42
рым. Əрине, бұл – тіл физикалық шындықты да өзі құрап шыға-
ды деген сөз емес, бұл – тілдің əлгі шындықты социумға бағыш-
тайтындығында деген сөз. Демек, тілді адам өмірінің жеке
мəселелерін – қарым-қатынас пен ойлау мəселелерін шешетін
құрал деп қана емес, одан кеңірек, яғни өзімізді қоршаған
шындықты бізге түрлендіре жеткізуші, біз бен нақты əлемнің
ортасын белсенді қатынасымен жалғастырушы таңбалық жүйе
деп қарастыру керек. Тіл дəйектері сол тілде сөйлеушілер үшін
олардың күнделікті тəжірибесінің бір бөлігін құрастырады жəне
сондықтан да ол тексеру мен сыни көзқарас елегінен өтпейді.
Ендеше, кімде кім, табиғи қисындылыққа сүйене отырып, зерде
туралы, логика туралы жəне дұрыс ойлау ережелері туралы
пайым құратын болса, ол, əдетте, оның өз тіліндегі немесе тіл-
дер тобындағы оның күнделікті тəжірибесінің бір бөлігі болып
табылатын таза грамматикалық фактілер желісіне еріп отырады.
Бірақ оның басқа тілдер үшін де дəл солай болуы міндетті емес,
демек, ойлаудың ортақ негізі бола алмайды деген сөз.
Алдында семиологияның семиотикамен синонимдес табиға-
ты жайлы айтып кеткен болатынбыз, енді соған тарата тоқтала-
тын болсақ, семиотика – семиозис туралы ғылым, ал семиозис –
таңбалау түрлері (қоғам, ойлау жəне т.б.) мен таңбалау заңдары.
Ендеше, семиозис деп əлденебір нəрсенің белгі, таңба ретінде
тіршілік ету процесін айтады.
Семиотика тəсілі – аксиоматика тəсілі, яғни оны не дəлдеп
болмайсың, не жоққа шығара алмайсың, бірақ негіздеп беруге
болады. Құрылымдық-семиотикалық талдау ұстанымдар сан-
алуандығы мен мəтінді талдаудың бəсекелестігі жағдайын
моделдеуді мақсат тұтады. Семиотика, Ю. Кристеваның түсіні-
гінде, толықтай модель өндірісі болып табылады.
Ғылым əлеміндегі
көптеген концепциялар тек қана шындық-
Достарыңызбен бөлісу: