Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет8/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   87
биологиялық уақыт 
тірі организмдердің биоритмдерімен 
(«биологиялық сағаттар», өмір ритмдері), күн мен түннің ауысуымен, 
жыл мезгілімен және күн белсенділігінің циклдарымен, материяның 
биологиялық ұйымдастырылуының басқа да сипаттарымен 
байланысты.
Әлеуметтік уақыт адамның практикалық қызметімен, 
коммуникациялардың әр алуан түрлерімен, ғылыми-техникалық 
прогреспен т.б. байланысты. Әлеуметтік уақыттың шеңберінде оның 
жекелеген түрлері, мысалы психологиялық және экономикалық 
уақыт та бөлінеді. Психологиялық уақыт адамның сезімдік-
практикалық тәжірибесінен, оның (ад.) психологиялық хал-жайынан, 
мақсат-ұстанымдарынан туады, яғни жеке, субъективтік қатардағы 
себептерден шығады. Уақыт сондай немесе басқа ахуалда 
«жылдамдатып, зымырап, ұшуы» мүмкін (қызық, сүйікті іспен 
айналысқанда), керісінше – «баяулап, созылып, өтпеуі» мүмкін 
(қызық емес, қажытатын, монотонды (бір ырғақты) жұмыспен 
айналысқанда болмаса бірдемені тосқанда).
Соңғы кездері виртуалды уақыт туралы да айтылып жүр.
БЕЙНЕЛЕУ
Бейнелеу – материяның төртінші түпкілікті ажырамас қасиеті. 
Бейнелеу – бұл материалдық жүйелердің өздерінде олармен өзара 
әрекет жасайтын (әрекетке түсетін) басқа материалдық жүйелердің 
қасиеттерін қайтадан өндіру. Басқаша айтқанда бейнелеудің негізінде 
бір құбылыстың екінші құбылысқа, бір дененің екінші бір денеге 
жасайтын ықпалы жатыр, яғни өзара арақатынаста болатын 
денелердің сыртқы әсерге жауабы, реакциясы. Бейнелеудің 
материалдық дәлелі қалтырған іздер болады: адамның топырақтағы 
(жердегі) іздері, сол топырақтың адамның аяқ киіміндегі іздері
тырнақтың іздері (царапины), жаңғырық (эхо), нәрселердің айнада, 
суаттың тегіс бетінде бейнеленуі, теңіз жағасындағы қашанда жып-
жылтыр, теп-тегіс болып жататын тастар және т.б.
Бейнелеудің нәтижелері («іздері») мен бейнеленетін (әсер 
ететін) заттардың арасындағы арақатынас изоморфизм және 
гомоморфизм түрінде көрінуі мүмкін. Изоморфтық бейнелеу дегеніміз 
түпнұсқаны дәлме-дәл қайта жаңғырту (фото). Тек шамалап 
20


бейнелеуді, мысалы, жер бедерін картада бейнелеуді гомоморфизм 
деп айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет