қатынасында шындық «бірінші» орында болады. Сонымен қатар,
шындық кейінгі дамудың бастама пукті де болып табылады.
Мүмкіндік пен шындықтың бірлігін көрсете отырып, сонымен
бірге олардың айырмашалығын да білуіміз керек. Мәселен, адамның
дүниені толық танып білу мүмкіндігінің (сол сияқты өз мамандығын,
кәсібін) – ал бұл мүмкіндіктің шындықта жүзеге асуынан айтарлықтай
айырмашылығы бар. Қала берді жүзеге асатын және жүзеге аспайтын
мүмкіндіктер болады.
Мүмкіндіктердің мынандай түрлері бар:
−
абстрактілі немесе формальды мүмкіндіктер;
−
реалды мүмкіндік;
−
нақтылы мүмкінділік;
−
логикалық мүмкінділік.
Абстрактілі немесе формальды мүмкіндіктер – белгілі бір
жағдайда жүзеге аспайтын, бірақ әйтеуір бір мүмкіншілігі бар
мүмкіндік. Бұл ретте мүмкіндікті мүмкін емеспен шатастырмау керек.
Мүмкін еместік ешқашан жүзеге аспайды, ол шындыққа, объективтік
заңдылықтарға қайшы.
Реалды мүмкіндік - өзінің жүзеге асуына барлық қажетті
шарттары мен жағдайлары бар мүмкіндік. Даму процесінде
абстрактілі мүмкіндік реалды мүмкіндікке өтуі, ауысуы, айналуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: