Р.
Мертон сонымен бірге ғылым «этосы» деген ұғымды да
ұсынды. Ол этос (лат. ethica, гр.
еthos - әдет, мінез) деп ғылыми
қауымдастықтың мүшелерінің ұстанатын
нормаларын ұғынды және
төрт белгісін, сипатын көрсетті:
- әмбебаптығы (универсалдығы);
- ұжымдылығы;
- риясыздығы;
- ұйымдасқан скептицизм (сыни қатынас).
Бүгінгі таңда ғылымның қоғамдағы рөліне, орнына екі түрлі
қарама – қарсы көзқарас бар:
-
сциентизм ғылымды барлық
адам қызметі формалары мен
түрлерінің эталоны, үлгісі, «таза, құнды бейтарап» феномен ретінде
қарастырады (яғни ғылымды жағымды қолдайды);
- антисциентизм – керісінше,
ғылымның маңызын елемейді,
ескермейді.
ТЕХНИКА ФИЛОСОФИЯСЫ
Техника (гр. techne - өнер, шеберлік, ептілік, машық) қоғам мен
табиғатты байланыстырып жатқан феномен. Ол көп мағыналы ұғым,
бірақ негізінен мынандай екі мағынада қолданылады: 1)
тар
мағынада техника деп адам қызметінің әр түрлі салаларында
(өндірістік және өндірістік емес)
пайдаланылатын жасанды
(техникалық) құралдардың жалпы атын, жиынтығын айтады; 2)
кең
мағынада – қызметте қолданылатын іс - әрекеттің амалдар, тәсілдер
жиынтығын білдіреді,
яғни өнер, шеберлік түрін айтады (жазу
5. Ғылымды зерттеудің
институциялық әдісі (Р.Мертон,
АҚШ )
Білім алуға бағытталған кәсіби қызмет;
Осы қызмет барысында туындайтын қатынастар;
Ғылыми қызметті ұйымдастырудың алуан түрлі
формалары мен әдістері;
Ғылымды басқарудың формасы мен әдістері;
Ғылыми қызметтің нормалары мен құндылықтары;
123