Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия


Үшінші кезең – бұл қозғалыс кезеңі, «өнеркәсіптік төңкеріс кезеңі»



Pdf көрінісі
бет73/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Үшінші кезең – бұл қозғалыс кезеңі, «өнеркәсіптік төңкеріс кезеңі» 
(«эпоха промышленной революции»). Бұл кезең өнеркәсіптің негізгі 
салаларының тез өсуінен капитал жинақтау үлесінің жоғарлауына алып 
келетін өндіріс әдісінің радикалды өзгеруімен ерекшеленеді. 
У.Ростоудың пікірінше, бұл кезеңді Англия XVIII ғ. аяғында, Франция 
мен АҚШ ХІХ ғ. ортасында, Алмания (Герм.) ХІХ ғ. екінші 
жартысында, Ресей 1890 - 1914 ж.ж. аралығында, Үндістан мен Қытай 
ХХ ғ 50 – жылдары басында өткерді
Төртінші кезең – кемелдену кезеңі немесе индустриалдық қоғам. 
Оның негізгі белгілеріне өнеркәсіптің қарышты дамуы, өндірістің 
мүлдем жаңа салаларының пайда болуы, ғылым мен техника 
жетістіктерін кеңінен енгізу, капитал салымы деңгейі ұлттық кірістің 
20% - ына дейін жоғарылауы, қала тұрғындарының 60 – 90 % - ға дейін 
өсуі, жоғары мамандық еңбек үлесінің артуы жатады
Бесінші кезең – « жоғары бұқаралық тұтыну » дәуірі.  Бұл қоғамға 
қызмет көрсету және бұқаралық тұтыныс тауарларын өндіру 
сфераларының басым болуы, адамдардың « өмір сапасының » өзгеруі 
(трансформация «качества жизни ») тән.
127


және өзінің даму логикасы болады деп есептейді. Осы теорияның 
әдіснамалық негізі ретінде Д.Белл «белдеулік принцип» («осевой 
принцип») дегенді алады. Оның мәні – қоғамның әртүрлі типтері 
оның әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси кейпін (бейнесін) 
анықтайтын белгілі негізгі сызық (бағыт) контексінде дамиды. 
Сонымен бірге белдеулік принцип көмегімен қоғамдық қатынастар 
мен институттардың, рухани үдерістердің тек бір ғана факторларға 
байланысты емес екендігін дәлелдеуге тырысады. Олардың бірі – бір 
белдеудің бойында, екіншілері өзге белдеудің бойында орналасады.
«Белдеулік принципі» бойынша адамзат тарихының әлеуметтік 
эволюциясы (дамуы) үш кезеңге бөлінеді: индустриалдыққа дейінгі 
қоғам,индустриалдық
және
постиндустриалдық
қоғам. 
Индустриалдық қоғамға қарағанда, Д.Беллдің пікірінше, 
постиндустриалдық дәуірде байлық пен биліктің негізгі көзі білім 
болып табылады, сондықтан басқарудың шешуші құралы ретінде 
машиналық емес, интеллектуалдық технологиялар болады.
Осы үш аспектілердің, бағыттардың өзара әрекеті теориялық 
білімнің постиндустриалдық қоғамның « белдеулік принципі » ретінде 
зор маңызын алдын - ала анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет