және өзінің даму логикасы болады деп есептейді.
Осы теорияның
әдіснамалық негізі ретінде Д.Белл
«белдеулік принцип» («осевой
принцип») дегенді алады. Оның мәні – қоғамның әртүрлі типтері
оның әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси кейпін (бейнесін)
анықтайтын белгілі негізгі сызық (бағыт) контексінде дамиды.
Сонымен бірге белдеулік принцип көмегімен қоғамдық қатынастар
мен
институттардың, рухани үдерістердің тек бір ғана факторларға
байланысты емес екендігін дәлелдеуге тырысады. Олардың бірі – бір
белдеудің бойында, екіншілері өзге белдеудің бойында орналасады.
«Белдеулік принципі» бойынша адамзат тарихының әлеуметтік
эволюциясы (дамуы) үш кезеңге бөлінеді: индустриалдыққа дейінгі
қоғам,индустриалдық
және
постиндустриалдық
қоғам.
Индустриалдық
қоғамға қарағанда, Д.Беллдің пікірінше,
постиндустриалдық дәуірде
байлық пен биліктің негізгі көзі білім
болып табылады, сондықтан басқарудың
шешуші құралы ретінде
машиналық емес,
интеллектуалдық технологиялар болады.
Осы үш аспектілердің, бағыттардың өзара әрекеті теориялық
білімнің постиндустриалдық қоғамның « белдеулік принципі » ретінде
зор маңызын алдын - ала анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: