Филология кафедрасы


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата07.02.2017
өлшемі0,98 Mb.
#3596
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.  
1.Әр сыныптағы оқушылардың меңгеруге тиісті орфограммалары қандай 
дәрежеде болуы тиіс? 
Сауатты  жаза  білуде  қандай  орфографиялық  заңдылықтарды  игеру  кажеттілігі 
қандай? 
 
17-дәріс. Пунктуацияны оқыту әдісі. 
Жоспар:  

 
1.Пунктуациялық ережелер туралы ұғымдар, оларды топтастыру. 
2. Пунктуациялық қатенің түрлері, оларды жіктеу. 
Қысқаша мазмұны: Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы 
мен  міндеттері.  Пунктуацияны  оқытудың  мазмұны,  кезеңдері,  принциптері. 
Пунктуация  және  синтаксис.  Пунктуация  және  интонация.  Пунктуация  және 
мәнерлеп  оқу.  Пунктуацияны  түсініп  меңгеруде  оқушыларға  кездесетін 
қиындықтар.  Пунктуациялық  іскерлік  пен  дағдыларды  қалыптастырудың 
психологиялық  негіздері.  Пунктуациялық  ережелер  туралы  ұғымдар,  оларды 
топтастыру.  Пунктуациялық  қатенің  түрлері,  оларды  жіктеу.  Пунктуациялық 
қателердің  себептері,  оларды  болдырмау  жөніндегі  жұмыс  жүйесі.  Пунктуация 
бойынша  жаттығулар.  Пунктуациялық  талдау.  Пунктуацияны  оқытуға  көрнекі 
құралдарды, техникалық құралдарды пайдалану. 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.  
1.Пунктуация бойынша жаттығулардың, пунктуациялық талдаудың түрлерін 
қолдануға болады? 
2. Пунктуацияны оқытуға көрнекі құралдарды, техникалық құралдардың қандай 
түрлерін пайдалану тиімді. 
 
№ 18 дәріс тақырыбы. Тіл ұстарту әдісі 
Негізгі сұрақтар. 
1. Тіл дамытужұмыстары қазақ тілін оқытудың негізгі принципі. 
2. Сөйлеу туралы ұғым оны дамытудың әдістері. 
3.  Оқушының  тілін  дамыту  жұмысы  жүйесіндегі  лексикалық  синтаксистік 
жаттығулар. Сөйлеу әрекет ретінде, оның түрлері мен қызметі. Сөйлеу әрекетін 
ойдағыдай жүргізу – оқушылардың тілін дамытуды ойдағыдай іске асыру кепілі. 
Оқушылардың сөйлеуіне қойылатан талаптар.  
 
Қысқаша мазмұны: 
1.Тіл ұстарту – қазіргі мектептегі оқу–тәрбие ісіндегі басты проблема. Тіл 
мен сөйлеу үрдісін дифференциалды қарастыра оқыту қажет, өйткені оқушының 
дұрыс  сөйлей  білуіне  көңіл  бөлініп  отыр.  Сондықтан,  мұғалімнің  қазақ  тілі 
сабақтарында тіл ұстарту, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөліп, тілдік 
материалдарды дұрыс таңдай білу (сөздің, сөйлемнің үлгілерін беру), оны дұрыс 
бере  білу,  тілдің  теориясы  мен  сөйлеу  практикасының  бір-бірімен  қарым-
қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылыды. Демек, қазақ тілі 
пәнін  оқыту  барысында  мұғалім  оқушының  ойын  логикалық  жағынан  дұрыс, 
анық,  қазақтың  әдеби  тілінің  мөлшері  лайықты,  дұрыс  айта  білуге  үйретумен 
бірге,  екінші  жағынан  ойын  орфографиялық  және  пунктуациялық  жағынан 
дұрыс жаза білуге жаттықтырылады. 
Оқушының  жазбаша  және  ауызша  ойын  дұрыс  бере,  айта  білуіне  үлгі 
беретін–мұғалім.  Сондықтан  мұғалім  тілдің  тарихын,  грамматикасын, 
стилистикасын,  орфографиясын,  лексикасын,  пунктуациясын  жақсы  біліп, 
меңгеруі қажет.  

 
Әр  мұғалім  қазақ  тілі  сабақтарында  тіл  ұстарту  жұмыстарын 
шығармашылық  мәнде  жүргізіліп,  дұрыс  ұйымдастыра  білсе,  ол  оқушының 
күнделікті  өмірдегі  құбылысты    жан-жақты  түсіне  білуіне,  үйренуіне,білген 
нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды.  
Демек  оқушылардың  тілін  ұстарту  жұмысы  –  ол  баланың  жалпы  ойын 
ұстарту  деген  сөз.  Өйткені,  оқушы  қай  пәнде  оқып  –  үйренсе  де,  ол  өзінің 
істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күнбекүн сөйлеп, ойын қалыптастырып 
отырады.  
Сондықтан  қазақ  тілі  сабақтарындағы  тіл  ұстарту  жұмыстары 
оқушылардың  жалпы  ойын  ұстартуға  бағытталады.  Яғни,  оқушылардың  тілін 
ұстарту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырыла, сондай-ақ ойлау 
мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады.  
Жалпы  білім  беретін  мектеп  бағдарламасында  тіл  ұстарту  жұмыстарына 
арнайы орын беріледі.  
Бағдарламада  балалардың  жас  ерекшелігіне  байланысты  тәрбиелік  мәні 
бар  жаттығу  материалдары  әр  сынып  оқушыларының  жас  ерекшелігіне  қарай 
балалардың  жалпы  сөйлеу  мәдениетін  дамытып,  олардың  ой-өрісін  жетілдіру 
мақсаты  көзделінген.  Сондай-ақ  бағдарламада  тіл  ұстарту  жұмысын  ауызша-
жазбаша  жаттығулары,  шығарма  диктант  сияқты  жұмыс  түрлері  арқылы  іске 
асыру міндеттелінген.  
Қазақ тілін оқытумен байланысты тіл ұстарту жұмысын ұйымдастырудың 
негізгі  мақсаты  –  оқушының  ауызша  және  жазбаша  ойын  граматикалық  және 
статистикалық жағынан дұрыс бере білуге үйрету.  
Тіл  ұстарту  жұмысы,  негізінен,  мынадай  төрт  бағытта  жүргізіледі:  бірі  – 
мәдени, әдеби сөйлеу білудің мөлшеріне үйрету, яғни орфографиялық дағдыны 
меңгерте отырып, оқушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.  
Екіншіден,  лексикалық  жұмыстар  жүргізу  арқылы  оқушының  сөздік 
қорын  байыту.  Демек,  тілдің    лексика  және  фразеология  бөлімдерінен  кеңірек 
білім  беру  көзделді.  Үшіншіден,  жаңа  сөздер  үйрету,  сөздерді  үйрете  отырып 
жаңа  сөздер  жасайтын  формаларды  меңгерту  арқылы  сөз  бен  сөздердің 
байланысын,  сөйлем  құрап  үйрету,  сөйлемнің  құрылысын  білдіру  арқылы 
синтаксистік  лексикадан  мәлімет  беру.  Төртіншіден,  оқушының  ойын  жазбаша 
дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі. 
Міне,  тіл  ұстарту  жұмысының  негізгі  мазмұны  осындай  төрт  мәселе 
айналасында қарастырылып іске асырылды. 
Дидактикалық  қағидалар  әр  пәнді  оқыту  методикасының,  соның  ішінде 
қазақ тілін оқыту  методикасының теориялық негізі болып саналады. Қазақ тілін 
оқытумен байланысты тіл ұстарту жұмысы да мынадай дидактикалық негізделе 
жүргізіледі. 
1.Сөйлеу  мен  ойлаудың  бірлігі  қағидасы  арқылы  оқушы  тіл  мен  ойлау  бір  – 
бірімен байланыста екендігін ұғады. Тілсіз ойлаудың болмайтындығы, әрбір ой 
тіл  арқылы  ғана  көрінетіндігін,  яғни  сөйлеуді  ойлаудан  бөліп  алудың  мүмкін 
еместігін түсінеді.(15-448) 

 
Бұл  қағида  арқылы  оқушының  ойлау  әрекетін  дамыта  отырып,  түрлі  ой 
қорытындыларын  жасай білу дағдылары қалыптастырылады. Яғни, бір нәрсені 
екінші  затпен  салыстыру,  талдау,  жинақтау,  қорытындылау,  жүйелеу,  белгілі 
затты  белгісізбен  салыстыру  тағы  да  басқа  түрлі  ойлау  әрекеттерін  үйренудің 
нәтижесінде  ой  арқылы  білім  жүйелерін  меңгереді.  Мұғалім  бұл  қағидаларды 
негізге  ала  отырып,  қазақ  тілінің  бағдарламалық  материалдарын  мұқият 
қарастырып, әр тақырыпты оқытумен байланысты түрлі тапсырмалар беріп, оны 
оқушы  қалай  орындады,  одан  қандай  қорытынды  шығарды,  ол  тапсырманы, 
жаттығуды  орындауда  неге  сүйенді,  қандай  ойлау  әрекеттерін  жасады  деген 
мәселерге  көңіл  бөлінеді.  Сондай–ақ,  қағиданы  іске  асыруда  екінші  басты 
мәселе  –  оқушылардың  орфографиялық  ережелерді  саналы  меңгеруін 
қалыптастырып,  дұрыс  сөйлей  білуге,  сауатты,  қатесіз  жазуға  дағды  беру. 
Мысалы,  орфография  мен  орфоэпияға  қатысты  ережелерді,  дәлірек  айтқанда, 
айтылуы мен жазылуы. 
                                                       г               г 
түрліше келетін сөздер бар (ше     ара,  кө    ала).Осы тәрізді сөздерден  
                                                       к               к 
оқушылар  жазба  жұмыстарында  көп  қате  жібереді.  Осындай  сөздерді  қатесіз 
жазу үшін түрлі ойлау әрекеттері іске асырылады. Тіл ұстарту жұмысының бұл 
қағиданың тәрбиелік маңызы да бар. 
 2.  Тіл  ұстарту  жұмысында  ауызекі  сөйлеу  мен  жазба  тілінің  бір  –  бірімен 
байланыстылық  қағидасы  да  басты  орын  алады.  Адам  бір-бірімен  сөйлеу  тілі 
арқылы  тікелей  қарым  қатынас  жасайды.  Сөйлеу  тілі  арқылы  адам  екінші  бір 
адамның  айтқан  сөзін  естиді,  тыңдайды  әрі  онымен  пікір  алысып  сөйлеседі. 
Адам  осындай  сөйлеу  барысында  тілдің  түрлі  көркемдік  тілдік  құралдарын 
пайдаланылады.  Мысалы,  мақал-мәтел,  теңеу,  салыстыру,  әсірелеу,  сөзге  екпін 
түсіріп айту, ымдау тағы да басқа әрекеттер арқылы сөйлеу үрдісінде екінші бір 
адамға ойын жеткізеді. 
Сондай-ақ  ауызекі  сөйлеу  тілінде  адам  ойын  жай  сөйлемдермен  айтуға  бейім 
келеді,  мысалы,  сөйлемнің  айқындауыш,  оңашаланған  мүшелерін,  құрамдас 
сөйлем түрлерін қолдана бермейді. 
Ал  жазбаша  сөйлеу  –  графикалық  жазу  таңбалары  арқылы  іске  асады. 
Жазбаша сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлеммен де, құрмалас сөйлем түрімен 
де бере алады. Демек, жазбаша сөйлеу тілінде белгілі жүйелі байланыс болады. 
Адам сөйлеммен ойын жүйелі беруде тілдегі түрлі жалғау, жұрнақ, түрлі тыныс 
белгілерін (нүкте, қос нүкте, үтір, сызықша, тырнақша, леп белгісі, сұрау белгісі 
т.б.),  синоним,  омоним,  теңеу,  салыстыру  сияқты  тілдік  құралдарды 
пайдаланады. 
Ауызекі  сөйлеу  тілін  жақсы  меңгерген,  оған  жаттыққан  оқушы  ойын 
жазбаша  да  дұрыс  ,  жүйелі  бере  алады.  Сондықтан  бұл  екі  үрдіс  бір-бірімен 
бірлікте, байланыста қаралғанда, жүргізілгенде ғана дұрыс нәтиже береді. 
3.  Тіл  ұстарту  жұмысын  грамматика,  орфография,  пунктуация  және 
әдебиетпен байланыстыра жүргізу қағидасы да ерекше орын алады. 

 
Оқушының  ауызша  және  жазбаша  тілін  дұрыс  ұстартуда  грамматикалық 
ережелерді  жақсы  білудің,  тыныс  белгілерін  дұрыс  қоюдың  көркем  әдебиетті 
көп оқудың үлкен мәні бар. Демек, мұғалім қазақ тілі сабақтарында үйретілген 
ережеге сай түрлі жаттығу жұмыстарын орындатып, тыныс белгілерін дұрыс қоя 
білдірудің  жолдарын  көрсетіп,  көркем  әдебиетті  көп  оқуға  бағыт  беріп,  оның 
үлгісін көрсетіп отыруы қажет. 
4.  Тіл ұстарту жұмысын стилистикамен байланысты  жүргізу қағидасы  да 
басты орын алады. 
Стилистикамен  жұмыс  грамматиканы,  лексиканы,  фонетиканы  оқытумен 
тығыз байланыста жүргізіледі. 
Стильдің  түрлерін  жақсы  меңгерген  оқушы  тілдің  морфологиялық 
құрылысын,  яғни  сөздердің  мағынасына,  тұлғасына  және  синтаксистік 
қызметтеріндегі  өзіндік  ерекшеліктерді  ажыратып,  күрделі  сөз  тіркесінің 
құрамын  негізгі  және  көмекші  сөздер,  олардың  өзара  байланысын  ажырату, 
жазуы қиын орфографиялық ережелерді меңгертіп, дұрыс, сауатты жазуға дағды 
алатын болады. 
Сайып  келгенде,  қазақ  тілі  сабақтары  бойынша  жүргізілетін  тіл  ұстарту 
жұмыстарын  жоғарыдағы  айтылған  қағидаларды  ескере  отырып  ұйымдастыру 
пайдалы. 
Мазмұндама,  оның  түрлері.  Мазмұндамаға  даярлық  жұмысы.  Мәтінге 
тілдік  талдау  жасау,  оның  маңызы.  Әртүрлі  стильде  түрліше  мазмұндау 
жұмыстарының өзіндік ерекшеліктері.  
Шығарма  мен  мазмұндаманы  тексеру.  Олардың  мазмұны  мен  тілдік 
жақтарына  баға  беру.  Тілдік  қателер  мен  кемшіліктер.  Оқушылардың 
мазмұндамалары  мен  шығармаларына  талдау  жасау  сабақтары.  Оқушылардың 
өзі құрастырған мәтіндерін жетілдіріп жақсартуы. 
 «Мәтін»  ұғымын  қалыптастыру,  мәтіннің  типтері:  сипаттау,  хабарлау, 
пайымдау,  аралас.  Байланыстырып  сөйлеу  жаттығуларының  түрлері  және 
міндеттері.  Байланыстырып  сөйлеуді  дамытудағы  стилистикалық  жұмыстар. 
Байланыстырып  сөйлеуді  дамыту  жаттығулары.  (тақырып,  негізгі  ой,  жоспар 
т.б.) 
Сөйлеу  әрекет  ретінде,  оның  түрлері  мен  қызметі.  Сөйлеу  әрекетін 
ойдағыдай жүргізу – оқушылардың тілін дамытуды ойдағыдай іске асыру кепілі. 
Оқушылардың сөйлеуіне қойылатан талаптар. 
«Мәтін»  ұғымын  қалыптастыру,  мәтіннің  типтері:  сипаттау,  хабарлау, 
пайымдау,  аралас.  Байланыстырып  сөйлеу  жаттығуларының  түрлері  және 
міндеттері.  Байланыстырып  сөйлеуді  дамытудағы  стилистикалық  жұмыстар. 
Байланыстырып  сөйлеуді  дамыту  жаттығулары.  (тақырып,  негізгі  ой,  жоспар 
т.б.) 
Сөйлеу  әрекет  ретінде,  оның  түрлері  мен  қызметі.  Сөйлеу  әрекетін 
ойдағыдай жүргізу – оқушылардың тілін дамытуды ойдағыдай іске асыру кепілі. 
Оқушылардың сөйлеуіне қойылатан талаптар. 

 
«Мәтін»  ұғымын  қалыптастыру,  мәтіннің  типтері:  сипаттау,  хабарлау, 
пайымдау,  аралас.  Байланыстырып  сөйлеу  жаттығуларының  түрлері  және 
міндеттері.  Байланыстырып  сөйлеуді  дамытудағы  стилистикалық  жұмыстар. 
Байланыстырып  сөйлеуді  дамыту  жаттығулары.  (тақырып,  негізгі  ой,  жоспар 
т.б.) 
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 
1.Оқушыларға  білім  берумен  қатар  тәрбие  негіздерін  үйрету,  осы  бағытта  тіл 
дамытудың жаттығуларын жүргізудің әдістемесі. 
2. Тіл дамыту жұмысына қойылатын басты талаптар. 
3.Ттіл дамыту жұмыстарының түрлерін атап көрсету. 
 
19-дәріс. Тіл мәдениеті және оқыту әдістемесі
Жоспар:  
1.Тіл мәдениеті туралы білім мазмұны меңгертудің маңызы. 
2.Тіл мәдениеті бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі. 
Қысқаша мазмұны:  
1.Тіл мәдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстың маңызы, міндеттері, мазмұны. 
«Дұрыс сөйлеу», «жақсы сөйлеу» ұғымдарының тіл мәдениетіне жататындығы. 
Оқушылардың сөзіндегі тілдік қателер мен кемшіліктерді есепке алу, жіктеу.  
Мектепте  стилистика  бойынша  жүргізілетін  жұмыстардың  маңызы, 
міндеттері,  орны,  мазмұны.  Стилистика  ұғымдарына  сипаттама.  Стиль 
түрлерімен  таныстырудың  бірізділігі.  Стильдік  ұғымдарды  оқытудың  әдістері 
мен  тәсілдері.  Стилистикаға  байланысты  жаттығу  түрлері,  оларды  жіктеу. 
Стилистика сабақтарының оқушыларға тигізетін әсері: тілді сүйе білуге, қарым-
қатынас  кезінде  тілдік  құралдарды  таңдап-талғап  қолдануға,  тіл  мәдениетінің 
артуына, оның оқушы мінез-құлқына әсер етуі. Стильдік қате ұғымы. Стильдік 
қателерді болдырмау және түзету әдістемесі 
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.  
1.Қазақ  тілі  сабақтарында  тіл  мәдениеті  бойынша  жүргізілетін  жұмыстардың 
өзіндік ерекшеліктері.  
2.Тіл мәдениетіне байланысты жаттығу жұмыстары, оны жүргізудің әдістемесі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТІ 
« ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» ПӘНІНIҢ ТӘЖІРИБЕЛІК 
САБАҚТАРЫНЫҢ 

 
 ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ 
 
«Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  курсы    -  қазақ  мектептері  үшін  қазақ  тілі 
пәні  мұғалімін  даярлайтын  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығы  бөлімінде 
оқылатын  негізгі  пәндердің  бірі.  Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  бойынша  қазақ 
тілі  мұғалімдеріне  қажетті  кәсіптік  теориялық  білім  мен  тиісті  практикалық 
машық-дағдыларды қалыптастыру негізгі мақсат болып саналады. Жоғарғы оқу 
орнында өтілетін «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты – кәсіби білікті 
маман,  шығармашыл  тұлға  дайындау.  Келешек  маман  теориялық  білімі  терең, 
практикалық  іскерлік  қасиеті  жоғары,  шығармашыл  белсенділігі  дамыған,  кез 
келген жағдайдан шығуға жол табатын тиімді әдіс-тәсілді меңгерген, ойлау білу 
мәдениеті  жоғары  адам  болу  үшін  білім  беру  жүйесін  жаңаша  құру  мәселесі 
көтеріліп отыр.  
Қазақ  тілін  оқыту  әдестемесі  пәні  өзінің  бастау  негіздері  ретінде  білім 
беру 
философиясының, 
логиканың, 
лингвистиканың, 
психологияның, 
физиологияның  т.б.  ғылым  салаларының  жетістіктеріне  сүйенеді.  Сонымен 
қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибелерін таңдап-тану арқылы тиімді әдістер 
мен  тәсілдер  жүйесін  зерделеп,  оны  студенттерге  меңгертуді  көздейді. 
Осылардың  негізінде  ,  қазақ  тілінің  қазақ  мектептерінде  оқытылу  барысының 
өткенін  талдау  мен  оған  баға  беруге,  қазіргі  күйін  танып-білуге,    болашақтағы 
даму жолдарының алғышарттарын анықтай білуге студенттерді үйретеді. 
 Әдістеме  ғылымы  мен  оқыту  технологиясы  бір-біріміне  тығыз 
байланысты.  Әдістеме  ғылымы  нені  оқыту  керек,  қалай  оқытқан  дұрыс  деген 
сауалдарға  жауап  іздесе,  оқыту  технологиясы  қалай  нәтижелі  болады  деген 
сұрақтың жауабын шешуге тырысады.  
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін студентке меңерту барысында осындай 
сұрақтардың  шешімін  табуға  әрекет  жасалады.  Студент  өз  бетімен  тырысып, 
кейбір мәселелердің шемімін өзі табуға тырысуы қажет  
Әдістеме  ғылымы  мен  оқыту  технологиясы  бір-біріміне  тығыз 
байланысты.  
Әдістеме  ғылымы  нені  оқыту  керек,  қалай  оқытқан  дұрыс  деген 
сауалдарға  жауап  іздесе,  оқыту  технологиясы  қалай  нәтижелі  болады  деген 
сұрақтың жауабын шешуге тырысады. 
 Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін студентке меңерту барысында осындай 
сұрақтардың шешімін табуға әрекет жасалады.  
Студент  өз  бетімен  тырысып,  кейбір  мәселелердің  шемімін  өзі  табуға 
тырысуы қажет  
Сонымен байланысты, қазақ тілін оқыту әдістемесі студенттереге тіл мен 
ойлаудың байланыстылығын негізге ала отырып, ана тілін меңгерудің жаңа әдіс-
тәсілдерін оқушыларға меңгерте алатын дағдыларды қалыптастыруды алдыңғы 
кезекке қояды.  
Қазіргі  кезеңде  мектепте  оқылатын  қазақ  тілі  курсы  теориялық  деңгейі 
жоғарылаумен,  тілдік  фактілерді  өзара  тығыз  байланыстылыққа  тануға  назар 

 
аударумен сипатталатын болғандықтан, студенттерді осы бағыттағы әдістемелік 
шеберлікпен қаруландыру кең түрде жолға қойылып отыр.  
Студенттер  «Қазақ  тілін  оқыту  әдестемесі»  курсын  оқып  меңгеру 
барысында  оқушыларды  тілдік  фактілерді  түрлі  қырынан  танып-білуге 
дағдыландыратын әдістер мен тәсілдер жүйесін таниды.  
Тіл 
бірліктерін 
оқыту 
барысында 
оның 
жүйелік-құрылымдық, 
семантикалық,  формалық,  функционалдық  қырларын  кешенді  түрде  талдауға 
үйрету жолдарын студент осы курсты толық меңгеруді үйренеді.  
Қазақ  тілінің  теориялық  курстары  мен  педагогика  және  психология, 
физиология  курстарынан  алған  білімдерін    біртұтастыққа  келтіре  жүйелей 
отырып,  студенттер  практикалық  шеберлікпен  қалыптастырудың  жолдарын 
«қазақ  тілін  оқыту  әдестемесі»  курсы  барысында  қалыптастырылады. 
Сондықтан да «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсының студентті маман ретінде 
шыңдауда алатын орны ерекше болады.  
Қазіргі  кезде  мектептегі  қазақ  тілі  сабақтарында  оқушының  ойлауы  мен 
тіл дамуына, мәдениетті түрде сөйлей білуіне терең назар аударылып отырғаны 
белгілі.  Осымен  де  байланысты,  студент  оқушыларға  тілдің  түрлі  қызметін, 
танымдық, қатысымдық, эстетикалық қызметін танытудың тиімді жолдарын  
«Қазақ  тілін  оқыту  әдестемесі»  курсын  өту  барысында  меңгеруі  керек. 
Өйткені,  осындай  бағытта  оқыту  барысында    ғана  оқушыдан  ана  тіліне 
сүйіспеншілік,  құрмет,  бағалау,  қамқорлық  жасау  сезімдерін  қалыптастыру 
мүмкін болады.  
Нәтижесі -«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнін оқыту процесінде жақсы 
нәтижеге  жетудің  жолы  –  тілден  берілетін  теориялық  материалды  жаңа 
технология үлгілерін пайдалана отырып беру. 
Студенттер  казақ  тілін  оқыту  әдістемесін  оқуы  барысында  казақ  тілі 
мұгаліміне тән болуы  тиіс деп  саналатын іскерліктерді  қалыптастырады. Қазақ 
тілі мұғаліміне тән негізгі іскерліктерге мыналар жатады: 
-мектепте  білім  берудің  әр  кезеңінде  қазақ  тілін  оқытудың  мақсат-міндеттерін 
анықтай алу іскерлігі
-әрбір  сынып  оқушыларының  қазақ  тілін  өз  ана  тілінің  теориялық  болмысы 
ретінде 
игеру 
психологиясы 
мен 
жас 
ерекшелігі 
психологиясын, 
физиологиялық,  жеке  бас  ерекшелігін  баланың  қабілетімен  байланыстыра  алу 
қабілеті меи іскерлігі; 
-әрбір  қазақ  тілі  сабағының  білімдік,  төрбиелік,  дамытушылық  потеициалын 
мүмкіндігінше толыққанды жүзеге асыру жолдарын тану іскерлігі
оқу-танымдық  процестің  заңдылықтарын  негізге  ала  отырып,  оқушының 
танымын  кеңейтетін,  ойлауын  дамытатын,  тілін  дамытатын  танымдық 
лингвистикалық, дидактикалық, пән мен оның өз ерекшеліктерінен туындайтын 
әдістер мен тәсілдер жүйесін тиімді қолдана білу іскерлігі; 
-қазақ  тілінің  жалпы  тілдер  жүйесіндегі,  түркі  тілдер  жүйесіндегі  өзіндік  ойлы 
мен ерекшеліктерін байланыстыра окыту іскерлігі; 
-қазақ  тілінен  берілетін  ғылыми  материалдың  эмпирикалық  деңгейде  калып 

 
қоймай, оның теориялык деңгейге қарай ұласу жолдарын тану мен ұйымдастыра 
алу іскерлігі; 
-оқушьшың  қазақ  тілін  оқуға  деген  мотивтерін  анықтап,  оны  дамыта  білу 
іскерлігі; 
-сабақтағы  оқу  материалдың  сабақтан  тыс  жұмыспен  байланыстылығын  сақтай 
білу іскерлігі; 
-жаңашыл әдістерді сабақтарда колдана білу іскерлігі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» ПӘНІНIҢ ТӘЖІРИБЕЛІК 
САБАҚТАРЫНЫҢ  
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ 
 
 
 
 
Курс 3 
Мамандық 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
Пән: Қазақ тілін оқыту әдістемесі 
Құрастырушы: Тлебалдина Н.Қ. 
3кредит 
Емтихан 6 семестр  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Семей, 2015 

 
«Қазақ  тілін  оқытуу  әдістемесі»  пәнінiң  тәжірибелік  сабақтарының  әдістемелік 
нұсқаулығы. 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» 3 курс студенттеріне арналған 
Құрастырған –п.ғ.к., аға оқытушы Тлебалдина Н.Қ. филология  кафедрасы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
Семинар сабақтар:  
1.Тәжірибелік сабақ:. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет