7. Құқық және мораль
нормативтік мазмұндары бар
экономикалық мүдделермен
шартталған
қоғамдық қатынастарды реттеушілер
болады
көп жағдайда адамдардың өз еркімен
жүзеге асырылады
жүзеге асырылудың кепілі ар, ұят
(совесть)
Ортақ
Құқық
Мораль
мемлекетпен бірге пайда
болады
юридикалық нормалардың
жиынтығы
нақтылықпен сипатталады
мемлекеттік күштеу
мүмкіншілігімен қамтамасыз
етіледі
құқық бұзушының жүріс-
тұрысын бағалайды
мемлекетпен бірге жойылады
мемлекеттің ресми
актілерінде болады
мемлекеттен бұрын пайда
болады
құқықтылық нормаларының
жиынтығы
кең мазмұнмен сипатталады
әдетпен және қоғамдық
пікірдің күшімен қамтамасыз
етіледі
кез келген адамның жүріс-
тұрысын бағалайды
кез келген қоғамда болады
адамдардың санасында
болады
Айырмашылықтар
136
ДІН ФИЛОСОФИЯСЫ
Дін (латынша religio – тақуалық, киелілік, табыну, арабша –
сенім, наным, илану) табиғаттан, адамнан тыс ғаламат күштерге
сенетін дүниетанымның бір түрі. Философия және дін өзара тығыз
байланыста. Түптеп келгенде дін философиясы философияның пайда
болған кезінен бастап келе жатыр деп айтуға болады.
Дін философиясының философиялық білім құрылымда
жекеленуі Жаңа заманда өтті. Оның негізін қалаушы Б.Спиноза болып
есептеледі, ал толық қалыптасуы Г.Гегельдің «Дін философиясы»
еңбегімен байланысты.
Дін адам және қоғамның рухани өмірінің маңызды және
қажетті феномені болып табылады. Бұл, А.Шопенгауэрдің сөзінше,
«халықтың метафизикасы», яғни оның дүниетанымының
ажыратылмайтын компоненті ретіндегі философиясы. Шыңында да,
адамзат тарихында діни санасы мен тәжірибесі жоқ халықты
кездестірмейсің. Бұл өзінен өзі әлемнің барлық халықтарына әуел
бастан рухтың діни қажеттілігі және оған сәйкес идеялар, сезімдер
және тәжірибе тән екендігін көрсетеді. Адам мен адамзаттың осы
қажеттілігі ешбір жойылатын емес және ғылымның, философия мен
өнердің дамуы нәтижесінде тіпті ештене де жоғалтпайды. Ол
(қажеттілік) адамдардың өмір сүруінің барлық уақыттарына ортақ
болып отыр.
Дінді зерттеумен - әрқайсысы өз қырынан – дін ілімі
(богословие), тарих және философия айналысады. Дін ілімі діни
сананың аян жолымен берілген фактілерін барабар (адекватно)
түсіндіруге тырысады. Дін тарихы діни сананың шығу және даму
процесін зерттейді, қалыптасуының ортақ (жалпы) принциптерін табу
мақсатымен әртүрлі діндерді салыстырады және жіктейді.
Философия ең алдымен діннің мәнін талдайды, оның дүниетаным
жүйесіндегі орнын анықтайды, оның психологиялық және әлеуметтік
аспектілерін, онтологиялық және танымдық мағынасын айқындайды,
сенім (наным) мен білімнің ара қатынасын айырады, адам және Құдай
қатынасы проблемасын, діннің құлықтылық мағынасын және оның
қоғам өміріндегі, адамның, сол сияқты адамзаттың руханилығын
дамытудағы ролін зерттейді.
Діни дүниетаным алғашқы қауымдық қоғамда пайда болып,
одан кейін үлкен даму жолын өтті.
137
|