
құру 
11 апта 

9  Құрмалас 
сөйлемді жаңа 
иннвоциялық 
технологиямен 
оқыту 
жолдары. 
а) білім деңгейінде: 
Аралас құрмалас сөйлемді 
оқыту өдістемесі.  
b) меңгеру деңгейі
 
  
Аралас  құрмаластың  өзіне 
тән 
жасалу 
жолдарын 
менгерту әдістемесі. 
c) таныстыру деңегейі
Көп компонентті құрмалас 
сөйлемді оқыту әдістемесі. 
 
Сабақ 
жоспа-
рын 
құру 
12 апта 

10  Пунктуацияны 
меңгертудегі 
жаттығу 
жұмыстарын 
орындау әдісі. 
а) білім деңгейінде
Пунктуация және мәнерлеп 
оқу.  
b) меңгеру деңгейі. 
Пунктуация және   инто-
нация.   
c) таныстыру деңегейі.  
 
Сабақ 
жоспа-
рын 
құру 
14 апта 
3,5 

 
Пунктуациялық   дағды-
ларды қалыптастырудың 
негіздері.  
 
8.
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ 
Пәнді  игеру  бүкіл  өтілген  материалды  қамтитын  жазбаша  емтиханмен 
аяқталады.  Емтиханға  жіберілудің  міндетті  шарты  бағдарламада    көрсетілген 
тапсырмалардың  барлығын орындау болып табылады.  
Қорытынды баға қою кезінде 2 межелік бақылауда жинаған ұпайлар есепке 
алынады. Оқу үрдісін және білімді бағалауды бөлу ұстанымына сәйкес ауызша 
емтихан Офис тіркеушімен жүргізіледі.  
Қорытынды бағаны құрайды 
Межелік бақылау – 60% 
Емтихан – 40% 
 
9.
 
Емтиханда студенттің білімін бағалау критерилері 
Бағалау әріптік 
жүйемен 
Балдар 
% ұстау 
Бағалаудың 
дәстүрлі жүйемен 
А 
4,0 
95-100 
Өте жақсы 
 
  А –  
3,67 
90-94 
  В + 
3,33 
85-89 
Жақсы 
 
                 В 
3,0 
80-84 
  В –  
2,67 
75-79 
  С + 
2,33 
70-74 
   Қанағаттанарлық 
                  С 
2,0 
65-69 
  С –  
1,67 
60-64 

1,33 
55-59 

1,0 
50-54 


0-49 
Қанағаттанғысыз  
 
Рейтингті есептеу 
№ 
Жұмыс түрлері 
Ұпай саны 




Ағымдағы бақылау 
ӨЖСӨЖ 
СӨЖ 
Аралық бақылау 
15 
15 
20 
10  
 
Емтихан 
40 
 
Барлығы: 
100  
 
Қорытынды бағаны есептеу формуласы: 
ҚБ = Р
И
 * 0,6 + Э * 0,4 
Р
И
  - қорытынды рейтинг 
Э – емтихан бағасы 

 
10.
 
Курстың саясаты мен процедурасы 
Жұмыстың  барлық  түрін(ең  жоғары  ұпай,  айып  және  ынталандыру  ұпайлары) 
қамтиды;  Сабақты  босату  –  сіздің  оқуға  ынтаңыздың  көрсеткіші,  сондықтан 
курс  бойынша  қорытынды  баға  шығаруда  есепке  алынады.  Тапсырма 
уақытында  орындалмаса,  әр  жолы  бағаңыз  жарты  ұпайға  кемітіліп  отырады. 
Оқытушы  әрқашан  да  сабақта  кім  жоқ  екенін  біледі.  Сіздің  міндетіңіз  сабаққа 
қатысу,  оқу.  Кездейсоқ  жағдайлар  мен  ауырып  қалуыңыз  ғана  себепті  деп 
саналады.  
Бұл жағдайда оқытушыға болған жайды хабарлап, алдын-ала тапсырманы 
өткізуіңіз керек. Телефон шалып, хабарлама қалдырыңыз. 
Өз жұмыс орнында болып, міндеттін атқармау да жазаға тартылуға себеп 
болады.  Курс  бойынша  барлық  тапсырмалар  кестеде  көрсетілген  сабақтың 
басталуына  дейін  орындалуы  керек.    Белгіленген  мерзімнен  кейін  өткізілген 
тапсырмаларға  қойылатын  баға    төмендетіледі  де    өз  кезегінде  қорытынды 
бағаға әсер етеді. Сабақ кестесі бойынша дәрісханада орындаған жұмыстарыныз 
да есепке алынады. Сабақта болмасаңыз, дәрісхана жұмысын орындамағаныңыз 
және сабақтан қалғаныңыз  үшін жазаланасыз.  
Курсты  игеру  белсенді  жүзеге  асырылуы  керек.  Үй  тапсырмасын 
орындауға  кемінде  аптасына  2-3  сағат  уақыт  бөліну  керек.  Кестеге  сәйкес 
оқытушыдан  үнемі  кеңес  алып  тұрыңыз.  Оқулықты  тек  тапсырма  орындау 
барысында  емес,  курсты  игеру  барысында  үнемі  оқып  отыру  керек.  Әр 
тапсырмаға  дайындалу  керек.  Курсты  игерудің  табысты  болуы  көбінесе  сіздің 
дәрісханалық  жұмысты  орындауға  қатысуыңызға  байланысты  болады.  Сабаққа 
жақсы  қатысу,  белсенділік  таныту,  оқытушының  тапсы8рмаларын  мерзімінде 
және  сапалы  орындау  аттестация  мен  емтиханда  көмектеседі.  Емтихан  сіздің 
теориялық    біліміңізді  тексеруге  ғана  емес,    тәжірибеде  қолдана  алу 
мүмкіндігіңізді бағалауға да бағытталады. Емтиханда тест түріндегі сұрақтарға 
жауап  бересіздер.  Емтихандағы  барлық  тапсырмалар  үй  жұмысына,  дәрісхана 
жұмыстарына негізделеді. 
Аралық  аттестация  өтілген  материал  баршаға  міндетті  және  өтілген    тақырып 
бойынша алынады: 
-
 
біреуден көшіріп алуға; 
-
 
сіз үшін басқа біреудің орындауына; 
-
 
жұмысты белгіленген уақыттан тыс өткізуге; 
-
 
топтық тапсырмаларды орындауға қатыспай, сол үшін ұпай сұрауға және т.б. 
Курсқа  деген  сіздің  қарым-қатынасыңыз  ЖОО  студентіне  лайық  болады  деп 
ойлаймыз. Сабақ босатуға, кешігуге, дәрісханада тәртіпсіздік жасауға, оқытушы 
мен  студенттерді  сыйламауға  болмайды.  Материалды  талқылап,  қажетті 
сұрақтар  қою  үшін,  тақырыпты  ашуға  сын  көзбен  қарап,  шешімін  табу  үшін 
және  болашақ  жұмысынызға  қажетті  білімнің    бәрін  алу  үшін  дайындалып 
келуіңіз керек.                                            
 
 

 
ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ 
Анализ – грек тілінен алынған термин сөз, ыдырату деген мағынаны білдіреді. 
Анықтауыштық  талдаулар  –  орфографиялық,  пунктуациялық,  орфоэпиялық, 
стилистикалық талдау әдістері.  
Әңгіме  әдісі  –  сыныпқа  қойылған  сұраулар  әңгіме  туғызуға  себепші  болатын 
әдістің түрі. 
Байқау  әдісі  –  шындық  өмір  құбылыстары  туралы  түсінікті  реттейді.  Сөзді 
немесе  сөйлемді  байқастыра  отырып,  оқушы  тіл  заңдылығының  ережесін 
үйретеді. 
Баяндау әдісі – мұғалімнің баяндауы әрі әңгіме, әрі түсінік және нұсқау түрінде 
жүзеге асырылады. 
Әңгімелесу әдісі – жаңа материалды түсіндіругекірісу мақсатында да, қайталау 
кезінде  де,  оқушылардан  сұрау  кезінде  де,  тіпті  материалды  түсіндіру 
мақсатында да ұйымдастырылады.  
Біріккен сабақ – аралас сабақтың ықшамдалған, жетілген сөзі. 
Грамматикалық  пауза  –  қазақ  тіліне  арналған  мәтіндегі  синтаксистік 
категориялар мен пунктуацияға байланысты қойылатын паузалар. 
Диалог  –  гректің  бірнеше  және  сөз,  яғни  бірнеше  кісінің  сөйлесуі  дегенді 
аңғартады. 
Дидактика – білім беру мен оқыту теориясы деген ұғымды білдіреді. 
Дедукция - латын сөзі, жалпылық деген мағынаны білдіреді. 
Индукция – латын сөзі, даралық дегенді аңғартады. 
Қазақ  тілі  сабағының  құрылымдық  элементтері  -  өткенді  еске  түсіру; 
тақырыптың  көлемі  мен  жүйесін  түсіндіру;  бекіту  және  қайталау  мақсатында 
жаттығу жұмыстарын жүргізу; үй тапсырмасын беру; үй тапсырмасын тексеру, 
өтілгенді  сұрау;  оқушылар  жұмысына  барлау  жасау;  оқушылар  жауабын 
бағалау. 
Қайталау  сабақтарының  түрлері  –  тақырыптық  қайталау,  тарауды  қайталау, 
аралық қайталау, межелік қайталау, тоқсандық қайталау, жылдық қайталау. 
Қазақ  тілінен  алынатын  бақылау  жұмыстарының  түрлері  –  жатжазу, 
шығарма, мазмұндама. 
Қазақ  тілін  оқытудың  дидактикалық-методологиялық  қағидалары  – 
ғылыми  қағида,  жүйелілік  қағидасы,  көрнекілік  қағидасы,  саналылық  пен 
белсенділік қағидасы, теорияны тәжірибемен байланыстыру қағидасы, түсінуге 
жеңіл  қолайлылық  қағидасы,  оқушылардың  психикалық  ерекшелігін  ескеру 
қағидасы. 
Қазақ  тілін  оқыту  методикасының  зерттеу  әдістері  –  бақылау  әдісі, 
эксперимент  әдісі,  әдістемелік  мұраларды  үйрену  әдісі,  әдістемелік 
тәжірибелерді талдау әдісі. 
Қазақ  тілі  сабағының  құрылымдық  элементтері  -  өткенді  еске  түсіру; 
тақырыптың  көлемі  мен  жүйесін  түсіндіру;  бекіту  және  қайталау  мақсатында 
жаттығу жұмыстарын жүргізу; үй тапсырмасын беру; үй тапсырмасын тексеру, 

 
өтілгенді  сұрау;  оқушылар  жұмысына  барлау  жасау;  оқушылар  жауабын 
бағалау. 
Қайталау  сабақтарының  түрлері  –  тақырыптық  қайталау,  тарауды  қайталау, 
аралық қайталау, межелік қайталау, тоқсандық қайталау, жылдық қайталау. 
Қазақ  тілін  үйрету  әдістері  -  әңгіме  әдісі,  хабарлау  әдісі,  түсіндіру  әдісі, 
тәжірибе әдісі, кітапты пайдалану әдісі 
Логика – ғылыми дәл ойлау, дұрыс пікірлеу заңдылықтарын үйретеді.  
Методология – зерттеу, әдіс, ілім деген сөздерден алынған термин. 
Морфологиялық  талдау  –  сөз  құрамдары  бойынша  талдау,  сөз  таптары 
бойынша талдау.  
Салыстырмалы  әдіс  –  оқушылар  зейінін  өтіліп  отырған  объектіге  аударып, 
оны жақсы меңгеруге көмектеседі. Оқушылардың логикалық ойларын дамытып, 
алған  білімін  практикада  саналы  түрде  қолдана  білу  мүмкіндігін  жасайды, 
оқушыларды сөздерді өз орнына қолдануын, тіл мәдениетін дамытады.   
Синтаксистік  талдау  –  жай  сөйлем  бойынша  (сөйлемнің  мағынасына  қарай, 
сөз  тіркесіне  қарай,  байланысу  тәсілдеріне  қарай,  сөйлем  мүшелеріне  қарай) 
талдау, құрмалас сөйлем бойынша талдау. 
Түсіндірмелі  талдаулар  –  лексикалық,  фонетикалық,  сөзжасамдық, 
морфологиялық, синтаксистік талдау әдістері 
Теориялық  білім  меңгерту  сабақтары  –  жаңа  сабақ,  біріккен  сабақ,  дәріс 
сабақ. 
Тәжірибелік  дағды  қалыптастыру  сабақтары  –  бекіту  сабағы,  тәжірибелік 
сабақ,  семинар  сабақ,  тексеру  сабағы,  сынақ  сабақ,  талдау  сабағы,  қайталау 
сабағы. 
Тілдік  материалдарды  игерту  үрдістері  –  жаңа  материалды  таныту  үрдісі, 
материалды дағдыландыру үрдісі, материалды қайталау үрдісі.  
Фонетикалық  талдау  –  дыбыстар  жүйесі  бойынша  талдау,  үндестік  заңы 
бойынша талдау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
Ү ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ 
№ 1 дәріс тақырыбы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары 
Негізгі сұрақтары:  
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны.  
2. Қазақ тілін зерттеу әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы. 
3. Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері. 
4. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері. 
5. Қазақ тілі және пәнаралық байланыс.  
 
Қысқаша мазмұны: 
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы  болып 
табылады.  Ол  өз  алдына  дербес  ғылым.  Өйткені  оның  өзіндік  зерттейтін 
нысаны,  мазмұны,  зерттеу  әдістері  мен  тәсілдері  бар.  Қазақ  тілін  оқыту 
әдістемесінің  зерттейтіні  оның  оқыту  жолдары  мен  жағдайлары  туралы 
заңдылықтар.  Бұл  заңдылықтар  педагогика,  психология  және  лингвистика 
ғылымдарының  негізінде  жинақталған  практикалық  тәжірибе  мен  бұрыннан 
қалыптасқан  теориялық  қағидалардан,  тұжырымдардан  шығарылады.  Егер 
нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді:  
1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 
 2) мазмұны (нені оқыту керек?);  
3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?);  
4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?);  
5)  оқыту  кезінде  оқушылардың  білімді  меңгеру  деңгейі,  ақыл-ойының  дамуы 
мен  тәрбиеленуі  арасындағы  ұштастық  мәселелері.  Бұл  проблемаларды  шешу 
мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.  
Әдістеменің мынадай міндеттері бар:  
1)  бастауыш  мектеп  пен  орта  мектептегі  қазақ  тілі  пәнінің  мақсатын, 
ерекшелігін,  мазмұны  мен  көлемін,  құрылымын,  бөліктерінің  бір-бірімен 
ұштасуы мен бірізділігін анықтау, оқу материалын сыныптарға бөлу;  
2)  оқытудың  неғұрлым  пайдалы,  үнемді  және  тиімді  әдістері  мен  тәсілдерін 
(оқылатын 
материалдың 
ерекшеліктері 
мен 
оқушылар 
құрамының 
психофизиологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  әр  түрлі  жағдайда 
қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын) зерттеу және сипаттау;  
3)  қазақ  тілі  пәнінен  жүйесі  нақты  белгіленген  білім  көлемін  (ғылым  негізін) 
оқушылардың  ойдағыдай  игеру  шарттары  туралы  мәселелерді  талдап  шешу, 
яғни  материалды  дәл  қабылдаудың,  айқын  түсінудің,  оны  практикада  қолдана 
білудің  шарттары  туралы  мәселелерді  талдау.  Сонымен  қазақ  тілін  оқыту 
әдістемесі - оның мазмұны мен принциптері, әдістері мен тәсілдері туралы және 
мектепте  қазақ  тілінен  оқушыларға  берілетін  білім,  дағды,  білік  мөлшерін 
белгілеп, оны игерудің жолдары, шарттары туралы ғылым.  
2.  Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің  басқа  ғылымдармен  байланысы  Тіл 
білімімен байланысы.  

 
Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің  зерттейтін  басты  нысаны  оқушыларға  тілді 
меңгерту  болғандықтан,  ол  ең  алдымен  тіл  біліміне  арқа  сүйейді.  Өйткені 
мектепте  қазақ  тілі  пәнінен  өтілетін  материал  тіл  білімі  ғылымының  негізінде 
белгіленеді.  Яғни  қазақ  тілі  пәнінің  мектепте  оқытылуы  мазмұнын  анықтау 
әдістемесінің  міндеті  болса,  бұл  міндетті  шешуде  ол  тіл  білімінің 
мағлұматтарына  сүйенеді.  Атап  айтқанда,  фонетиканы  оқыту  әдістемесі, 
лексиканы  оқыту  әдістемесі  т.с.с.  аталудың  өзі  тікелей  қазақ  тіл  білімі 
салаларының  атаулары  екені  өз-өзінен  түсінікті.  Сондай-ақ,  мысалы, 
фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар - әдістемелік тәсілдер, ал 
бұл атаулардың өздері және мазмұны тіл біліміне тән. Ендеше қазақ тілін оқыту 
әдістемесі өзінің бұдан былайғы даму барысында тек педагогикалық қана емес, 
белгілі  дәрежеде  тіл  білімдік  ғылым  болып  та  қалыптасуда.  Мысалы,  тіл 
білімінен  берілетін  фонетикалық  мағлұматтар  дыбыстарды  дұрыс  айту,  жазу, 
дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету сияқты әдістемелік мәселелермен 
тығыз  байланысты  іске  асырылады.  Ендеше  әдістемелік  негізде  мектеп 
грамматикасы  мен  ғылыми  грамматика  бір-бірімен  тығыз  байланысты,  тіпті 
біртұтас деуге де болады.  
Педагогикамен  байланысы.  Жалпы  тұрғыда  педагогика  жас  ұрпақтарға 
білім,  тәрбие  берудің  мәні,  мақсаты,  мазмұны,  әдістері,  құралдары  мен 
ұйымдастыру  түрлері  туралы  ғылым  ретінде  сипатталады.  Дидактика 
педагогиканың  маңызды  бір  бөлігі  -  оқытудың  жалпы  теориясы  ретінде  қазақ 
тілі әдістемесінің негізі болып табылады.  
Әдістеме  дидактика  ұсынған  оқыту  принциптеріне,  оқыту  әдістерінің 
теориясына сүйенеді.  
Мектепте  қазақ  тілін  оқыту  барысында  ұрпақ  тәрбиелеу  проблемаларын 
талдап-шешуге  қатысады,  қазақ  тілі  сабақтарында  берілетін  тәрбиенің 
жолдарын  (бұл  тәрбиеге  мазмұны  сәйкес  материалды,  мысалдарды  сұрыптау, 
көркем  шығарма  материалын  пайдалану  т.б.)  тіл  құралдары  арқылы  іске 
асыруды жан-жақты қарастырады.  
Психологиямен  байланысы.  Психология  оқушының  психологиялық 
ерекшеліктерін  сипаттайды:  жоғары  жүйке  жүйесінің  қызметі  туралы  ілімге 
сүйене  отырып,  ол  оқытудың  әдісі  мен  тәсілін  психологиялық  тұрғыда 
дәлелдеуге  көмектеседі.  Сөйтіп  қазақ  тілін  оқытуға  байланысты  әдістемелік 
мәселелерді дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді. Мұғалім 
өзінің  әрбір  оқушысын,  оның  психикасын,  материалды  қабылдау  және  есінде 
сақтау  дағдыларының  дәрежесін  білуге  жағдай  жасайды,  оқушыларды  жүйелі 
зерттейтін әдістермен қаруландырады  
Оқушының  психологиясын  білмей  тұрып,  қазақ  тілі  әдістемесі  ұсынған 
әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес. Бұл әдістер мен тәсілдер 
оқушылардың  жеке  басының  ерекшеліктерін,  ойлау  қабілетінің  даму  процесін, 
жалпы жетілуін есепке алмайынша, мақсатқа жете алмайды.  
3.  Қазақ  тілі  әдістемесінің  мәселелері.  Зерттеудің  теориялық  әдістері.  Ең 
алдымен  назар  зерттелетін  құбылыстардың,  процестердің  заңдылықтарын 

 
жинақтауға,  анықтауға,  қалыптастыруға  бағытталады.  Соңғы  жылдары  оқыту 
әдістемесінде жүйелі құрылымдық әдіс қолдана бастады. Оның мәнісі - зерттеу 
өзара  байланысты  элементтерден  құрылған  біртұтас  жүйелерінде  қаралады, 
элементтер арасындағы өзара байланыстылық пен қарым-қатынасқа басты назар 
аударылады.  
Осыған  сәйкес  оқыту  әдістемесінде  мұғалім  мен  оқушының  арасындағы 
байланысты  анықтау  қажеттілігі  туады  (яғни  оқыту  мен  білім  алу),  оқытудың 
мақсаттарымен,  мазмұнымен,  әдістері,  құралдарымен,  оқушылардың  білімді 
қабылдауы, дамуы және тәрбиелену арасындағы байланыстарды анықтау қажет 
болады  
Оқытудағы жүйелі-құрылымдық әдіс сабақтың мақсатын анықтауды, осы 
мақсаттарға  байланысты  оқытудың  мазмұнын,  әдістері  мен  құралдарын 
сұрыптап  ала  білуді,  сабақтың  тиімділігін  бағалауды  көздейді.  Жүйелілік  әдіс 
мұғалімнің  бағдарлама  бойынша  бірнеше  сабақты  жоспарлап,  дайындалуына 
мүмкіндік береді, әр сабақтың өзіндік ерекшеліктері мен мақсаттары, мазмұны, 
оқыту  әдістері  жағынан,  оқушылардың  танымдық  әрекетінің  сипаты  жағынан 
өзара байланыстылығы сақталады.  
Мұғалімнің  кәсіби  дайындығы.  Тәуелсіз  ел  тірегі  –  білімді  ұрпақ  десек, 
жаңа  дәстүрдің  күн  тәртібінде  тұрған  келелі  мәселесі  –  білім  беру,  ғылымды 
дамыту.  Өркениет  біткеннің  өзегі  білім,  ғылым,  тәрбие  екендігіне  ешкімнің 
таласы  жоқ.  А.Байтұрсынұлы:  «Мұғалім  қандай  болса.  Мектеп  һәм  сондай 
болмақшы.  Яғни  мұғалім  білімді  болса,  ол  мектептен  балалар  көбірек  білім 
алады.  Солай  болған  соң,  ең  әуелі  мектепке  керегі-білімді,  педагогикадан 
хабардар,  жақсы  окыта  білетін  мұғалім.»  Өркендеу  үшін  керегі  -  білім  ордасы 
болса, оның жаны мұғалім, ұстаз екені баршаға мәлім. 
Бүгінгі  таңда  мұғалімдердің  кәсіби  даярлығының  теориялық  негіздерін  ашып 
көрсететін  маңызды  зерттеулер  баршылық.  (О.А.  Абдуллина,  Ю.П.Азаров, 
А.Н.Алексюк,  Н.Д.Хмель,  А.И.Щербаков  жөне  т.б.)  Оларда  болашақ 
мұғалімдерді  даярлау  мәселесі  қарастырылып,  кәсіби  қабілетін  анықтау 
бойынша  жұмыстар  жүйеленген.  К.С.Оспанов,  С.І.  Әбілдина,  К.А.  Сарбасова 
және  т.б.  зерттеулерінде  жоғары  оқу  орнында  даярлауға  аса  мән  беріліп,  жас 
педагог тұлғасын қалыптастыру мәселесі өз шешімін тапқан. Ұлы ағартушы  
Ы.  Алтынсариннің  «Маған  жақсы  мұғалім  бәрінен  де  қымбат,  өйткені  жақсы 
мұғалім- мектептің жүрегі» – деген сезі бар. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  білім  беру  жүйесінің 
жеке  адамды  қалыптастыруға,  жетілдіруге  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған 
рөлі атап көрсетілген. Олар: 

 
педагогикалық дағдыларды жетілдіру;  

 
оқу жоспарында және пәндерді оқыту әдістемесінде тұрақты инновацияға 
талпыну; 

 
жоғары  білім  беретін  мекемелердің  элементі  ретінде  педагогикалық 
кадрлардың кәсіби деңгейінің өсуін қадағалау; 

 
 
C.Л.  Рубинштейн  «Оқып-үйрену  мақсатындағы  оқу  әрекеті,  яғни,  белгілі 
әрекетті  орындаудың  тәсілін  игеру  мен  белгілі  бір  нәтиже  алу  мақсатындағы 
іскерлік әрекет - бұл психологиялық түрғыдан алғанда әр түрлі әрекеттер».  
Жас  мамандар  жұмысқа  кірісе  отырып,  іс-әрекеттің  жаңа  түрін  орындай 
бастайды. Болашақ мұғалімнің жоғары оқу орнынан кейінгі іс-әрекетінің басты 
түрлері: бейімділік, танымдық, кәсіби-педагогикалық.  
Жас  маманның  бейімділік  әрекетінің  мазмұны  оның  сол  жүмыс  орнының 
демографиялық,  этникалық  ортасымен  танысуынан  басталып,  әрі  қарай  сол 
маманның  бейімділік  әрекетінің  мазмұны  оның  сол  жүмыс  орнның 
демографиялық,  этникалық  ортасымен  танысуынан  басталып,  әрі  қарай  сол 
мектептің  (гимназия,  лицей,  колледж)  салтымен,  ішкі  тәртібімен  ұласады. 
Бейімділік  іс-  әрекетінің  бөліктері  тобында  ерекше  орынды  маманның 
педагогикалық  ұжымымен  танысып,  олардың  мүшелерімен  қарым-қатынасты 
орната  алуы.  Кәсіби  педагогикалық  іс-әрекеттегі  танымдық  әрекеттер,  өзінің 
кәсіби  шеберлігіне  талдам  жасауында,  әдістемелеп  және  психологиялық-
педагогикалық  әдебиеттермен  қарулануында  тәлімгер  ұстаздардың  тәжірибесін 
қолдануында жүзеге асады. Сонымен қатар, жас мұғалім өз жұмысын атқаруда 
әдістеменің талаптарына сай сабақтың барлық түрлерін, типтерін жоспарлайды 
және  сабактан  тыс  қоғамдық  жұмыстар  да  оның  іс-әрекетінің  құрылымына 
кіреді. Болашақ мүғалімдердің кәсіби іс-әрекетке табысты бейімделуінің үлгісі. 
1.Мотивациялық 
Өлшемдер 
-  Өзінің  кәсіби  іс-  әрекетіне 
деген 
қызығуы. 
Өзінің 
кәсіби шеберлігін 
дамыта алуы 
 
Көрсеткіштер 
-  таным  жөне  кәсіптік 
қызығудың болуы.  
-  үздіксіз  білім  көтерудің 
жеке 
және 
қоғамдық 
маңыздылығын игеруі 
2. Бейімділік 
Бейімділік 
жағдайына 
бағдарлана 
алуы 

микроорта  өзгерісіне  сай 
іс-әрекетінөзгертуі. 
 
Студент 
мәртебесінен 
мұғалім 
мәртебесіне 
ауысу 
ерекшелігін 
сезіну.-бейімділік 
іс-
әрекетіне 
тән 
қиыншылықтарды  жеңе 
алуы. 
 
-әлеуметтік 
кәсіби 
қоршаған  ортаны  жедел 
тани  алуы.-өзін  кәсіби 
жүзеге асырудың нәтижесі 
әдіс-тәсілдерін 
пайдалануы. 
 
-жеке  адамның  базалық, 
мәдениет, 
кәсіптік 
білімін 
тәжірибеде 
қолдана 
алуы. 

әлеуметтік 
қоршаған 
ортаны 
және 
жаңа 
талаптар біліп тануы. 

 
4.Кәсіби педагогикалық 
-өзінің  кәсіби  іс-әрекетінің 
мақсаты 
мен 
міндетін 
анықтай 
алуы.-
педагогикалық 
кәсіби 
қарым-қатынастың  үрдісті 
жүзеге асыруы. 
 
-өз  пәнін  кәсіби  жете 
білуі.-оқыту 
тәрбиесі 
психологиялық 
негіздерін 
білуі-
педагогкалық 
үрдісті 
жоспарлап, жүзеге асыра 
білуі. 
Мотивациялық  бөлігі  таным  мен  кәсіптік  қызығуын,  педагогикалық  іс- 
әрекетке эмоцияналды жағымды нұсқаудың болуын, кәсіби шеберлігін ұштауға 
талпынысын көрсетеді. 
Бейімділік  бөлігі  танымдық  іс-қимылдың  жүзеге  асуын  педагогикалық 
қарым-қатынасты орната алу іскерлігі мен дағдыларын сипаттайды. 
Танымдық  бөлігі  педагогикалық  үрдістің  негізгі  сипатгамасын  білуі  мен 
кәсіби  біліктілігін  тәжірибеде  қолдана  алуын  айғақтайды.  Іс-әрекеттік  немесе 
кәсіби  педагогикалық  бөлігі  педагогикалык  үрдісті  жоспарлап  жүзеге  асыра 
білуін, өзінің жөне оқушылардың іс-әрекеттеріне талдау жасай алуын танытады. 
Оқушылардың  әлеуметтік  дағдылары  мен  пәнге  қатысына  ықпал  ететін 
фактордың бірі пән мүғалімінің балалармен тіл табыса білу қабілеттілігі болып 
саналады.  Себебі,  мұғалімнің  жеке  басының  қасиеті  окушының  пәнге  деген 
қатысына  елеулі  әсер  етеді.  Оның  сөзі,  жүріс-түрысы,  өзін-өзі  ұстауы,  киім- 
киісі, мәдениеті әрдайым бала үшін үлгі болып табылады. 
Ұстаз  ерекшелігі  –  оқу  материалдарымен  және  студенттермен  жұмыс 
жүргізуінде.  Осыдан  оның  жүмысының  екі  бағыты  айқындалады;  біріншіден 
мүғалім оқу матермалдарын терең меңгеруге және өзі сабақ беретіи пәнді 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет