Философия истории


Сондықтан Платон тарихи дамудың заңын тұжырымдап берді: «кез-келген әлеуметтік өзгеріс



бет3/6
Дата21.04.2023
өлшемі374,21 Kb.
#85275
1   2   3   4   5   6
Сондықтан Платон тарихи дамудың заңын тұжырымдап берді: «кез-келген әлеуметтік өзгеріс - бұл шіру, ыдырау немесе азғындау». Мысалы, мемлекетті басқарудың дұрыс түрлері бұзылып, теріс түрлерімен ауыстырылады
Платон өзгерістері тоқтатудың амалын тапты: мәңгі мінсіз (идеалды) аристокра-тиялық мемлекетті орнату туралы утопиялық ілімді ұсынды.
Платон
(427-347 до н.э.)

Аристотельдің тарих философиясы


Аристотель Гераклиттің өзгеріс-тер туралы идеясын қолдады. Платонның шәкірті болғандықтан, Аристотель басқарудың дұрыс түрлері теріс түрлерімен ауыстыры-лады дегенді қолдады.
Бірақ Аристотель басқарудың ең дұрыс түрі - «Афиндық полития» деп, орта таптың көбеюі әлеуметтік және саяси тұрақтылық үшін дұрыс деп тапты
Аристотель
(б.д.д.384-322 жж.)

Орта ғасырдағы Августиннің адамзат тарихы философиясы


Августиннің «Жан сыры» атты еңбегін Европада тарих философиясын жасаудағы бірінші қадам деп айтуға болады.
Августиннің пікірінше, мәңгі Құдай дүниені ешнәрседен жаратты. Оған дейнгі бұрынғы уақыт болған жоқ. Осыдан дүниенің тарихи уақыты басталды. Августиннің ілімінде адамзат тарихы түзу сызық бағытымен жүретіні көрсетіледі. Адамзат тарихы шеңбер бойымен жүрмейді, қайталанбайды, өйткені «Христос біздің күнәмізді өтеу үшін бір рет өлген». Адамзат тарихы - «Құдайы қала» мен «Жердегі қаланың» өзара күресімен өтіп жатады. Ең соңында «Құдайы патшалығы» орнатылады
Августин Аврелий
(354-430 жж.)

Қайта Өрлеу дәуіріндегі тарих философиясы: Джамбатиста Вико


Джамбатиста Вико
(1668 — 1744)
«Ұлттардың жалпы сипаты туралы жаңа ғылымның негіздері «(1725)
Вико өзінің ілімінде христиандық дінді тарих ғылымымен қосып көрсеткен: «Дүниені Құдай жаратқан, одан кейін дүниежүзілік су тасқыны болған. Құдай еврейлерді таңдап, құтқарған. Одан кейін адамзат тарихы басталады.
Құдайлар ғасыры, қаһармандар ғасыры, адамдар ғасыры әр ұлтта өзінше болған Азаматтылық әлемін, әрине, адамдар жасаған. Оның дәлелін адам ақылының модификацияларынан ( түрлі жаңа көріністерінен) табамыз», - дейді Джамбаттиста Вико


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет