Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Сөзжасамды қайталау сабағын қалай жоспарлауға болады?
2.Сөздің морфемалық құрамын және жасалуын оқытудың маңызы мен міндеті
қандай?
3.Оқушылардың сөз құрамын талдауда жіберетін қателері, оны түзетудің
жолдарымен жұмыс жүргізу жолдары.
№ 8 дәріс тақырыбы. Грамматиканы оқыту әдістемесі.
Негізгі сұрақтар:
1.Мектепте грамматиканы оқытудың максаты мен міндетгері.
2.Мектепте оқылатын грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту
әдістерінің жүйесі.
3. Грамматикалык талдау әдістемесінің теориялык негіздері.
4.Талдаудың түрлері. Грамматикалық терминдер.
Қысқаша мазмұны:
1.Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмыстарының мәні зор. Тақырып
түсіндірілгеннен кейін жаттығу жұмыстары орындалады. Әрбір ұстаз
оқушылардың қажетті дағдыларын қалыптастыратын және қалыптсақан
дағдыны тілдің басқа да құбылыстарына қолдана алатын жаттығу жұмыстарын
білгені жөн.
Жаттығу барысында оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де
дәл қолдана алу дағдысына ие болады: біріншіден, білімдері нығайтылады,
екіншіден, өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой қабілетін арттырады.
Жаттығу жұмыстары жүйесіне қарай материалды талдауға қойылатын
талаптар туады. Материал талдауда мына жағдайлар ескеріледі:
1.Грамматикалық немесе орфографиялық құбылыстарды түсіндіру кезінде
бақылау үшін анағұрлым жеңіл, анық материалдар алыну керек. Бұл кезде
оқушылардың зейінін ережеден басқаға алаңдататын нәрселер болмағаны жөн.
2.Жаттығуға арнап материал таңдағанда тіл дамыту мен жазу жан-жақты
ескерілгені жөн және бұрын өтілгендерді қайталап отырған жөн.
3.Жұмыстың әр түрлі кезеңдерңінде ибіртектес материалды қайталап отыру
дұрыс болмайды.
Қай сабақ болмасын оқушының алған білімдері, дағдысы есепке алынып,
бағаланады. Бағалау жолдары:
1.Сабақтың негізінде бағалау.
2.бірнеше сабақтың негізінде бағалау.
3.Бір ғана жұмыстың негізінде бағалау.
Ұстаз
жаттығу
жұмыстарын
грамматика-стилистикалық
бағытта
ұйымдастырады. Дайын мәтін ала отырып, соған грамматика-стилистикалық
талдау жасауға болады. Оқушылардың назарын сөйлемнің құрылысына
аударып, қалай жасалғанын, қандай ерекшелікпен көрінетінін, қандай стильдік
қателер барын байқатады.
Грамматикалық тақырыпқа байланысты ережелерді ауызша сұрап білу үшін, әр
сыныптың ерекшелігіне қарай тәсілді өзгеріп отырған жөн. Оқушыны қалайда
сол ережені өзінің түсінігінше айтып беруге дағдыландырған қажет.
Оқулықтағы жаттығу материалдарын ауызша талдату жұмысы оқушының ой-
өрісін дамытумен қатар, ойын жүйелі айта білуге дағдыландырады.
Қазақ тілінде грамматикалық талдаудың түрлері бар: фонетикалық,
морфологиялық талдау, синтаксистік талдау, сөзжасамдық талдау
3.Грамматикалық талдау - казак тіліне тән оқыту әдістерінің бірі.
Оқытудың бұл түрі көбінесе оқушыларға қазақ тілінен білім мен дағды беруде
жиі қолданылады.
Қазақ тілінде грамматикалык талдаудың мынадай түрлері бар:
фонетикалық талдау, морфологиялық талдау, синтаксистік талдау, сөзжасамдық
талдау.
Морфологияны оқытуда көбінесе морфологиялық жөне фонетикалық
талдау жасатылады. Сатылай кешенді талдау жүйесінде сөздің лексикалық
мағынасы да есепке алынады. Мысалы, сөзді құрамына талдағанда, сөздің
қанша морфемадан тұратынын, ол морфемалардан қаншасы лексикалық мағыиа,
нешеуі грамматикалық мағына беріп тұрғаны талданады.
Морфологияны оқытқанда көбінесе фонетикалық, морфологиялық талдау
жасалады. Ал фонетикалық талдау диктант, мазмұндама, шығарма жазар
алдында және жазылғаннан кейін кейбір жағдайда мұғалім керек деп тапқанда
уақытта жүргізіледі.
Грамматикалық талдау - қазақ тіліне тән оқыту әдістерінің бірі. Оқытудың
бұл түрі көбінесе оқушыларға қазақ тілінен білім мен дағды беруде жиі
қолданылады.
Қазақ тілінде грамматикалык талдаудың мынадай түрлері бар:
фонетикалық талдау, морфологиялық талдау, синтаксистік талдау, сөзжасамдық
талдау.
Морфологияны оқытуда көбінесе морфологиялық жөне фонетикалық
талдау жасатылады.
Сатылай кешенді талдау жүйесінде сөздің лексикалық мағынасы да есепке
алынады. Мысалы, сөзді құрамына талдағанда, сөздің қанша морфемадан
тұратынын, ол морфемалардан қаншасы лексикалық мағыиа, нешеуі
грамматикалық мағына беріп тұрғаны талданады.
Синтаксистік талдауды оқытқанда, кебінесе синтаксистік және
морфологиялық талдау жасатылады. Ал фонетикалық талдау диктант,
мазмұндама, шығарма жазар алдында және жазылғаннан кейін, кейбір жағдайда
мұғалім керек деп тапқан уақытта жүргізіледі.
Қазақ тілі грамматикасын оқытқанда, грамматикалық талдауда да,
жазбаша да жасатып отырылады. Дегенмен, талдаудың қай түрі жүргізілсе де,
ол оқушылардың көп уақытын алмауға, тек оларға тілдік единицаларды
салыстыра отырып таныту немесе олардың дағдысын қалыптастыру, білімін
есепке алу мақсатын көздеуге тиіс.
Грамматикалық талдау қалай болса солай жүргізіле салмайды, ол арнаулы
бір жүйемен әр сабақтың мақсатына орайластырып отырылады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Мектепте грамматиканы оқытудың максаты мен міндетгері.
2.Мектепте оқылатын грамматикалық ұғымдар жүйесі мен оларды меңгерту
әдістерінің жүйесі.
3. Оқушылардың әр түрлі іскерлік дағдыларын қалыптастыруда, грамматикалык
қателерді болдырмау үшін алдын ала жұмыс жүргізу жолдары.
№ 9дәріс тақырыбы. Морфологияны оқыту әдісі
Негізгі сұрақтар:
1.Морфология – тіл ғылымының бөлімі.
2.Орта мектепте сөз таптарын оқытудың негіздері, оқытылу реті.
3.Зат есімді оқыту жүйесі, мазмұны мен міндеті.
4. Етістікті оқыту т.б. сөз таптарын оқытудың ерекшеліктерімен таныстыру.
5.Сөз таптарын оқыту барысындағы тіл дамыту жұмыстары.
Қысқаша мазмұны:
1. Қазақ тілінің бұл бөлімдегі сөз таптарының оқытылу реті. Әр сөз
табының ерекшеліктері, бір-бірінен айырмашылықтары, жазылу ережесі, т.б.
заңдылықтарды меңгерту.
Бұл әдіс орта мектептердің ІУ-ІХ сыныптарында жиі қолданылады.
Морфологиялық талдау әдісі материалдарды бекіту, жаттығу және пысықтау
процесінде жиі кездеседі. Оған мынадай талаптар қойылады:
1. талдауға аланған материалдар морфологиялық тақырыптарға сәйкес болуы
тиіс;
2. мәтіндер, сөйлемдер морфологиялық материалдарға тікелей қатысты болуы
қажет;
3. морфологиялық талдауды жүргізуде сөз құрамдары мен сөз таптарының
өзіндік ерекшеліктері жеке-жеке талдануы қажет.
Морфологиялық талдау әдісін іске асыруда, оның құрылымдық
элементтері де үлкен қызмет атқарады. Бұндай әдістің құрылымдық элементтері
мыналар.
1. Морфологиялық талдауға арнайы мәтіндер мен сөйлемдер таңдалады;
2. Осы таңдалған мәтіндер мен сөйлемдерді оқушылар дауыстап оқып шығады;
3. Мәтіндер мен сөйлемдер тақтаға немесе дәптерге жазылады;
4. Сөйлемдегі әрбір сөз тақтаның сол жағына бірінен соң бірі, яғни бірінің
астына бірі жазылады;
5. Сөз құрамдары мен сөз таптары бойынша талдау жасалады;
6. Сөз құрамдары мен сөз таптары бойынша айтылған пікірлер қорытылып,
жинақталады.
Морфологияны оқытуда тілдің заңдылықтарын дұрыс пайдалана білу жолдарын
үйрету.
Морфологиялық талдау екі топқа бөлінеді: 1) Сөз құрамы бойынша талдау; 2)
сөз таптары бойынша талдау. Сөз құрамы бойынша талдауға мына тақырыптар
енеді: түбір сөз, қосымшалы сөз, қосымша ( жұрнақ, жалғау), туынды сөз,
түбірлі сөз, жалаң сөз, күрделі сөз, біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз.
Сөз таптары бойынша талдауға мына тақырыптар енеді: зат есімң сын
есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөз. Бұл талдаулар
ауызша, жазбаша талдау тәсілімен орындалады, орындау орнына қарай сыныпта
және үйде жүргізіледі. Морфологиялық талдау әдісін схемалар, карточкалар
бойынша іске асыруға болады.
І. Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
Білімділік – зат есім туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету;
Дамытушылық – түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;
сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік – ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық ізденіс сабағы
Сабақтың типі: жаңа материалды игеру сабағы
Сабақтың әдістері: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: тарих, қоршаған орта.
Сабақтың көрнекілігі: сызба.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын сұрау. (5 мин), сұрақ-жауапқа 10 мин
1.Тест тапсырмасы
1. Морфология нені зерттейді?
А) сөз құрамын
ә) дыбыстарды б)сөздік қорды
2. Атауыш сөзді тап.
а) сайын ә) де б) Асқар
3.Одағай сөзді тап.
а) Апа ә) Дейін б) Алақай!
4. Сөйлемде көмекші сөзді тап.
Олжас қатардан кейін шегінді.
а) Олжас ә)қатардан б)кейін в)шегінді
5. Сөйлемде одағайды тап.
Пах, шіркін! Күн қандай керемет!
а) күн ә) қандай керемет б) пах, шіркін
2. Салыстыру
Атауыш сөз
Ортақ
Көмекші сөз
Үй тапсырмасын пысықтау үшін сұрақтар қойылады.
1.
Морфология нені зерттейді?
2.
Атауыш сөз дегеніміз не?
3.
Көмекші сөз дегеніміз не?
4.
Одағай сөз дегеніміз не?
5.
Атауыш сөзбен көмекші сөзді қалай ажыратамыз?
116-жаттығу тексеріледі.
ІІІ. Қызығушылығын ояту кезеңі. Ойжұмбақ.
Ол барлық үйде болады, мектепте де бар.Ол затты класс бөлмесінен де
көруге болады, күнде қолдарыңа да ұстайсыңдар. Қане, ойланып көрейікші, бұл
не? Суретін іліп қоямын.
( Компьютер, кітап, есік, терезе, орындық).
V. Жаңа сабақ
-Жақсы, енді осы сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
-Не?
-Кітапты, компьютер, партаны пайдаланатын адамдарға қандай сұрақтар
қоямыз?
-Кім? Кімдер?
-Бұлар ненің атын білдіріп тұр?
-Заттың.
-Ал, енді балалар бүгінгі сұрақтарымызға қарап сендер не ұқтыңдар?
- Сөз табы зат есім.
Жаңа сабақты түсіндіру.
(слайд көрсетіліп тұрады).Слайдта берілген тапсырманы орындау.
Қорытынды:
1)
Зат есім дегеніміз не?
2)
Ережесін айт.
3)
Зат есім нешеге бөлінеді?
4)
Жалпы есім дегеніміз не?
5)
Жалқы есім дегеніміз не?
6)
Жалпы есім мен жалқы есімді қалай ажыратамыз.
VІ. Үйге тапсырма: Төмендегі сұрақтарға жауап жазып келу тапсырылады.
1. Сенің жолдастарың кімдер?
2. Қандай газет, журнал, кітап оқисың?
3. Қандай өзен, көл, теңіз аттарын білесің?
4. Қандай ірі қалаларды білесің?
5. Сіздің үйде кімдер тұрады? Олардың аты-жөнін толық жазып көрсет.
Оқушылардың білімін бағалау.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Морфологиялық жаттығулар, талдаулар, оны жүргізудің өзіндік ерекшеліктері
мен әдістері.
2.Сөздің морфемалық құрамын және жасалуын оқыту жұмысының міндеттері,
маңызы. Морфемалық құрамды оқыту жүйесі.
3.Түбірді, жалғауды, жұрнақтарды оқыту әдістемесі.
4.Сөз таптарын оқытумен байланысты жүргізілетін сөз құрамымен жұмыс.
5.Оқушылардың сөз құрамын талдауда жіберетін қателері, оның себептері.
10-дәріс. Синтаксисті оқыту әдісі.
Жоспар:
1.Синтаксис бойыиша оқушыда қалыптасуы тиіс машық-дағдылар мен іскерлік
жүйесі.
2. Синтаксистік талдау және оны жүріізу логикасы.
3.Синтаксистің тілдің басқа деңгейлерімен тығыз байланыстылығы және
оқушыларға осы мәселені нақты ұғындыру жолдары мен әдісі.
Қысқаша мазмұны:
1. Синтаксис - грамматиканың көлемді құраушы бөлігі екендігі. Синтаксис
жүйесінің ішкі құраушылары - сөз тіркесі синтаксисі және сөйлем синтаксисі.
Сөйлем синтаксисін құраушылары - жай сөйлем синтаксисі және құрмалас
сөйлем синтаксисі. Мәтін синтаксисі. Қатысымдық синтаксис мәселесі.
Мектепте оқылатын синтаксистік ұғымдар жүйесі және синтаксистік ұғымдарды
калыптастыру әдістемесі.
Синтаксистік байланыстар мен сингаксистік қатынастар туралы ұғым
қалыптастыру. Синтаксистік тіркесімдік пен лексикалық тіркесімдік үғымы.
Синтаксис бойыиша оқушыда қалыптасуы тиіс машық-дағдылар мен іскерлік
жүйесі. Синтаксистік талдау және оны жүріізу логикасы. Синтаксистің тілдің
басқа деңгейлерімен тығыз байланыстылығы жане оқушыларға осы мәселені
нақты ұғындыру жолдары.
Мектепте аса көп жүргізілетін әдіс – синтаксистік талдау әдісі. Синтаксистен
теориялық білім мен практикалық дағды беруде іске асырылады.
Синтаксистік талдау жаңа материалды түсіндіру кезінде, біріккен сабақ
тұсында, бекіту, қайталау процесінде және тексеру сабақтарында дүргізіледі. Ол
өзінің мазмұнына қарай екіге бөлінеді: 1. Жай сөйлем бойынша талдау.2.
Құрмалас сөйлем бойынша талдау. Синтаксистік талдау жүргізгенде мына
тәрізді талаптар қойылады: 1. таңдалған мәтін не сөйлемнің логикасы дұрыс
болуы; 2. мәтіндер мен сөйлемдер көркем әдебиеттен алынуы; 3. таңдалған
сөйлемдер оқушының біліміне сәйкес болуы; 4. талдауға алынған сөйлемде
синтаксистік объектілердің мол болуы.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
1.Мектепте оқылатын синтаксистік ұғымдар жүйесі және синтаксистік
ұғымдарды калыптастыру әдістемесі.
2.Синтаксистік байланыстар мен сингаксистік қатынастар туралы ұғым
қалыптастыру.
11-дәріс. Сөз тіркесін оқыту әдістемесі.
Жоспар:
1.Сөз тіркесінің сыртқы белгілерінің меңгерту.
2 Сөз тіркесіне байланысты жаттығулар және оның түрлері.
Қысқаша мазмұны:
1. Сөз тіркесін жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен қатынастар.
Синтаксистік талдаулар жүргізу. Сөз тіркесінің коммуникативтік бірлік - сөйлем
құрау материалы екендігі. Сөз тіркесінің сыртқы белгілерін меңгерту - сөз
тіркесінен эмпирикалық білім беру сатысы екендігі. Сөз тіркесінің
жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастарды
танудың алатын маңызды орны. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері, байланысу
түрлері. Сөз тіркесінің құрамы мен сөз тіркесінің түрлері. Сөз тіркесінің
мағыналық түрлері. Сөз тіркесін сөз таптарының тіркесімділік қабілеті арқылы
жасалатын синтаксистік бірлік ретінде таныту, сөз тіркесін өзіне ұқсас
тұлғалармен салыстыра беру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
меңгерту. Сөз тіркесін талдау логикасы. Сөз тіркесін оқытудағы көрнекіліктер
мен косымша оқу-әдістемелік құралдар жүйесі.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
1 Сөз тіркесінің жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік
қатынастарды танудың алатын маңызды орны.
2. Сөз тіркесін оқытудағы көрнекіліктер мен косымша оқу-әдістемелік құралдар
жүйесі.
12-дәріс. Жай сөйлемді оқыту әдістемесі.
Жоспар:
1.Жай сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі және оны меңгерту
әдістемесі.
2.Жақты және жақсыз сөйлемдерді оқыту және олардың стильдік қызметіне
назар аудару.
Қысқаша мазмұны:
1.Жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік байланыстар. Жай сөйлем
туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі. Жай сөйлем жасалуындағы синтаксистік
байланыстар. Жалаң және жайылма сөйлемді проблемалык әдіспен меңгерту
өдістемесі. Атаулы сөйлемді оқыту және оны логикамен байланыстыру
жолдары.
Жай сөйлемнің түрлері туралы түсінік беру. Тақтаға мысалдар жазу. Далба
тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді. Деген сөйлемдегі тұрлаулы
мүшелерге талдау. Мейрамның Мұздыбайға соға кеткісі келді. Деген сөйлемде
бастауышы жоқ, тек баяндауыш қана қатысып тұр. Үскірік. Аяз. Тұлданған күн
деген сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды, тек атап қана қояды деп тақтаға
жазылған мысалдарға оқушылардың өздеріне синтаксистік талдаулар жасату
арқылы жай сөйлемнің түрлерін ажыратуға болады.
Жай сөйлемнің осындай ерекшелігіне қарай мынандай түрлері болады.
Интерективті тақтадан слайдтар көрсетіледі. 1.Жақты, жақсыз. 2.жалаң,
жайылма сөйлем. 3.толымды, толымсыз сөйлем. Ережелері түсіндіріліп болған
соң, кітаппен жұмыс жүргізіледі. Жаттығу жұмысы.Көшіріп жазып, тұрлаулы
мүшелердің астын сызыңдар да, олардың қай жақта байланысып тұрғанын
табыңдыр.
Сынып оқушыларын топқа бөліп,
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
1.Толымды және толымсыз жай сөйлемдерді оқыту және оларды қатысым
синтаксисі тұрғысынаи меңгерту әдістемесі.
2. Жай сөйлемді талдау әдістемесі.
13-дәріс. Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі.
Жоспар:
1.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың сөйлемнің қызметін атқаруын
ұғындыру жолдары.
2. Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі.
Қысқаша мазмұны:
1.Синтаксисті оқу барысында түрлі синтаксистік конструкцияларды
меңгеріп, сөз тіркесі мен сөйлем ішіндегі сөздерді тұлғалық формаларына қарай
таңдап қолдануға дағдыланатын болады.
Мұғалім оқулықтағы жаттығулардан, дидактикалық материалдар
жинағындағы мәтіндерден стильмен жұмыс істеудің жолдарын көрсетіп
отырады.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және А.Байтұрсынұлының осыны
жайылма сөйлеммен байланыстыра оқытуды ұсыну себебін анықтау. Сөйлем
жасалуындағы сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің, комбинаторлық ауысудың
атқаратын мағыналық қызметін талдау әдістемесі.
Оқушыларға сөйлем мүшелері туралы түсінік беріп, грамматикалық
белгілерін меңгерту, негізгі мәселелерді қайта жаңғырту, қығығушылықтарын
ояту жұмыстарын ұйымдастыру.
Дамытушылық- өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз
ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге жаттықтыру;
Тәрбиелік- мақал-мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын
қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
1. Сөйлем жасалуындағы сөйлем мүшелерінің орын тәртібі.
2.А.Байтұрсынов жасаған сөйлем мүшелері терминдерін мағыналық жағынан
талдау.
14-дәріс. Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі.
Жоспар:
1.Құрмалас сөйлемнің табиғаты туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі.
2. Құрмалас сөйлемді теориялық деңгейде оқытудың әдістемесі.
Қысқаша мазмұны:
1.Құрмалас сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі туралы түсінік
беру. Құрмалас сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі туралы түсінік беру
жолдары. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді талдау
әдістемесі.
Салалас құрмалас сөйлем және оның жасалу жолдары. Салалас құрмалас
сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем
компоненттерінін байланысу жолдарын талдау әдістері.
Сабақтас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдарын оқыту әдістемесі.
Сабақтас құрмаластың мағыналық түрлері мен олардың жасалу жолдарын
меңгерту.
Аралас құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Аралас құрмаластың өзіне
тән жасалу жолдарын менгерту әдістемесі.
Көп компонентті құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Көп компонентті
құрмаластың ішкі жүйесін құраушылар : көп компонентті салалас құрмалас
сөйлем, көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем.
Осыларды талдаудың өзіндік логикалық желісі болатындығы және оны
оқушыларға меңгерту әдістері.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
1.Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін оқыту әдістемесі. 2.Салалас
құрмалас сөйлем компоненттерінін байланысу жолдарын талдау әдістері.
15-дәріс.Мәтінді оқыту әдістемесі.
Жоспар:
1.Мәтінді талдау әдістемесі.
2. Мәтін туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі.
Қысқаша мазмұны:
Мәтіннің негізгі белгілерін анықтаудағы логикалық операциялар және
оларды оқушыларға меңгерту. Мәтіннің тұтастығы оның құрылымдық және
мағыналық бірлігі арқылы танылатындығы.
Мектептермен тығыз байланыс жасай отырып, студенттердің мектеп
мұғалімдерінің сабақтарына қатысуы белгіленеді, соның негізінде өдістемеден
алатын теориялық білімінін өмірмен байланысы танылады. Студенттерге қазақ
тілін оқыту және басқа тілдерді оқыту бойынша оқу-құралдар мен әдістемелік
әдебиеттер кітапханасын жасау тапсырылады және оқытушы тарапьнан катаң
қадағаланады. Мәтінді құраушы тіл бірліктерінің мәтін кұрылымындағы
байланысу жолдары.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
1. Мәтінді оқытуда фонетикамен, лексикамен, сөзжасаммен, морфологиямен,
сөз тіркесі, сөйлеммен байланыстыру жолдары туралы.
2. Мәтінді оқытуда фонетикамен, лексикамен, сөзжасаммен, морфология, сөз
тіркесі, сөйлеммен байланыстыру әдістемесі
16-дәріс. Орфографияны оқыту әдісі .
Жоспар:
1.Орфографияны оқытудың ғылыми-тәжірибелік маңызы.
2. Орфографияны оқытудың негізгі тәсілдері.
Қысқаша мазмұны:
1.Орфографияны оқытудың ғылыми-тәжірибелік маңызы, міндеттері мен
принциптері. Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық іскерлік
пен дағдыларды қалыптастырудың психологиялық негіздері. Орфографияны
морфология мен дыбыс жүйесі негізінде оқыту. Орфография ережелерін оқыту
әдістемесі. Орфографияны оқытудың негізгі тәсілдері. Көшіріп жазу және
диктант. Орфографиялық талдау. Орфография бойынша жаттығулар жүйесі.
Орфографиялық қателермен жұмыс жүргізу жүйесі. Қатенің түрлері, оларды
есепке алып, жіктеу. Қатені болдырмау мәселесі. Оқушы дәптерлерін тексерудің
маңызы, жолдары. Орфографиялық дағдыларды қалыптастыру үшін
орфографиялық сөздікті пайдаланудың қажеттілігі. Орфографияны оқытуға
көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |