5. Жаттығу әдісі. Грамматикалық оқытуда жаттығу әдісінің мәні зор.
Мұғалім тілдік материалды оқулық пен бағдарламаға сай, тіпті одан да көлемді
терең білімді оқушылар санасына өте тиімді юеткізгенмен, жаттығу әдісін
білмесе, жаттығу жұмыстарын жүргізбесе, ол көпке бармайды, ұмытылып
қалады. Сондықтан да мұғалім оқушыларға тілден саналы да терең, тұрақты да
берік білім бергісі келсе, жаттығуға, дағдыландыру жұмысын жүргізу арқылы
олардың дағдысын қалыптастыратын оқытудың жаттығу әдісін білуге тиіс.
Қазақ тілінен оқушылардың дағдысын қалыптастыру үшін жүргізілетін
жаттығулардың түрі көп. Сондықтан мұғалім жаттығуға байланысты мыналарды
білуге міндетті.
1.Белгілі бір жаттығу орындау үшін, оқушылардың сол жаттығуды орындарлық
білімі болуы шарт.
2. Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы
барлығына түсінсе ғана оны саналы түрде орындайды. Саналы түрде
орындалған жаттығулар ғана грамматикадан тиісті дағдылар алуына
көмектеседі.
3. Жаттығу оқушының қығығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс.
4.Жаттығу оқушы назарын өзіне тартатындай болуы керек.
5.Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы
шарт.
6. Жаттығулардың түрлері түрлі болып келуі.
7.Жаттығулар тек таяуда ғана өтілетін материалдарға негізделмейбұрынырақта
өтілген кейбір материалдарды да қамтуы тиіс.
8.Жаттығулар оқушылардың көп уақытын алмауға тиіс.
9. Шығармашылық жаттығулардың көбірек болуы қажет.
10. Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс. Жаттығулар
осы талапқа сай болғанда ғана оқушылардың дағдысын қалыптастыра алады.
Қазақ тілінен оқушылардың дағдысын қалыптастыру үшін жүргізетін
жаттығулардың түрі көп. Сондықтан да мұғалім жаттығуға байланысты
мыналарды білуге міндетті.
1.
Белгілі бір жаттығуды орындау үшін, оқушылардыи сол жаттығуды
орындарлық білімі болуы шарт.
2.
Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы
барлығына түсіне ғана оны саналы түрде орындайды. Саналы түрде орындалған
жаттығулар ғана грамматикадан тиісті дағдылар алуына көмектеседі.
3.
Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тйіс.
4.
Жаттығу оқушы назарын өзіне тарататындай болуы керек.
5.
Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып
отырылуы шарт.
6.
Жаттығулардың түрлі-түрлі болып келуі.
7.
Жаттығулар тек таяуда ғана өтілетін материалдарға негізделмей,
бұрынырақта өтілген кейбір материалдарды да қамтуы керек.
8.
Жаттығулар оқушылардың көп уақытын алмауға тиіс.
9.
Шығармашылық жаттығулардың көбірек болуы қажет.
10.
Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.
Жаттығулар осы талапқа сай болғанда ғана оқушылардың дағдысын
қалыптастыра алады.
Кітаппен жұмыс істеу әдісі
Кітаппен жүмыс істеу әдісі сабақтың барлық кезеңінде қолданылады.
Себебі білім оқушылардың тілдік құбылыстарды бақылауы арқылы немесе
мұғалімнің сөзі арқылы ғана емес, басқа әдістер арқылы да меңгерілетіні белгілі.
Оқушыларға қазақ тілінен білім мазмұнын игеруіне оқулық пен көмекші
оқу қүралдары, ғылыми көпшілік әдебиет, журнал мен газет материалдарының
мәні зор. Мұғалімнің түсіндіруі мен жаттығу жұмыстары кітапқа сүйенгенде
ғана нәтижелі болады. Сондықтан да мүғалім оқушыларға кітапты пайдалануды
үнемі үйретіп отыруы керек.
Мұғалім тілдің белгілі бір единицасын түсіндіріп болып, оқушылардың
сұрауларына жауап берген соң, оқулықты алдырып, етілген материалды
кітаптан оқып шығуды тапсырады. Мұндай жағдайда көбіне ережелерді оқу ғана
тапсырылады, кейде түсінігін оқу да талап етіледі. Содан кейін жаңа
материалдарға байланысты мұғалімнің қойған сұрауларына жауап қайтарады.
Көбіне мұғалім сұрақтарды жаттығуларды орындатып болып та қояды. Жана
материалды
пысықтарлық
жаттығулар
оқулыктан
да,
дидактикалык
материалдардан да болуы мүмкін. Ол мүғалімнің қалауымен шешіледі.
Өзің-өзі бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемелерінің түрлерін атаңыз.
2. Кітаппен жұмыс әдісіне мысалдар келтіріңіз.
3. Көрнекілік әдісн сипаттаңыз.
№ 3 дәріс тақырыбы. Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері
Негізгі сұрақтар:
1. Қазақ тілін оқытудың методологиялық негіздері.
2. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық принциптері.
3.Теорияны практикамен жалғастыру әдіс-тәсілдері.
Қысқаша мазмұны:
1.Оқыту теориясының даму принциптері, оның ішінде қазақ тілі
әдістемесінің методологиялық негіздері қоғам өмірімен тығыз байланысты.
Біздің қоғамымыз ілгері дамыған сайын, оқыту процестерінің де мазмұны
жаңарып, әдістері жетілдіріліп келеді. Оқыту процесінде кездесетін себептілікті,
байланыстылықты, бір –біріне тәуелділікті, даму жолдарын нақты ажырату үшін
таным заңдылықтарын жете білудің маңызы зор.
Әрбір пәннің оқыту әдістемесі белгілі бір ғылымға негізделеді. Мысалы,
әдебиетті оқыту әдебиеттану ғылымына, ал қазақ тілі оқыту әдістемесі қазақ тіл
біліміне тығыз байланысты қаралады. Тілде дамымай, өзгеріске ұшырамай, бір
қалыпта қалып қоятын мәңгілік ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгереді, дамиды. Сондай
өзгеру мен дамуды тілдің синтаксистік жүйесінен көруге болады.
Тілдің синтаксистік жүйесіндегі өзгеріс, даму, ең алдымен, сөздердің, яғни
сөз таптарының бір –бірімен тіркесімпаздық қасиетіндегі құбылыстардан,
синтаксистік элементтерді бір –бірімен қарым –қатынасқа келтіретін амал
тәсілдердегі, формалардағы құбылыстардан, грамматикалық формалардың
мағыналары мен функцияларындағы құбылыстардан байқалады.
2.Қазақ тілін оқыту әдістемесі мен әдістемелік принциптері педагогика
ғылымның оқу –тәрбие беру жөніндегі барлық теорияларына, оның дидактика
дидатика бөліміне негізделеді. Өйткені дидактика –барлық ғылымды оқыту
жөніндегі әдістер жайындағы теорияның жиынтығы немесе педагогикалық
ғылымның оқыту әдістері жөніндегі саласы. Сондықтан дидактикалық
принциптер әр пәнді оқыту әдістемесінің теориялық негізі болып есептеледі.
Демек, қазақ тілін оқыту әдістемесі де жалпы дидактикалық принциптерге
сүйенеді. Олар мыналар:
1) Оқытудың ғылыми принциптері.
2) Оқытудың жүйелілік принципі.
3) Оқытудың материалды дұрыс орналастыру принципі.
4) Оқытудың алдын ала болжау принципі.
5) Оқытудың саналылық принципі.
6) Оқытудың берік, тиянақты болу принципі.
7) Оқытудың теория және практика, өмірмен байланыстыру принципі.
8) Оқытудың көрнекілік принципі.
3.Сабақ – оқу-тәрбие үрдісінің белгілі бір уакыт шектеуіндегі біртұтас,
логикалық аяқталған бөлігі. Онда оқу тәрбие үрдісінің барлық негізгі
элементтері, мақсаты, мазмүны, құралдары, әдістері, үйымдастыру ісі көрініс
табады. Сабақтың сапалы болуы осылардың өзара ұштаса жүруіне байланысты.
Сабақка қойылатын негізгі талаптар:
1.
білімдік міндеттер мен оның кұрамдас бөліктерінің нақты белгіленуі,
олардың тәрбиелік және дамытушылық міндеттермен байланысы. Сабақтың
жалпы жүйесіндегі орнының анықталуы;
2.
оқытушылардың дайындық дәрежесін ескере отырып, оқу бағдарламасы
талаптары мен сабақ максаттарына сай сабақтын ең тиімді мазмұнын анықтау;
3.
сабақта сабактың жеке кезеңдерінде оқушылардың ғылым негіздерін
меңгеру және білік, дағдыларының қалыптаеуын алдын-ала болжау;
4.
әдіс тәсілдердің ең ұтымдысы таңдау, олардың әр сабақка тиімді әсер
етуі. Оқушылардың өз бетімен оқуын және олардың танымдық
белсенділіктерін арттыратын сабактағы ұжымдық, жеке жүмыс түрлері бірлігін
таңдау;
5.
сабақта дидактиканың барлык принциптерін жүзеге асыру;
6.
оқушылардың табысты оқуларына жағдай жасау;
2.Сабақта оқу үрдісін құрудыц дидактикалық негіздері
Сабақтың тиімділігі оның құрылымдылық компоненттерін дүрыс анықтау
мен олардың бірлігіне байланысты.
1.
Мақсаттық-мотивациялық компонент.
Сабақ мақсатын мұғалімнің анықтауы, оқушылармен бірлесе отырып сабак
міндеттерін айқындау.
2.
Мазмұндық компонент.
Сабак мақсатының дәлдігі. Ғылымилығы. Қолайлылығы. Жүйелілігі және
жинақтылығы. Практикалық бағыты. Тәрбиелік және дамытушылык мүмкіндігі.
3. Іс-әрекеттік қызметтік компоненті.
а) Оқыту әдістері:
Алған
білімнің
негізі
бойынша:
түсіндірмелі-иллюстративті,
репродуктивті, ішінара ізденіс, проблемалық зерттеу.
Сабақтағы оқыту әдістері төмендегі мәселелерге сәйкес келуі керек:
1.
сабақ міндеттеріне;
2.
оқу материалдарыньщ мазмұны мен ерекшелігіне;
3.
оқушылардың білім, білік, дағдыларының деңгейіие;
4.
сабақтың материалдық қамтамасыз етілуіне;
5.
мүғалімнің жеке ерекшелігіне, оның әдістемелік шеберлігімен дайындық
дөрежесіне;
6.
оқушылардын дайындығы мен мүмкіндігінё, жеке ерекшелігіне;
7.
уақыт мөлшеріне;
ә) Тәрбие әдістері: өзін-өзі және өзара бақылауларды қамтамасыз ету,
дүниетанымды қалыптастыру, іс-әрекетті үйымдастыру, ынталандыру.
б) Оқыту түрлері: жеке, топтық, ұжымдық.
в) Бағалау-қортындылау бөлігі:
жетістіктерді бірлесе отырып бағалау, оқу үрдісіне түзету енгізу, қажетті
бақылаулар жүргізу.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
1.
Қазақ тілінен тиянақты білім беруде сүйенілетін жалпы дидактикалық
принциптер түрлеріне сипаттама беріңіз.
2.
Қазақ тілін оқытудың методологиялық негіздері қандай?
3.
Сабақтағы оқыту әдістері мәселелерін ретімен айтыңдар.
№ 4 дәріс тақырыбы. Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдісі
Негізгі сұрақтар:
1.Бастауыш сыныпта фонетика мен графика мәселелерін оқытудың міндеттері
мен мазмұны.
2.Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен заңдылықтарын меңгерте отырып, тілдегі
сөздердің айтылу және жазылу нормасын қалыптастыру.
3.Дауыста және дауыссыз дыбыстар.
Қысқаша мазмұны.
1. Фонетикалық талдау мазмұнына қарай екіге бөлінеді. 1. Дыбыстар
жүйесі бойынша талдау. Бұған мына тақырыптар кіреді: тіл дыбыстарының
жасалуы, дыбыс пен әріп, дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай
бөлінуі, иектің қызметіне қарай ажыралуы, тілдің қалпына қарай жіктелуі, үнді,
ұяң, қатаң дауыссыздар. 2. Үндестік заңы бойынша талдау. Оған мыналар кіреді:
буын жігі, екпін, буын үндестігі, дыбыс үндестігі, ілгерінді және кейінді ықпал
түрлері.
ФОНЕТИКА тарауын модульдік жүйемен оқыту
Бөлімі
Сабақ саны
Сабақтың мазмұны
Уақыты
1
2
3
4
Кіріспе бөлімі
1-сабақ
1.Модульге кіру.
2.Теориялық білім беру
тірек сызба арқылы
лекция – өзара сөйлесу
әдісі.
3.Оқулықпен жұмыс
А) жеке оқушымен
Б) жаттығу жұмысы.
5 мин
20 мин
10 мин
5 мин
Сөйлесу бөлімі 2-сабақ
«Қарлы кесек» оқыта
үйрету ойыны.
45 мин
3-сабақ
«Өзара оқыту» сабағы
45 мин
4-сабақ
Жаттығу жұмысы
1.Ұжымдық жұмыс
2.Жеке оқушымен
жұмыс
Сатылай талдау
әдісімен таныстыру.
30 мин
15 мин
5-сабақ
«Қазымыр оқушы»
оқыта үйрету ойыны.
Б.Блум таксономиясы.
Қорытынды, жинақтау.
15 мин
25 мин
5 мин
6-сабақ
Үй тапсырмасын
тексеру: «мұғалім»-
«оқушы» оқыта үйрету
15 мин
30 мин
әдісі.
Өзіндік жұмыс:
деңгейлік тапсырмалар
орындау.
7-сабақ
«Эстафета» оқыта
үйрету ойыны.
«Диалог-ертегі» құрау.
30 мин
15 мин
8-сабақ
Бақылау диктант.
45 мин
Қорытынды
бөлім
9-сабақ
Сынақ деңгейлік
тапсырмалар
1.Таңдамалы тест
2.Толықтыруды қажет
ететін тест
3. Сатылай кешенді
талдау
4.Қорыту
15 мин
15 мин
10 мин
5 мин
1-сабақ
Фонетика.Тіл дыбыстары
Сабақтың мақсаты:
білімдік
тәрбиелік
дамытушылық
Фонетика тіл білімінің
бір
саласы,
оның
зерттейтіні
дыбыстық
тіл,
дыбыс
сөйлеу
мүшелері арқылы пайда
болатынын түсіндіру
тіл дыбыстарының
сапалық сипаты
мағынасы, дыбыс саны,
дыбыстардың орналасу
тәртібі сөз болудың
басты шарты екендігін
ұқтыру
Бастауышта алған
білімдерін қайта
жаңарту, бірізге салып
жүйелеу, дарадан
күрделіге қарай білу.
Сабақтың көрнекілігі: фонетиканың тірек сызбасын құрастырып шығару
(модельдеу), модульдік құрылымдық жоспары.
Сабақтың түрі:жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың өту әдісі:модульдік оқыту технологиясы-лекция өзара сөйлесу,
модельдеу, анализ, синтез.
Сабақтың өту барысы.
I.Ұйымдастыру.(5 мин )
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
А) Оқушыларға оқу модулінің құрылымы мен мазмұнын таныстыру.
II.Жаңа сабақ. (20 мин)
Фонетиканың тірек-сызбасын өзара сөйлесу әдісі арқылы жинақтап құрастырып
шығару.
Сіздерге бастауыш сыныптан белгілі. Сөз неден тұрады? (дыбыстан тұрады).
Дыбыстар қандай-қандай болып бөлінеді? (дауысты,дауыссыз). Дауысты
дыбыстардың қандай ерекшелігі бар? (буын құрайды, ән салуға болады).
Дауыссыз дыбыстарда қандай ерекшелік бар? т.б.
III.Оқулықпен жұмыс.(10 мин)
Ережелерді оқытып, өздері шығарған ереженің дұрыс-бұрыстығын көз жеткізу.
ІҮ.Дәптермен жұмыс. (7мин)
1.Көп нүктенің орнына өздері білгенінше толтыру, кітаптан қарап өзін-өзі
тексеру. (Дауысты, дауыссыз дыбыстарды түгендеп жазу).
2.Жаттығу жұмысы: ауызша,-жазбаша.
Ү.Қорыту, бағалау.(2 мин)
ҮІ.Үйге тапсырма:
Ескерту.1.Фонетика тарауы оқушыларға әуелден таныс болғандықтан оқушылар
тез меңгереді.
2.Уақыт қалған жағдайда оқушыларға тереңірек білім беру мақсатында
қосымша тапсырмалар да дайындап берген артық емес, өйткені оқушылардың
көбі оза оқығанды қалап отыратынын өз тәжірибемде байқап жүрмін.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Ф сатылай талдауды меңгертудің жолдары талдаудың түрлері.
2.Фонетика тарауын модульдік жүйемен оқытуды түсіндір, бір сабақтың
жоспарын жаса.
№ 5 дәріс тақырыбы. Қазақ тілінің лексикасын оқыту әдісі
Негізгі сұрақтар:
1.Лексикалық ұғымдар және оларды меңгерту әдіс-тәсілдер жүйесінің
ерекшеліктері.
2.Лексиканы оқьпуда көрнекілік пен сөздіктерді қолдану жолдары.
Қысқаша мазмұны:
Қазақ тілінің бір саласы ретінде лексиканы оқытудың маңызы, міндеттері,
орны, принциптері. Лексиканың мазмұны. Лексикалық негізгі ұғымдарды
меңгеруде оқушыларға кездесетін қиыншылықтар. Оқушы тілінде байқалатын
лексикалық ортақ қателер. Лексиканы оқытуда көрнекі құралдар мен
техникалық құралдарды пайдалану. Оқушылардың лексикадан алатын
білімдерін жүйелеу және іскерліктерін жетілдіру. Сөздіктің түрлері, олармен
жұмыс жасаудың тәсілдері.
Лексиканы оқыту үрдісін ұйымдастыруда оқушылардың білім, білік, дағды,
ұғым, зейін шеңберлерін қалыптастырып, олардың рухани келбеттерін,
адамгершілік қасиеттерін және ақыл – ой қабілеттерін сөздіктердің көмегі
арқылы да дамыту мақсаты басты нысана болмақ.
Біздің қоғамымыз ілгері дамыған сайын, оқыту процестерінің де мазмұны
жаңарып, әдістері жетілдіріліп келеді. Оқыту процесінде кездесетін
себептілікті, байланыстылықты, бір- біріне тәуелділікті, даму жолдарын нақты
ажырату үшін таным заңдылықтарын жете білудің маңызы зор.
Мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған талап- жас ұрпақты рухта
тәрбиелеп, келешек өмірге жан- жақты даярлап шығару. Мұндай талапты
орындау мұғалімге әр сабаққа шығармашылық жұмыстар атқаруды, ұтымды
және
орынды
әдіс-тәсілдерді
пайдалануды
және
оқытудың
жаңа
технологияларын қолдануды жүктейді. Сондықтан, лексиканы оқыту үрдісінде
қандай әдістерді пайдалану арқылы балаларды дамыта аламыз және оны қалай
жетілдіреміз деген проблемалық мәселелер жалпы қоғамды, әсіресе
мұғалімдерді толғандырмай қоймайды.
Мұндай проблема лексиканы оқыту әдістемесін де айналып өтпейді. қазақ
тілін оқыту әдістемесінің алдында тұрған міндет- оқушылардың дұрыс
сөйлеуіне, тілін дамытуға, сөздік қорын байыту, сөз мағынасының тереңдігін
үңілдіру, ұғындыру. Ал, ол үшін әр түрлі сөздіктерді қолдану, өз қажетіне
жарата білуді оқушы бастауыш сыныптың өзінен –ақ игеруі шарт. Сөздікпен
жұмыс жасау- оқушының ғылыми ізденіске негізделген, танымдық қажеттілігін
қанағаттандыратын маңызды ізденіс болмақ.
Қазақ тіл білімі ғылымында Қ.Аханов, Ә.Болғанбаев, Ж.Мусин, Ғ.Мұсабаев,
І.Кеңесбаев, Ғ.Қалиев т.б. ғалымдардың еңбектерінде антонимдер әр түрлі
зерттеу саласында көрініс тапқан.
Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да
болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын,
жазушы шығармаларында көп қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл
сөздерден, мақал-мәтелдерден жиі кездестіруге болады.
Ж.Мусин «Қазақ тілінің антонимдер сөздігі» атты еңбегінде,
антонимдерге әр түрлі бағыттағы анықтама берген.
1. Әдетте мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер – антоним деп аталады.
2. Антонимдік мағына сапалық ұғымдарға тән болады деген пікір жиі
қолданады.
3. Антоним сөздердің қарама-қарсылықты мәні, олар бір сөйлем ішінде қатар
қолданғанда айқын аңғарылады. Мұндайда антоним сөздердің мағыналық
қарама-қарсылығы айрықша баса көрсетіліп, ерекше көзге түседі.
Зерттеуші-ғалым Ә.Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» атты еңбегінде
антонимге мынадай тұжырым жасайды: «Антонимдер дүниедегі заттардың,
құбылыстардың
сын-сапасын,
артық,
кем
қасиетін,
мөлшер-көлемін
салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады» .
Антонимдер дүниедегі, әлемдегі құбылыста, сондай-ақ адам бойындағы
өмір мен өлім, жақсы мен жаман, күн мен түн, жұмсақ пен қатты, тірі мен өлі,
қайғы мен шат, әділет пен қиянат түрінде кереғар ұғымдардың жиынтығы.
Мысалы: Батырлық-ерлік, қорқақтық туралы мақал-мәтелдердегі антонимдер:
« Батырдың бір ісі тепетек, қорқақтың екі ісі тентек»; « Ер бір рет өледі,
қорқақ мың рет өледі»; « Қорқақты көп қусаң, батыр болар»; «Ер жігіт үйде
туып, түзде өлер»; «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі»; «Ер жігітке өлім
бар да, қорлық жоқ»; «Қорлық өмірден, ерлік өлім артық».
Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдердегі антонимдер:
«Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық»; « Бөтен жердің гүлінен, туған
жердің тікені артық»; «Елді іс біріктіреді, сөз бұзады»; « Жат елдің
қаршығасынан, өз елінің қарғасы артық»; «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ
жаушыдан»; «Елге ел қосылса – құт, елден ел айрылса – жұт»; «Елдің сырты
жаудан аман болсын, елдің іші даудан аман болсын».
Базар, сауда, ақша, олжа, байлық туралы мақал-мәтелдердегі антонимдер:
«Базар бай, алушы кедей»; «Арзан менен қымбаттың, базар берер нарқы
бар, жақсы менен жаманның, адам берер парқы бар»; «Барлық не жегізбес,
жоқтық не дегізбес»; « Бай тойғанынан кекіреді, кедей аштықтан секіреді».
Осындағы барлық-жоқтық, адалдық-арамдық, жақсы-жаман дегендер
жақсылық пен жаманшылықтың, әділдік-әділетсіздіктің кереғар ұғымдары бір-
біріне қарама-қарсы қойылып айтылып тұр. Екі жағының салмақ-мөлшері бірі
артық, бірі кем емес, нақ бірдей, тепе-тең.
Қазақ тілінде сөздің құрамы жағынан лексика-семантикалық сөздер
тобының басты саласының бірі – омонимдер.
Омонимдерді алғаш зерттеушілердің бірі К.Аханов: «Омонимия
құбылысын жан-жақты қарастырып, оның сырын ашудың зор маңызы бар.
Сөздіктерде омонимдер мен полисемия құбылысының бір-бірінен жігі
ажыратылмай, теріс берілуі жиі кездеседі. Бұлай болуы негізінен алғанда,
омонимия құбылысы мен полисемия құбылысының зерттелінбей келгендігімен
байланысты. Омонимдерді жан-жақты толық зерттеп, олардың ерекшеліктерін
ашпайынша, сөздіктерде сөз мағынасының шегін дұрыс ажыратып беру әр
уақытта мүмкін бола бермейді» – дейді .
Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің сыртқы формасы жағынан бір-
біріне ұқсастығы бар. Сөздердің дыбыстық құрылымы жағынан бұларды бірдей
деуге болады. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің бір-бірінен өзгешелігі
түр-тұрпатында емес, мағынасында жатыр. Көп мағыналы сөздердің екі, я одан
да көп мағынасы болады.
Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ ұғымы әр басқа сөздер
тобын білдіреді. Бұлардың білдіретін ұғымы бір сөз табына, әр сөз табына да
дара-дара болып бөлініп жарылып тұра береді. Кейбір омонимдердің түп-төркіні
жағынан белгілі бір байланысы болғанымен, мағына жағынан бір-бірінен
соншалықты алшақ екендігі аңғарылады. Мағыналардың арасындағы
семантикалық байланыс біржола үзіліп әр мағына өзінше дараланып, бір-бірінен
ажыратылған болса, ондай сөздер омонимдес сөз деп қаралады.
Тіліміздегі сөздердің мағыналық дамуы – олардың ішкі мүмкіндігіне
байланысты өзіндік заңдылықтары мол күрделі құбылыс. Бұл құбылыстың бір
көрінісі – гомогенді (бір текті) омонимдердің пайда болуы.
Гомогенді омонимдер – дегеніміз о бастағы шығу тегі бір, түбірі де,
мағынасы да бір сөздің сапалық дамуы нәтижесінде бір-бірінен алшақтай түсіп,
тақырыптық екі салаға, екі дербес мағынаға ие болған лексемалар.
Зерттеушілердің бір қатары омоним сөздер деп танылу үшін омонимдік
қатарға енетін сөздер өздерінің шығу тегі жағынан гетерогенді (әр текті), яғни
тұлғалық ұқсастығы мен сәйкестігі кездейсоқ болуы керек деген принципті
ұстанса, енді бір топ зерттеушілер тілде гомогенді (бір текті) омонимдердің
болуы да заңды деп тұжырымдайды.
Күлтөбе, Қостөбе, Көктөбе, Күлтөбенің басында күнде жиын, күнде той» т.б.
және де келесі мақал-мәтелдерде кездеседі: «Аты аталмаған жігіттен, аты
аталған төбе артық»; «Мысық жоқта тышқан төбеге шығады»; «Төре аяғы
маймақ төбе басы сайғақ»; «Төркініне сенгеннің төбесі тесік».
Кез келген суреткер шығармаларында омонимдер шығарманың көркемдік
дәрежесін биіктету мақсатында қолданысқа түсіреді. Омонимдер халық ауыз
әдебиетінде жиі қолданыста кездеседі. Омонимдерді өз шығармаларында тіл
көркемдігінің бейнелігін арттыру үшін қолдану суреткердің шеберлігіне
байланысты.
Омонимдердің мағыналық топтарын анықтау үшін көркем шығармада
контекстік сипат басым келеді. Омонимдер, антонимдер немесе синонимдер
сияқты мақал-мәтелдерде қатар келе бермейді және де сирек кездеседі.
«Жылағанды сұрама, күлгенді сұра.
Жылағанның мұңы бар, күлгеннің сыры бар».
«Қайғың болса досыңа бар, қарның ашса қосыңа бар».
Жоғарыдағы берілген мақалдың біріншісінде айтылған «бар» сөзі
модальдік мағынаны білдіреді, мұнда адамның уайым-қайғысы бар деген
адамның мұңы «бар», күлген адамның сыры бар деген ұғымда айтылған.
Мұндағы «бар» модаль сөзі осы мағынада жұмсалған. Екінші мақалдағы
«досыңа бар», «қосыңа бар» дегенде «бар» сөзі етістік түрінде, қимыл-әрекетті
білдіреді. Сондықтан да бұл «бар» сөзі бір-бірімен омонимдес. Себебі, бұл
келтірілген мақал-мәтелдердегі «қой», «бар» сөздері мағыналық жақтан дамып,
әрқайсысының мағыналары бір-бірімен алшақтау нәтижесінде жасалған
омонимдер.
Достарыңызбен бөлісу: |