Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет27/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Дамудың бағыттылығы 
туралы көзқарастар
48


Гегельдің сипаттамасы бойынша, диалектикалық терістеу өзіне 
үш ауысудың бірлігін қосады: 1) болмыс – бейболмыс (жойылу); 2) 
болмыс – болмыс (сақталу); 3) бейболмыс – болмыс (жаңаның пайда 
болуы). Оның схемасын (сүлбасы) төмендегідей түрде беруге болады
Терістеуді терістеу – бұл қос терістеу, екі есе (екі рет) терістеу. 
Мұнда алдыңғы терістеу әрі терістеледі және сақталады, бұрынғы 
даму сатысынан сақталғанның барлығы келесі сатыға едәуір 
өзгертілген түрде өтеді. Гегель терістеуді терістеу процесін триада 
(үштік, үш бағандық) түрінде бейнелеген: дамудың бастапқы пункті – 
оны терістеу – терістеуді терістеу (тезис – антитезис – синтез; теория 
– тәжірибе – жаңа теория), яғни циклдік процесс. әрбір цикл дамудың 
орамы, ал спираль – циклдер тізбегі ретінде болады. Мысалы: дән 
себу – оның шіруі – масақ (жаңа дән).
Қорыта айтқанда, терістеуді терістеу заңының сипаты мен 
ерекшеліктері мынадай, ол заң:
Метафизикалық 
терістеу
Диалектикалық 
терістеу
Логикалық 
терістеу
Терістеу туралы 
түсініктер
Жойылу
Сақталу
Пайда болу
(жаңаның көрінуі)
Даму
Секірі
с
Диалектикалық терістеу
Даму триадасы
Тезис (дамудың 
бастапқы пункті – 
себілген дән)
Антитезис 
(бірінші терістеу 
– дәннің шіруі)
Синтез (терістеуді 
терістеу – жаңа 
дән)
49



біріншіден, дамудың бағытын білдіреді. Жалпы алғанда 
даму қарапайымнан күрделіге, төменгіден жоғарыға қарай, яғни 
ілгерілмелі, өрлемелі сипатта болады. Бірақ бұл жалпы вектор, 
тенденция. Әлем, дүние тек анық бір ғана бағытта дамиды деген 
тұжырым, ой-пікір қате. Өзінің дамуында объективті әлем шын 
мәнінде әртүрлі бағыттарда дамиды. Бұған мысал Жерде органикалық 
материяның дамуы, соның нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлардың 
шексіз сан алуан спектрінің пайда болуы;

екіншіден, дамудың белгілі бір циклды процесс екенін 
көрсетеді. Бұл бастапқы пунктке оралу емес. Даму нәтижесінде 
қайшылықтары шешілген бір цикл аяқталып, оның өзі келесісі арқылы 
терістеледі. Бірақ, бұл терістеу сырттан таңылған процесс емес, 
керісінше, дамудың ішкі қатынастарына байланысты шыққан өзін-өзі 
терістеу;

үшіншіден, дамудағы сабақтастықты (мирасқорлықты, 
жалғастырушылықты, орын басушылықты) немесе басқаша айтқанда 
ескі мен жаңаның байланысын білдіреді. Диалектикалық терістеу 
тізбегі, ол тізбектің әрқайсысы өзінен бұрынғы буындарды тек жоққа 
шығарып қана қоймайды, сонымен бірге олардың тиімді жақтарын 
сақтап қалып, жоғары кезеңдерде дамудың бүкіл байлығын өз 
бойында жинақтай отырып, одан да гөрі жоғары формалардың дамуы 
үшін негіз болады.
Сонымен, даму процесінің негізгі өту формалары төмендегідей 
деп айтуға болады:


- прогресшіл, үдемелі даму (төменгіден жоғары);


- регрессивті, қайтымсыз даму (жоғарыдан төмен, алғадан 
кейін);

- синусоидалық, толқын тәрізді даму;

- шеңбер түрінде, айналым, циклді қайталану түрінде;

- спираль түрінде.
Терістеуді терістеу заңының тәжірибе, ғылым үшін танымдық, 
әдіснамалық (методологиялық) маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет