Философия 1. Гректің қай ойшылы философияға потенциалдылық пен актуалдылық түсінігін білдіретін мүмкіндік пен шындық категорияларын енгізген?
2. Сократтың ойынша дана адам ең бірінші қандай қасиетті иеленуі керек?
3. И. Канттың «Кез келген тұлғаны мақсатқа жетудің құралы деп емес, мақсаттың өзі деп қарау керек» деген пайымдауы ойшылдың қандай тұжырымдамасына жатады?
4. Шоқан Уалиханов «Бірінші дәрежелі бақсы» деп қай ойшыл туралы айтқан?
5. Аристотельдің қай еңбегінде ойшылдың эстетика теориясы жан-жақты зерттелген?
6. Немістің ең ықпалды философтардың бірі Мартин Хайдеггердің пікірінше, дүниені толық танып-білу үшін алдымен не керек?
7. Қай ойшыл герменевтика мәселесін жан-жақты зерттеп, герменевтикалық шеңбер принципін негіздеген болатын?
8. «...Тіршілік ету мәннен бұрын болады деп есептейтін болсақ, онда адам өз болмысына өзі жауапкершілікті болады» деген пайымдау қай философиялық бағыттың әдіснамалық принципі болып табылады?
9. Қандай философиялық бағыттың басты проблемасы түсіну болып табылады?
10. Құдайды бастапқы жаратушы ретінде мойындап, әрі қарай оның дүние дамуының заңдылықтарына араласпайтындығы туралы философиялық ілім қалай аталады?
11. «Ғылым дамуы болашақта адамзаттың барлық мәселелерін шешеді» деген пікірді ұстанатын бағыт қалай аталады?
12. Қай философ, қайшылықтар дүниенінің қозғаушы күші болып табылады және қайшылықтарсыз ешбір даму жоқ» деп пайымдаған?
13. Қай ұғым философияның алғашқы атауы болып табылады?
14. Қоғам және оның пайда болуы туралы Қайта Өрлеу мен Жаңа заманда қалыптасқан қандай теорияны білесіз?
15. Жалқы, көп, бүтін, бөлік, сапа, сан, мазмұн, форма - философияның қай бөлімінің категориялары болып табылады?
16. Қай ұғым Орта ғасырлар философиясындағы болмыс ұғымын білдіреді?
17. Жаңа заман философиясында болмыс ұғымына балама ретінде қандай ұғым қалыптасты?
18. Рене Декарт философиясындағы қандай ұғымды болмыс деуге болады?
19. Дүниеде одан басқа ешнәрсе жоқ. Барлығы содан жаралады және соған айналады. Осы тұрғыда, қай философ материяны болмыс деп санаған?
20. Қазіргі заман философиясының қай бағыты «Таза сананы» болмыс деп есептейді?
21. Сана болмыстың қандай түріне жатады?
22. Қай ғалым: «Кез келген ағза өзінің эмбрионалдық дамуында (онтогенез) өзіне қатысты биологиялық түрдің даму эволюциясын қайталайды (филогенез) деп есептеген?
23. Сананың әлде бір объектілерге бағытталғандығын білдіретін ұғым қалай аталады?
24. Сананы мәтін ретінде түсіндіретін концепция қай философтың тұжырымдамасы болып табылады?
25. Ақиқаттың мүмкіндіктен шындыққа айналуын білдіретін ұғым қалай аталады?
26. Грек тілінде ақиқатты қандай ұғыммен белгілеген?
27. Қай ұғым, ақиқаттың адамға толықтай, бірден айқындалып, мәлім болуын білгілейді?
28. Френсис Бэкон таным теориясының өзіндік ерекшелігі неде?
29. Рационализмнің қандай түрлері болады?
30. Ойдың реттілігі, жүйелілігі, тәртіптілігі тән ойлау формасы қалай аталады?
31. Қай ұғымдар ғылым құрамына кіретін ең негізгі категориялар болып табылады?
32. Не болып жатқанын сипаттап беретін білім түрі қалай аталады?
33. Ф. Энгельстің ғылым классификациясына сәйкес, қай ғылым түрлері өлі материя туралы ғылымдар болып табылады?
34. Көне Қытай философиясындағы Сяо-жень ұғымы қандай мағынаны білдіреді?
35. Альбер Камюдің ойынша, абсурд күйі қандай жағдайда туындайды?
36. Ибн Сина Аристотельдің төрт себеп ілімін дамыта отырып, әр ағзаның функционалдық міндеттері мен қызметтерінің әлсіреп, өмір сүруге деген күш-қуаттың кемуін қандай себеппен байланыстырып түсіндіреді?
37. Қай ойшыл «Этиканың мақсаты - таным емес, амал-әркет» деп есептеген?
38. Қай ойшыл адамдарды, шешім қабылдауда ақыл-ой мен ізгілікті басшылыққа алатын - ақылды, тек қана эмоцияларды басшылыққа алатын - жануар және қарапайым ресурстармен ғана өсуді қажет ететін – өсімдік адамдар деп бөлген болатын?
39. Қай ойшыл, адамның еркіндіктен қашу себебін жалғыздықпен байланыстырып, яғни «Адам жалғыз қалмау үшін өз еркіндігінен саналы түрде бас тартуға мәжбүр болады» деп есептеген?
40. Қоғамның пайда болуын - адамдардың бірге өмір сүру қажеттілігінен туындаған деген көзқарас қай дәуірде қалыптасты?
41. Қай ойшыл философияны «...кең ақыл, терең қиял шығарған, адамның жанын тәрбиелейтін, жүрегін ағартып, адамшылығын арттырып, ақтылыққа сүйрейтін ғылым» деп анықтаған болатын?
42. Томас Кунның ойынша қандай жағдайда ғылыми парадигмалар алмасуы жүзеге асады?
43. Көне Грек философтарының арасынан қай ойшыл дүниені "Бірде лаулап жанып, бірде сөніп отыратын" отқа теңеген болатын?
44. Неміс философы Иммануил Кант өзінің таным теориясында дүниені толықтай танып білу мүмкін емес деп есептеді. Аталған ұғымдардың қайсысы Канттың таным теориясына қатысты термин деп ойлайсыз?
45. Карл Поппердің сыншыл рационализм ілімі бойынша ғылыми білімнің өзге білім түрлерінен қандай басты айырмашылығы бар?