Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет24/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Қайшылық 
заңының 
категориялары
40


 Қарама-қарсылық –
 құбылыстардағы, 
нәрселердегі сәйкессіздіктің шегіне жеткен 
формасы
 Қарама –қарсылық 
туралы полярлық 
ұғым: қандай да бір 
құбылыстың, 
нәрсенің бірін-бірі 
жоққа шығарып, 
сонымен
бірге 
бірімен-бірі 
байланысып 
жататынын 
бейнелейді (ақ-қара, 
жарық-түнек)
 Сыртқы қарама-
қарсылық – бір-
бірінсіз өмір сүре 
алмайтын және 
сонымен бірге бірін 
бірі жоятын, бірақ 
салыстырмалы 
тәуелсіз болып 
келетін қайшылық 
полюсін айтады.

Ішкі қарама-қарсылықбірін - бірі терістей 
отырып, біріне бірі өтетін қайшылық полюстерін 
айтады.

Қайшылық – қарама-қарсылықтардың диалектикалық 
қатынасын, олардың өзара әрекеттесуінің бірлігі мен 
күресін бейнелейтін ұғым
Гегель қайшылықты кесел нәрсе деп есептемеген, оның 
пікірінше, қайта ол пайдалы, себебі онсыз даму жоқ деген. Даму 
дегеніміз, түптеп келгенде, қайшылықтың пайда болуы, өрістеуі және 
оның шешілу процесі. Қайшылық түрлері көп, олардың ең бастылары 
төмендегідей.
41


Ішкі қайшылықтар – бір процестің, бір жүйенің, бір заттың, бір 
құбылыстың ішіндегі қарама-қарсылықтардың күресі. Даму үшін ішкі 
қайшылықтар шешуші роль атқарады. Мысалы, адам денсаулығы – 
адам организміндегі жүрек, өкпе, бүйрек, асқазан, қан айналымы т.б. 
жұмысы мен олардың жұмысына кедергі болатын құбылыстардың 
күресі. Осы күресте қайсысы жеңеді, адамның хал-жағдайы соған 
байланысты.
Сыртқы қайшылықтар – әртүрлі құбылыстар, заттар, процестер 
арасындағы қайшылықтар. Мәселен, организм мен табиғат, қоғам мен 
экологиялық жағдай арасындағы қайшылықтар. Олар дамуға 
қосымша, көмекші әсер етеді.
Негізгі қайшылықтар даму үшін роль атқарады: еңбек пен 
капитал, ірі буржуазия мен ұсақ буржуазия, капиталистер мен 
фермерлер арасындағы және т.б. қайшылықтар.
Негізгі емес қайшылықтар дамудың барысына тікелей емес, 
жанама ықпал жасайды. Мәселен, монополистердің өзара 
қайшылықтары т.б.
Қайшылықтардың антагонистік түрі – мақсаттары мен 
мүдделері түбірінен қарама-қарсы, бір-біріне жау қоғамдық күштердің 
таптардың арасындағы қайшылықтар (құлдар мен құл иеленушілер, 
шаруалар мен феодалдардың, пролетариат мен буржуазияның 
арасындағы қатынастар). Мұндай қайшылықтар тап күресі, 
революциялық күрес арқылы шешіледі. Антагонистік қайшылықтар 
әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық қайшылықтар түрінде де 
кездеседі.
Ал, антагонистік емес қайшылықтар – түпкі мақсаты бір, бірақ 
уақытша айырмашылықтары бар әлеуметтік топтардың, таптардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет