Бақылауға жəне өзін-өзі тексеруге
арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Мəдениет пен өркениет дихотомиясын талдап беріңіз.
2. Өркениеттің қалыптасуындағы қала мен «қолөнершілік революция»
рөлі.
3. Мəдениетаралық коммуникация жəне мəдениеттер сұхбаты
4. Өркениеттер қақтығысы идеясының авторы кім?
5. С. Хантингтонның айтуы бойынша, негізгі қақтығыс шебі қандай аймақ-
тарда өтпек?
6. М. Бахтиннің сұхбат концепциясын талдап, мəдени сұхбат идеясын
негіздеңіздер.
Рефераттар тақырыбы:
1. Мəдениет. Техника. Өркениет.
2. О. Шпенглер мен Н. Бердяев концепцияларындағы мəдениет пен өрке-
ниеттің арақатынасы мəселесі.
3. Қазіргі өркениет концепциясындағы өркениеттілік өлшемдері.
4. Ақпарат жəне қазіргі адамзат өркениеті.
82
5.
ҚАЗІРГІ ЗАМАН МƏДЕНИЕТІНІҢ ӨЗЕКТІ
МƏСЕЛЕЛЕРІ
5.1 Қазіргі заман мəдениетіндегі БАҚ-тың орны
жəне бұқаралық мəдениет феномені
Қазіргі заман мəдениетін біз көбінде медиамəдениетпен
байланыстыратынымыз заңды. Өйткені бұқаралық ақпарат
құралдары қазіргі заман адамын да, оның мəдениетін де құрас-
тырады. Концепциялар туралы айтпас бұрын жалпы бұқаралық
мəдениет ұғымының ғылыми айналымда болсын, БАҚ-та
болсын орнығып үлгергеніне қарамастан, кейбір таласты тұс-
тары бар екендігі жайлы мамандардың барлықтары бірдей
көзқараста еместігін де айта кетуіміз керек. Мысалы, еліміздегі
танымал мəдениеттанушылардың бірі, профессор С. Темірбеков
бұқаралық мəдениет пен сауықтық мəдениет деген ұғымдар
арқылы аражікті ашып көрсету керектігі туралы ойларын өз
басым қолдаймын.
Расында, біздің тілімізде бұқара ұғымын жағымсыз коннота-
циямен, жоғарыдан төмен қараған пысқырмаушылық эмоциясы-
мен байланыстыра қарауға болмайды. Бұқара – көпшілік, халық.
Қалайша аузымыз барып көпшілікке күл шашпақпыз?! Халық-
тық мəдениет, бұқара мəдениеті қашанда болған əрі бола береді
де емес пе?!
Осы халықтық мəдениет пен тобырлық немесе мазмұны
жағынан алғандағы сауықтық мəдениеттің айырмашылығына
көз тастар болсақ, онда, біріншіден, халықтық мəдениетті
халықтың өзі əрі өзіне арнап жасайтындығын байқаймыз.
Демек, жасаушы да пайдаланушы да, əрекеттің субъекті де,
объекті де біреу – халықтың өзі. Ал тобырлық сауықтық мəде-
ниет үлгілерін біреулер көпшілік халықтың тек қана бір бөлігі
үшін – қарабайыр тобыр үшін арнайы даярлайды, сөйтіп,
тобырды өзінің тəжірибе объектісіне айналдырады.
83
Бұқаралық мəдениет деп атап жүргеніміздің орнын əлеуметі
тұрғысынан тобырлық, ал мазмұны тұрғысынан сауықтық мəде-
ниет алады деп түсінгенмен, ғылыми қолданыстағы терминді
пайдаланбасқа тағы да болмайды. Тобыр мəдениеті, біле-білген-
ге, американдық саясаттың ақпараттық, экономикалық бөлігі
емес пе?! Олай демей не дерсің, егер Бзежинскийдің айтуы
бойынша, американдық теледидар бағдарламалары мен кино-
өнімдері əлемдік нарықтың төрттен үш бөлігін алып тұрған
болса? Осыдан тобырлық сауық мəдениетін бет-бейнесіз деге-
німіз жөнсіз бе деп күманданасың. Тобыр мəдениетінің бетін
"тырнап" қалсаң астынан ақсиған ақ тістерге толы жиылмас езу
иелерін көргендей боласың.
Сонымен, халықтық өнер – халықтың өзін-өзі танытуының
табиғи жолы, ал тобырлық немесе сауықтық мəдениет деп
қазіргі БАҚ-тың кеңейе күрделенуіне сай туындаған тұлғасыз,
бет-бейнесіз қарабайыр көпшілікті, БАҚ арқылы сананы жаулап
алуды, сөйтіп онымен манипуляциялауды, яғни өз дегеніне көн-
діруді көздеген мəдени құбылысты атауға болады. Сондықтан
жөні – бұқаралық мəдениет деп атап жүргеніміздің орнын
əлеуметі тұрғысынан тобырлық, ал мазмұны тұрғысынан сауық-
тық мəдениет алады деп айту болғанымен де, ғылыми
қолданыстағы терминді пайдаланбасқа тағы да болмайды.
Халықтық өнер халықтың өзін-өзі танытуының табиғи жолы
болғандықтан, ол өзін өндіру барысында индустриалды
техникаға тəуелсіздік танытпайды. Ал тобыр үшін даярланған
"өнер" үлгілері сол қоғамды басқарушы элитаның билеуші
стратегиясына, түп мақсатына сай неғұрлым көпшілікті қамтуы
тиіс болғандықтан ертелі-кеш "ызыңдайтын" БАҚ-ты, жарна-
маны, "промоушн", "пиар"-ды (PR) жəне тағы да сол секілді
адам санасын жаулау жолдарының көрнекі түрлерін қажет етеді.
Екіншіден, халық өнерінің мазмұны мен формасы сол халық-
тың əдет-ғұрпы, салт-дəстүрі, діні мен ділінің ерекшеліктерін
танытады. Ал тобыр мəдениеті – ұлтсыз, өзіндік түр-тұрпатсыз,
бет-бейнесіз космополиттік рухтағы бұдан əрі дүбара бірдеңе.
Олай болмай қайтсін, себебі тобыр мəдениеті жалпы адамзаттық
бет-бейне алмақ кейіппен – Парижде де, Нью-Иоркта да,
84
Токиода да, Пекинде де, Мəскеуде де, Алматыда да, Мехикода
да… түсінікті болмақ тілекпен – тым жасанды бейнелер
туындатуға мəжбүр болады емес пе?! Мысалы, жер шарының
қай түкпірінде болмасын Кока-кола ішіп, Макдональдстың
бутербродын жеп, "Сникерс" шоколадынан "қуаттанып",
Голливуд түсірген "қиял-ғажайып" фильмдеріндегі арман-
өмірмен алданып, поп-корнды қытырлатып қойып, түкпен
шаруасы болмай, ішкен-жегеніне разы жанды адам ішіндегі ең
жасандысы деп айтпасқа тағы болмайды. Постиндустриалды
қоғамның білікті маманы Д.Беллдың айтуы бойынша: «Адамзат
тарихында тұңғыш рет кезінде гректер ойкумена деп атаған
біртұтас қауымдастық құрылды, немесе, М. Маклюэннің
«жаһандық ауыл» деп аталатын əлемі дүниеге келді» (Д. Белл.
Грядущее постиндустриальное общество: Предисловие к
русскому изданию. 1999 г. М., 1999. 21 б.).
Массмедианың қазіргі адамның өмірлік əлемін қалыптас-
тыруға əсер етуі тұрғысынан алғанда зерттеушілер арасында
болсын, баспасөздің өзінде болсын қызылкеңірдек дау-дамайлы
пікірталастар жетіп артылады. Үйреншікті баспасөзбен қатар
телефон, радио, кино, теледидар «медиаға» қатысты дүниелер
болып табылады.
Медиа, немесе басқашалап айтқанда, бұқаралық қарым-
қатынас құралдары дегеніміз түрлі хабар-ошарды көпшілікке
арнайы техникалық құралдар арқылы ашық əрі жария түрде
жеткізу үшін құрылған мекемелер. Бұқаралық қатынас құрал-
дары бұқаралық ақпарат құралдары ұғымынан мағынасы
тұрғысынан кең ұғым. Себебі бұқаралық ақпарат құралдары
(БАҚ) көбінде теледидар мен мерзімді баспасөз ретінде
қарастырылады. Ал көпшілік санада БАҚ-ты журналистикамен
теңдестіретін түсініктің те барлығын айта кетуге тиістіміз.
Бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі өркениетті елдердің
бəрінде де үлкен саяси күш болып саналады. Бүгінгі таңда
журналистикаға «төртінші билік» ретінде қарап, оның алдына
нақты бір ел ішінде болсын, жалпы алғанда, халықаралық
қатынастар арасында болсын үлкен жаңа міндеттер қойылады.
«Төртінші билік» терминін XVII ғасырда ағылшын философы Э.
85
Бэрн енгізген болатын. Ол бұл туралы ағылшын парламентінде
сөйлеген сөзінде былай деп айтқан еді: «...Міне осында рухани,
аристократиялық жəне қоғамдық билік өкілдері отыр, ал
журналистер бұл – «төртінші билік». Олар қоғамның мүддесіне
қызмет ету үшін жаралған».
Əлемдік медиакеңістіктегі жағдай алдын ала болжауға
келмейтіндігімен, технологиялық инновацияларды енгізудің
шапшаңдығымен, алыстан басқару мүмкіншілігінің болуымен,
мультимедиялығымен, интерактивтілігімен ерекшеленеді. ХХІ
ғасырда электронды медианың басым болып бара жатқандығын
да атап өтпеуге болмайды.
Осы теледидарлық дəуірдің негізгі белгілеріне көрерменге
шексіз таңдау мүмкіншілігін беретін спутниктік жəне кабелді
телевидениенің кең таралуы жатады. Нəтижесінде бір бағдар-
ламаны байыпты, басынан аяғына дейін қараудың орнына арна-
ларды қайт-қайта өзгертумен əбігерленгендік пайда болады.
Ақпараттық тасқын ұғымын енгізген Р.Вильямс болды. Ж.
Бодрийяр «Коммуникация экстазы» деген жұмысында теледи-
дар туралы айрықша мəдени форма деп жазады. Экрандық
əлемдегі өмір біздің психикалық əлеміміздің қиялдарының
жүзеге асуы болып табылады. Сондықтан да теледидардағы
оқиға көрермен мен оның арасындағы қандай да бір ғайып
(виртуалды əлемде) шындықта жүзеге асады.
БАҚ туындататын жаңа құбылыстарға мыналарды жатқызуға
болады:
- «Кітап мəдениетін» ығыстырушы визуалды түрлер мен
Достарыңызбен бөлісу: |