39
шіркеу звонницасының үні, жұма намаз алдындағы азан
шақыру, жедел жəрдем мəшинесінің үстіндегі қызыл айшық
крест жəне т.т. Конвенционалды белгілерді
өз алдына тағы да
сигнал, индекс деп тарамдатып жіберуге тағы болады.
Сигнал,
немесе ишаралар əрбір мəдениетке сай қалыптасады. Оларды
адам балалық шағынан көріп-біліп, үйреніп өседі. Мысалы,
біздер үшін бас шайқау ишарасы – əлденемен немесе əлдебіреу-
мен
келіспеу дегенді білдірсе, болгарлар үшін ол, керісінше,
мақұлдау ишарасы болып табылады. Ал
индекстер – ақпаратты
сығыңқы түрде орналастыру үшін белгілі бір жағдайларда
арнайы пайдаланылатын белгілер. Əдетте,
атауынан-ақ, біз
пошта индексін еске түсіреміз, карталардағы, схемалардағы,
графиктердегі белгілерді де индекске жатқызамыз.
Белгіні онтология терминдерімен анықтау қиынның қиыны.
Ол – үнемі анықтамадан ысырылып шығу күйінде
болатын
сусымалы шындық. Вербалды, немесе табиғи тілдік белгілер –
адамзат мəдениетінің іргетасы. Ол мəдениеттің семиотикалық
негізін құрайды. Сонымен, тілді орталық семиотикалық (белгі-
лік) жүйе деп жалпылама анықтама береміз. Осы жерде семио-
тика,
сол сияқты, онымен бірдеңгейлес семиозис, семиология
деген терминдерге тоқталып кету абзал. Семиотика
мен семио-
логияны синоним деуге де болады, өйткені олардың зерттеу пəні
біреу ғана, ол – белгі.
Достарыңызбен бөлісу: