Субъекттілік – сана «иесіз» болмайды. әрқашанда оның өзінің
иесі бар, яғни кейбір материалдық жүйенің қасиеті ретінде болады.
22
Сананың жалпы қасиеттері
субъектілік
пәнділік
(мазмұндылық)
белсенділік
интенционалдық
рефлективтілік
Объективтенушілік,
«лингвистикалық
жабдықталғандық»
Идеалдық
Субъективті
реалдылық
(шындық)
Идеалдық бейнелер
дүниесінде
материалдық
объектілердің заңдары
жұмыс істемейді.
Идеалдық бейнелер
материалдық объектілердің
қасиеттеріне ие емес (шар
идеясы дөңгелек емес)
Тек айтарлықтай күрделі, өзін-өзі ұйымдастырушы, ортамен ұзақ
гомеостатикалық өзара әрекетке қабілетті жүйе ғана сананың иесі
бола алады. Бұл жүйеде жинақталынатын ақпаратты сақтайтын ес
(жады-память) болуы керек.
Пәнділік (мазмұндылық) – сана ешқандай мазмұнмен
толтырылмаған, «бос» бола алмайды. Әрқашанда санада бейнеленетін
және оның пәнін құрайтын нәрсе, зат болады, басқаша айтқанда, бұл
сананың мазмұны. Сана өзінің мазмұнында қоршаған дүниені,
заттарды, құбылыстарды және субъектінің өзін қамтиды. Өзінің
«Мен»-ін бейнелеу субъектінің өзіндік санасын (самосознание)
құрайды.
Сананың маңызды белгілерінің, қасиеттерінің бірі – оның
белсенділігі және мақсаттылығы. Осы қасиеттің көрінісі мынадай,
сана:
-
дүниені (әлемді) мақсатты және талғап бейнелейді;
- қоршаған дүниенің заңдылықтарын түсіндіретін теориялық
модельдерді (үлгілерді) құрастырады;
- табиғи және әлеуметтік құбылыстар мен процестердің даму
болжауларын жасайды;
-
адамның өзгерту, қайта құрау қызметінің негізі болады.
Идеалдық. Санада пайда болатын образдар одан тыс өмір
сүретін құбылыстардың айналық емес, өлі көшірмелері емес (не
зеркальные, мертвые копии). Сана дүниені айна немесе фотопленка
сияқты бейнелемейді. Материалдық құбылыстардың айнадағы немесе
фотопленкадағы образдары да материалдық құбылыстар. Ал
материалдық құбылыстарды бейнелейтін идеалдық сананың
образдары – идеалды. Идеалдық образ заттың «дубликаты» емес, ол
субъект оны (затты) қабылдайтын немесе елестетін форма.
Нәтижесінде сана шындықтан ажырағандай болады және объективті –
реалды дүниеден өзгеше өзінің жеке, рухани дүниесін, жасауға
қабілетті.
Интенционалдық. Бұл термин сананың әлде бір объектілерге
бағытталғандығын (Ф.Брентано, Э.Гуссерль) білдіреді. Сана сыртқы
әсерлерді пассивті түрде тіркеп қоймайды, ол бір объектілерге
белсенді таңдау ұмтылғандық көрсетіп, басқаларына назар
аудармайды. Интенционалдық – бұл сананың динамикалық
сипаттамасы. Оның (инт.) алғы шарты субъектіде белгілі бір
қажеттіліктердің бар болуы және соларды түсінумен бірге
қанағаттандыру амалдарын іздеуді қамтамасыз ету.
Рефлективтілік. Сана тек қана сыртқы дүниені емес, өзінің
жеке мазмұнын да бейнелеуге қабілетті. Осы қабілеттілік
23
рефлективтілік деп аталады. Сана өзінің мазмұнына бағытталғанда
(рефлектирует – өзінің мазмұнына рефлексия жасағанда), оның пәні
объект емес, санадағы бар объектінің образы болады. «Жете түсіну»,
«ұғыну» дегендер тек рефлексияның көмегімен іске асады.
Достарыңызбен бөлісу: |