Қазақ өркениетінің қалыптасу ерекшеліктері
Қазақ өркениеті ғасырлар тоғысында
Бүгінгі күнгі қазақ мәдениетін зерттеушілердің алдында тұрған методологиялық мәні бар өзекті мәселелердің бірі – қазақ өркениеті, Қазақстандық өркениет өзіндік зерттеуді талап етіп отырғаны белгілі. Батыстық өркениетшілердің еңбектері қазақ ойшылдарының арасында да кеңінен қолдау тапты. Олар өркениет теориясын өз бетінше зерделеп, өркениет ошақтарының дамуына өзіндік ерекше түсінік беруге тырысты. Қазақ ғалымы А. Байтұрсынов өркениетті жіктеудегі басты мәселе географиялық факторлар, яғни климат, жердің топырағы, суы, кені, жан-жануары, демографиясы деп түсінген. Қазақ ғалымы өркениет дамуының алғышарттарын былайша сипаттайды: «Шаруашылық өзгерісі, шаруашылықтың бір түрінен екінші түріне түскенше талай ғасырлар өткен. Мұны Еуропа тілінде эволюция деп атайды. Дүние ісі секіріп алға баспайды, эволюция жолымен жылжып, жылысып өзгереді». А. Байтұрсынов өркениеттің эволюциялық жолына талдау жасаған. Ол турасында ғалым «дүниеде тәркі етіп аса көзге көрінетін іс адам баласының тіршілік еткен тәсілі. Сол тіршілік тәсілінің жүзінде тастан жасалған балтадан бастап, осы күнгі сансыз құралдарға жетіп отыр. Ор сияқты үлкен шұңқырларды паналағаннан бастап, осы күнгі биіктігі аспанмен таласқан салтанатты сарайларға жетіп отыр. Сол тіршілік жүзіндегі адам баласының дүниелік табу жолында істеген істерін кәсіп деп, құралмен жасаған тәсілдерін шеберлік деп атаймыз» деген ерекше ойға келеді. Ары қарай өркениет дамуының басты себептері талданады.
Өндіріс-шаруашылық жайы табиғат жағдайымен кіндіктес екендігі даусыз. Дүние «жылылықтың» аз-көбіне қарай, экватордан әрі де, бері де қарай жер жүзі үйек-үйекке тілініп бөлінеді. Бел орталыққа таяу күн төбеге келетін нағыз ыстық жерлер «ыстық үйек» деп аталады. Оған таяу үйек «жылы үйек», оған таяу «салқын үйек», оған таяу «суық үйек» ең ақырында темірқазық. Біз жердің салқын үйегінде тұрамыз. Біздің оңтүстік жағымыздағы таяу үйек «жылы үйек», онан әрі «ыстық үйек». Өркениет пен мәдениет әуелі «жылы үйектен» көрінеді». Өркениеттің жемісі мол, аңы көп «ыстық үйектен» басталмау себебі, онда тамақ асырап, күн көру жеңіл, тіршілік етуге тәсіл қажет емес. Мәдениет ми мен аяқ-қол қатар істеген жерге орнамақшы деп өз тұжырымын дәлелдей келе, алғашқы төрт өркениеттің жердің жеті дариялы «жылы үйегінде» пайда болғанын атап көрсетеді. Ол өркениеттер: «Ніл дариясының бойындағы Мысыр мәдениеті, Ассирия һәм Вавилония мәдениеті, Тигр һәм Евфрат дарияларының бойында, Ант мәдениеті Ант һәм Хуанхэ дарияларының бойында, Қытай мәдениеті Хуанхэ һәм Янцзы дарияларының бойында» [36, 32-38 бб.].
А. Байтұрсынов мәдениет дамуының факторларына көп көңіл бөле отырып, кейбір ғалымдар пікірлерінің біржақты екендігін баса айтады. Мәдениеттің ерте немесе кеш, жылдам не баяу дамуына табиғаттың ықпалы мол екендігін дәлелдейді. «Салқын үйек» пен «суық үйектегі» жерлерге мәдениет адам баласы табиғатпен тартысудың тәсіліне жетіп, ғылым, өнер біліп, табиғат жайсыздығын жағдайлы етуге жетілген кезде орнаған деген ғылыми тұжырым жасайды.
Өркениеттің дамуы қоғамды бөлшектейтінін, ол қоғамның таптық қоғамға айналатынын ойшыл ғалым А. Байтұрсынов ашық айтады. «Класқа бөліну реті біздің қазақтың төре-қара бөлінуі сияқты. Билеуші класс, көнуші класс болып бөліну. Бірақ Еуропа кластарының арасындағы жігі біздің төре мен қара арасындағы жігінен зор болған. Мәдениет жүзінде жоғары тұрған Еуропа жұрттарын алсақ, бұлардың класс жігіне бөлінбегені болмаған. Класс жігіне бөлінуге мемлекет қамы себеп болған» [72, 16-24 бб.]. Алғашқы қазақ ғалымдырының бірі А. Байтұрсыновтың өркениет дамуына және таптық бөлініске мұндай жетік зерттеу жүргізуі терең білім мен ізденімпаздықтың жемісі екенін дәлелдейді.
Өркениетшіл үлгіні ұстанып, өркениеттік іс тындырған тағы бір қазақ ғалымы, ағартушысы Ы. Алтынсарин. Нағыз педагог атына лайық Ыбырай қазақ халқы үшін өркениеттік үлгі ұсынды, ол білім мен ғылымға негізделген даму жолы еді. Ол орыс-қазақ мектептері, екі сыныптық мектептер мен қол өнер училищелерін ашып, көшпелі халыққа білім беріп, орыс халқының көш алды ғылымы мен мәдениетін үйретуге тырысты, осы мақсатта оқулықтар мен хрестоматиялар жазып, жаңа алфавит пен күнтізбені енгізді. Ы. Алтынсарин ел ішін мұғалім ретінде жиі аралай жүріп, халықтың өте ауыр тұрмысын өз қолжазбаларында үнемі жазып жүрді және оның себептерін ашу жолында үлкен еңбек етті. 1879-80 жылдар аралығындағы жұт туралы ауқымды материалдар мен дерек көздерін жинақтаған да Ыбырай еді. Бұл мәліметтер қазіргі күні мұрағаттық сипатымен аса құнды. Ыбырай өркениетке барар бірден-бір жол халық арасында білім мен ғылымды, мәдениетті жетілдіру деп есептеді. Сонымен қатар, ол қазақ халқын отырықшылыққа шақырып, белгілі бір кәсіппен шұғылдануын арман етті және осы мақсатта тәлім-тәрбиеге толы көптеген әңгімелер жазып, жастар бойындағы еңбексүйгіштікті, кәсіпшілікті оятуға ұмтылды. Кәсіппен айналысқан адамның тұрмысы оңды болады деген қағиданы ұстанды [73, 25-28 бб.].
Ыбырайдың осы ойымен қазақтың ұлы ойшылы Абай ұсынған сауда, кәсіпшілік, өнертапқыштық, білімпаздық жолы ұштасады. Осы турасында Абай «адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ» деген өлең жолдарын жазып, жастардың рухани, мәдени, әлеуметтік-экономикалық дамуына, азамат ретінде қалыптасуына, өркениеттік бағдарды ұстануына жол сілтейді. Абай еңбек ең жоғарғы игілік көзі, адам күшінің ең биік өлшемі, халқына қызмет етудің, ұлттық арман-мүддені жүзеге асырудың басты көрсеткіші, өркениетке жетудің хаһ жолы деп түсіндірді. Хакім Абай адамдардың жеке басының қажеттіліктерін өтеуге негізделген еңбектен қоғамның, халықтың мүддесіне бағытталған еңбекті бөліп қарайды. «Өзі үшін еңбек ететін адам малға ұқсайды, тек қарнын толтырады, ал нағыз адам адамшылық үшін, қоғам игілігі үшін еңбек етуі қажет» деген озық ойлы пікірін айтады. Абайды қазақ халқының әлем өркениетінде өз орнын табу мәселесі қатты толғандырды. Сол себепті ол өз заманындағы қазақ қоғамының кемшіліктерін қатаң сынға алды. Мол мұралы Ш. Құдайбердиевте қазақ қоғамының рухани өсуіне, жастардың ғылым-білімге, өнерге деген құштарлығын оятуда айтулы еңбек сіңірді. Орыстың солақай саясатына елітіп, қазақтар арасында іріткі салып жүрген пысықтарға байланысты «ар түзейтін ғылым» керектігін айтты, тобырға тоқтау салды. Шәкәрімнің өлеңдерінде, поэмаларында, тарихи-философиялық трактаттарында Шығыс пен Батыс елдері ойшылдарының, ғалымдарының, ақын-жазушыларының еңбектері мен шығармаларының аты аталып ғана қоймай, сонымен бірге мазмұн-мәні ашылып, кейде бірсыпыра ой-пікір жарыстырылып отырды.
Өркениеттік бағдарды ұстанушылар қатарында қазақтың тағы бір озық ойлы ұлы, тұңғыш қазақ зерттеушісі, ғалым Ш. Уәлиханов бар. Шоқан географ, этнограф ретінде қазақ халқының өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, сауда қатынастары, діни сенімдері, асыл мұрағаттары жайлы зерттеулер жүргізді, ғылыми еңбектер жазды. Ш. Уәлиханов алғашқылардың бірі ретінде мемлекеттік сауда саясатына көңіл аударып, оның тиімді де тиімсіз тұстарын ғылыми түрде дәлелдеген. Бірақ, сол кездегі қазақ халқының жалғыз тіршілік ету көзі мал бағу еді. Шоқан осы мәселеге аса ден қойып, жайылымды көшпелі мал шаруашылығының жағдайын талдап, «мал шаруашылығы – халық байлығы» деген қанатты сөз қалдырды [74, 97 б.]. Қазақтар малды тек өнім ретінде ғана емес, өндіріс құралдары ретінде де пайдаланған. Мәселен малдың жүнінен киіз басып, үй жабдықтарын жасаса, терісін илеп ыдыс-аяқтар, жүнін түтіп, иіру арқылы киімдер тіккен, малдың сүйектерінен сабын жасаған. Жалпы алғанда, қазақтар шаруашылықпен айналысқан, шикізат өңдеген, өнімдер өндірген, ең бастысы мал арқылы сауда қатынастарын дамытып, айырбас немесе қазіргі ғылыми тілдегі «бартер» жасау жолдарын жүзеге асырған. Шаруашылық дамытудың тағы бір ерекшелігі малдардың жаз айларында солтүстіктің салқын аймақтарында, керісінше қыстың ызғарлы күндерінде оңтүстіктің жылы аймақтарында бағылуы. Мұндай тәжірибе қазақ халқының георгафиялық және экологиялық ілім-білімдерінің табиғи түрде дамығандығын, дала өркениетін меңгергендігін байқатады. Орталық Азия елдерінде көшпелі шаруашылықтың басқалармен салыстырғанда Қазақстанда мейлінше дамығандығы анық. Бертін келе, мал шаруашылығының өрісі тарылып, одан әрі дами алмайтындығына көзі жеткен қазақтар тіршілік күйінің басқа арнаға өзгеру керектігін дөп басып, отырықшылыққа ауыса бастады. Бұл қадам прогрессивтілік мәнге толы шешім болды. Өздерінің төл шаруашылығын басқа түрге ауыстыру қазақтар үшін оңайға соқпады, дегенмен өмірге деген құштарлық пен қазақтың қанына біткен тәуекелділік отырықшылық, егіншілік сияқты жат шаруашылықты меңгеріп әкетуге бет бұрғызды. Егіншіліктің пайдасын білген халық, астық көлемін ұлғайтып, Орал, Орынбор, Семей қалаларын астықпен сауда жасаудың ірі орталықтарына айналдырды. Керекудегі «Қарқаралы», Қызылжардағы «Қоянды», жәрмеңкелері Орта Азияға танымал болды. Өркениеттік қадам ары қарайғы ақша тарихының толық қалыптасып, кооперациялардың, зауыт-фабрикалардың ашылуымен жалғасын тапты. Кооперацияны М. Дулатов қолдап, халыққа бірігіп жұмыс істеудің тиімді екенін баса айтса, М. Сералин өз еңбектерінде қазақ халқының отырықшылыққа, егіншілікке және интенсивті мал шаруашылығына көшуі сияқты келелі мәселелерді көтеріп, бұл мәселелердің объективті қажеттіліктерін дәлелдеп берген. Отырықшы болу мәдениетке жетудің шарты деп пайымдау негізсіз, сондықтанда жер мәселесін көшу жақсы ма, отырықшы болу жақсы ма деп шешуге емес, қазақ жерінде қай кәсіппен күн көруге болады деп шешу абзал [75, 16 б.]. деген ой айтады. Мұндай құнды мағлұматтар «Айқап», «Ұшқын», «Ауыл», «Еңбекшіқазақ» газет-журналдарында жарияланып, бұқаралық саяси мәні бар дерек көздеріне айналды.
Өндіргіш күштердің қарқынды дамып, капиталистік қатынастардың біртіндеп күш алуы, қазақ қоғамында азиялық және еуропалық мәдениет пен өркениеттің ұшқындарын алып келді. Ұлттық менталитетімізге тән қазақылық қасиеттер бөтен ел өкілдерінің қазақтар арасына тез сіңіп кетуіне ықпал жасады. Қазақтардың аңғалдық, сенгіштік және елгезектік қасиеттері де сырт ел өкілдері үшін барынша тиімді болды. Осылайша қазақ даласында мәдениеттер сұхбаттастығы мен трансформациясы, өркениеттердің алмасуы мен қарым-қатынасы, дәстүрлік жаңашылдық пен сабақтастық өз жалғасын тапты.
Жоғарыда аталған қазақ ойшылдарының өркениеттік үлгісін ұстанып, оны ары қарай қарқынды дамытқан, Петербург, Мәскеу, Варшава, Қазан университеттерінен жоғары білім алған Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Мұстафа Шоқай, Ж. Аймауытов, Б. Сыртанов, Б. Қаратаев, М. Тынышбаев, С. Жантөрин, С. Асфендияров және т.б. ұлт зиялылары болды. Аты аталған алаш азаматтарының ойы бір жерде тоғысып, қазақ халының өркениетті халық болып ары қарай қалыптасуына өз ықпалын тигізді. Олар қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, Еуропа мәдениетіне, өркениетіне жетуді мақсат етті.
Жалпы мәдениет пен өркениет деген ұғымдар біріне бірі өте жақын ұғымдар. Бірақ бір емес. Мәдениет – адам баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өңдеген заты, құбылыс болса, ал өркениеттілік- мәдени табыстардың адам игілігіне жаратылуы.
Қазақ мифологиясының және философиясының қайнар көздері ежелгі дүниеде, бұрынғы протоқазақтардың және қазақтардың мифологиялық алғашқы философиясында (б.э.д. І-ІІ мыңжылдықтар) жатыр. Қазақ халқы көптеген елдердің өзара әсерлесуі мен бірігуінің арқасында пайда болып, олардың әртүрлі мәдени қырларын мұралап, кезіндегі жетекші өркениеттің – сақ өркениетінің мұрагері болып табылады. Олар толық қанды қазақ өркениетін қалыптастырды.
«Қазақ өркениеті» ұғымын нақты тарихи, рухани – мәдени және ғылыми тұрғыдан негіздеу бүкіл қазақстандық әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жүйесінөзгертуге, көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі ұлттық тарихымызға мәдени-өркениеттік тәсілмен жаңаша қарауға, ескірген Қазақстан тарихына деген бұрынғы батыстық немесе ресейлік көзқарастан мүмкіндігінше бас тартуға итермелейді. Кең байтақ Еуразия даласында отырықшылық мәдениетпен қолтықтаса отырып, көшпенділер мәдениеті де қалыптасып,айрықша қазақ-қыпшақ өркениеті өмір сүрген. Қазақ өркениетінде өркениетке тән тәңірлік дүниетанымы мен зороастірлік діні, өзіндік төл жазуы, рухани және материалдық мәдениеті, эпостары, философиясы, ғылымы, музыкасы, өнері, қалалары, архитектурасы, халықтары, мемлекеттері болған.
Ғылыми тұрғыдан діндер мен мифтерді зерттеуші ғылымдардың атасы Мирча Элиаденің пікірінше ең алғашқы діни нанымдар да, алғашқы әулиелер де осы далада туған. Элиаденің кітабын оқып өскен европалықтарға біздің сайын дала сағымдай көз алдарында елестеп тұрады. Ал енді жолдары түсіп келе қалса, - даланы көрсетіңдерші, деп жалынады, олар үшін дала бір қолжетпес арман сияқты болады да тұрады. Біз қазақ соған көбінесе мән бере бермейміз, шынымен қолда бар алтынның қадірі жоқ. Қалың қазақ дала емес, қалада тұратын заман болып бара жатыр.
Өркениетті ел болғандықтан республиканың дамуы баянды болуының бір кепілі - өзіміздің рухани–мәдени дүниеміздің тарихи өткеніне қайта үңілу,оларды ой елегінен өткізу, тарих қатпарында қалған рухани дүниеміздің жанды тамырларын қайта қалыптастыруымыз керек. әрине келешекте мұндай руханияттылықтың зердеханасы толыққанды болып өсетін ұрпақтар, байырға қазақи тек емес, еліміздің қазіргі күрделі жағдаятынан туындайтын, келешектегі қазақ халқының әлем халықтары арасынан өзінің шығар төріндегі орнын өз беделімен алатын, кейін кең өріс пен ұрпақтар жаятын жас буындар болады.
Қазақтар – Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 14 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық. Бір кезде қала адамы ауыл адамына қарағанда мәдениетті денген пікірлердің болғаны анық. Алайда соған қарап өркениеттілік қалада деп түсіндік. Бүгіндері сол ұғым нақтыланды,ауыл мәдениетінің қоғам дамуы үшін тигізер пайдасы орасан екендігі айқындалды. Қазақ халқы ертеректе отырықшы егін және көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Еуропа – центрлік теория бойынша, көшпелілер мәдениеті төмен, өркениеттен жұрдай деп топшыланды.Тек соңғы онжылдықтарда ғана біз Қазақстан территориясында көптеген ірі қалалардың болғанын естіп, біле бастадық. Қазақстанның бір кездері астанасы болған бір ғана Отырардың өзі неге тұрады. Ал ертеректе бабаларымыз батыс Қытай қорғанынан Карпатқа , тундрадан ірі қалаларға толы Иранға дейінгі орасан зор территорияны мекен еткен.
Қазіргі таңдағы коғамдағы өзекті мөселенің бірі -Қазақстан өркениеті, оның деңгейі, дәрежесі, мәдениеті, мәдениет пен өркениет тең үғьмдар ма, т.с.с сұрақтарға жауап іздеу болып отыр. Өркениет мәселесі бұрьннан-ақ зерттеліп келеді. О. Шпенглер «Өркениет мәдениеттің ақыры», - десе, И. Гердер «Өркениет мәдениеттің прогрессі» - дейді. Сонымен қатар Шығыс пен Батыс мәдениетін салыстыру да бүгінгі күн мәселесі болуда. Ал, Қазақстанда өркениет мәселесі қалай? Оның көрсеткіштері қандай? Қазақстан өркениеті қай дәрежеде? Жаһандану өркениетке қатысты ұғым ба? Осындай бірқатар сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Ең алдымен өркениет және мәдениет ұғымдарын талдаған жөн болар.
Өркениет - өз зандылықтары бар социомәдени жүйе. Әрбір өркениеттің өзіндік болмысы бар, өз өмірімен өзінің тарихи тағдырын, институттық құндылықтарын өткізеді. Бір-бірімен байланыса отырып, өркениет ой қайталанбастығын сақтайды. Дәстүр механизмі арқылы мәдениетті беру сабақтастық өркениетке тән сипат. Жаңа өркениет жоғары технология мен ақпаратқа негізделеді. Өркениет пен мәдениет адамдардың шығармашылық күшін жүзеге асырудың 2 әртүрлі амалы. Мәдениетте барлық материалдық пен өндірістік рухқа қызмет етеді. Жұмысшы күшін қайта өндіру - өркениет белгісі, ал тәрбие мен білім арқылы адам тұлғасының құрылымын қайта өндіру- мәдениет белгісі, құндылығы дәстүрі. Өркениет технологиялыққа, институционалдыққа, мәдениет - адам мақсатын жүзеге асыруға ұмтылады [76, 117 б.]
Қазіргі қоғамдық дамудың ең өзекті мәселесі-өркениет пен мәдениет бірлігі болып табылады. Өркениет- материалдық пен рухани мәдениеттің даму деңгсйі. Өркениет прагматистік мақсаты белгілі ұғым. Өркениеттікке қайталанбас өзіндік ерекшелік беріп отырған ұлттық этникалық сипат.Осы орайда елбасымыз айтуы бойынша: «Күллі ұлттық мәдениеттердің кедергісіз еркіндеп өмір сүруін камтамасыз ететін арнайы шарттардың бірі - оларға құқықтық жағдай беру. Қазіргі қазақ мәдениеті кәсіби театрдан операға дейінгі, сәулеткерлік мектептен көркем суреттегі соны өнер ізденістерге дейінгі мәдени құрылғылар мен жаңалықтардың алуан түрін көрсетеді. Қазақ мәдениеті мен өркениеті ашық сипат ұстанып, мәдени тың жаңалықгарды қабылдауға әркез әзір болуы тиіс. Қоғамдағы жаппай ақпараттану, қазақ қоғамының қалашылдануының мәдени салдары қалай, мәдениетті, өркениетті жаңа буын нарық дәуірінде қалай бейімделді сияқты мәселелер шығады» [77, 17 б.]
Жалпы қазақстандық мәдени шындық өз мемлекетінің ауқымындағы мәдени жүйемен шектелмеуі тиіс. Келешекте көп ұлтты болып қалатын Қазақстанның өркендеуі үшін мемлекет тарапынан құқықтық кепілдік керек. Өркениет бағасы - ұлттық тәрбиеде жатыр. Әр мемлекеттің болашағы мен бүгіннің баянды болмағы жастардың білімімен, мәдениетпен терең сусындай алатындығы жатыр. Өркениеттік құндылықтар ұлттық тәрбиеден нәр алады.
Әрбір елдің саналы азаматының алдында тұрған мақсат - дүниежүзілік. қоғамдық құбылысқа өз болмысымен, тіліміз бен дінімізбен ену. Бұл үшін өзіміздің бай мәдениетімізге сүйенеміз. Халқымыздың өзіне тон қайталанбас өнері, ешкімге ұқсамайтын мәдениеті мен өркениеті асқақ рухты болмысы бар. Осы тұста белгілі философ Ғарифолла Есімнің мына ой-толғамына толықтай қосыламын: «Қазіргі замандағы өркениетті елдер дегенде екі мәселе бар: олар — адам құқының сақталуының стандарттық нормалары және өркениеттің технологиялық сапасы. Өркениетті болу әркімнің болғысы келетін психологиялық ері мәдени ынта. Қазақстандық өркениет- халықгың ішкі бірлігі, оның азаматтық парасаттылығын нығайтатын қалыптастыратын әлеуметтік- мәдени шындық» [53, 22 б.]
Өркениет - қоғамдық әлеуметтік даму көрінісі, ол белгілі бір қоғамдық өндірістің формасы технология жетістігі, мемлекеттің саяси жүйесінен байқалады.Өркениет те мәдениет те жеке адамның бойынан моралдығынан, ісінен, байқалады, бұл сол адамның мәдени-өркениеттік деңгейін аңғартады.
Қазақстанда өркениет деңгейі қалай?,- деген сұраққа оралсақ,бұл күрделі де маңызды мәселе. Бұл тұрғыда бірқатар міндеттерді ашып алуымыз керек, жаһанданудың өркениетке ықпалын көрсетуіміз керек. Әрбір мәдениет, этнос, әрбір өркениет қаншалықты артта калғанмен, өзін өзгелермен теңестіруге, өзіндік орнын айқындауға хақылы. Қазақ халқы өзіміздің бай мәдениетімізге ,адамгершілік ресурстық мүмкіндіктерімізге табан тіреуіміз қажет.Мәдени мұраның мәнді саласының бірі-дін. Қазақ халқының рухани жаңғыруына тегеурінді ықпал ететін қазақтар үшін бір кездері ұмыт болуға айналған, бабаларымыздың рухы мен аса бай мұсылман мәдениетіне халықтың бағасын беруге мүмкіндік тудыратын биік идеал мен фактор, символ.
Қай мемлекетте болмасын қай кезеңде болмасын тәуелсіздік, халық еркіндігі, мәдениеті мен өркениетінің, саясаттың дамуының басты көрсеткіші болғаны айқын. Тәуелсіздік кез-келген мемлекеттің толысу тарихы, өмірлік құндылықтарды, өмірдің өз мәнін психологиялық қайта парықтаудың тарихы. Төл мәдениетіміз үшін бұл маңызды. Қазақстанның дәл қазіргі кезде әлемдік қоғамдастық интеграциялануы, ондағы саяси жөне экономикалық обьективті цроцеске жылдам интеграциялануға дайындығы кемел. Әлемдік тәжірибедегі жақсылық атаулыны бойға сіңіру және әлеуметтік экономикалық прогресс жолына озық терсң тамырлы ұлттық дәстүрімізді жұмылдыру-табыс кілті, Қазақстанның тұрақты гүлденіп көркейер жолы [78, 12-13 бб.].
Маңызды міндеттің бірі-жаһандану процесіне ілесу. Жаһандық өркениет қалың халық бұқарасының тұтыну сұранысын қамтамасыз етуді мақсат еткен «әмбебаптық мәдениет» болып табылады.Сондықтан жаһандық өркениет материя формасында біздің қоғамдық өмірімізде тіршілік саласында жүруде.Әлеуметтік коммуникацияның техникалық жабдықталуы, теледидар телефон, автокөліктер-ешқаңдай ұлттық ерекшелігі жоқ, жалпыға бірдей заттық бұйымдар болып қалды. Қаладағы тұрғын үйлер, үй жиһаздары барша халыққа ыңғайлы, ұнамды үлгіде жасалынатын болды. Халықаралық сауда-саттық тәсілдері, банкаралық есеп айырысу жүйелері де бірлікке келтірілуде.Халықаралық ұйымдарға мүше елдер өз инетитуттарын да бір жүйеге келтіруде. Білім де өркениеттің бір белгісі десек, қазіргі білім саясаты аясында да бірқатар өзгерістер енген, атап кетсек, кредиттік технология жүйесі, оның мақсаты студенттердің мобилдігін арттыру, диплом конверггілігін,ьягаи халықаралық стандарттқа сай болуы, дистанциялық оқыту жүйесі, интернетке үйрену бұл да әлемдік өркениеттен Қазақстанның калып қоймауы, әрі білім сапасын арттыру мақсатындағы шаралар. Міне, бүгінгі таңдағы Қазақстанның өркениеттік дөрежесі осындай. Қазіргі Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылық қуатымен ерекшеленеді, бұл рухани күш-жігердің арқасында саяси ерік қуатты жұмылдыру арқылы мүмкін болып отыр.
Қазір Қазақстанда біртіндеп жаңа өркениет қалыптасып келеді. Азаматтықтың нышандары беки түсуде. Өркениеттің өркен жаюына ықпал етуші фактор - ұлттық қауіпсіздік болып табылады. Қай кезде болмасын заманымыз тъшыш болса, ұлттық қауіпсіздігіміз нық болса, халқымыз салауатты өмір салтымен өмір сүрсе, білімді азаматтар мен мықты саясаткерлер көбейсе, кәсіби мамандар мен өркениетті, мәдениетті жас ұрпақтар өссе Қазақстан болашақта әлемдік деңгейде үлгі етер мемлекет қатарына қосылар деп үміттенемін. Сонымен қатар экономикамыз бен тұрмыс деңгейіміз көтеріліп, рухани кемелденген мемлекетке айналар болсақ нұр үстіне нұр емес пе ?
Ендеше қауіпсіздік жүйесі мен бейбітшілікті қамтамасыз ету жолында қалыптасқан дүниежүзіндегі әртүрлі елдердің тәжірибесін ескеруіміз керек. Өркениетке бастар жол - жаһандану біздің өмірімізді түбегейлі өзгертуге қабілетті құбылыс. Жаһандануда таза прагматизм де, технологиялық прогресс әлемінің реализмі де тұтыну мен өндірістің стандарттау режимі бар. Біздің алдыға қоятын мақсатымыз экономиканың нарықтық тетіктері мен адам шығармашылығының еркіндігіне негізделген демократиялық және азаматтық қоғамға жету.
«Өркениеттің тағы бір белгісі ретінде азаматтық қоғамды алсақ қателеспейміз. Себебі азаматтық қоғамдағы адамдар өз мемлекетінің болашағына жауапкершілікпен қарады, ал қоғам жоғары мәдени өркениеттілік, интеллектуалды, материалды даму деңгейінде болады. Ал,бұл адамдар өзара түсінушілік пен бейбіт келісім төзімділікпен қарым-қатынас жасайды» [79, 4 б.]. Бұл әрине өркениттің идеалды формасы деп ойлаймын.Себебі қазіргі таңда бізде ұдайы дамыған азаматтық қоғам жоқ, ол тек бастапқы сатысында. Кеше Кеңес дәуірінде бәрі тек жоғары жаққа тәуелді болып ,жалтақтаса бүгін тәелсіздігіміздің арқасында көп жетістікке жеттік. Азаматтық қоғамға қоса демократия да өркениеттілік пен гуманизмге қадам жасаудың кепілі болып табылады. Себебі демократия адам құқықтарын сақгау арқылы бейбітшіл саяси мәдениетті қалыптастырумен айналысады. Демократиялық құндылықтар әлем мәдениетінің назарындада. Айтылғандардың бәрін қорытындылай келсек, Қазақстан өркениеті бүгін қандай дәрежеде екендігінен жауап алғандаймыз. Жақын жылдарда Қазақстанның ұлы, жоғары өркениеті, экономикасы мықты, табиғи ресурсқа бай, мол рухани және материалдық қазынасы болатын мемлекетке айналары даусыз. Бұлай деуге толық негіз бар.
• Біріншіден, біздің кең байтақ территориямыз бар.
•Екіншіден, әлемдегі ұлы державалармен басқа мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынастамыз.
•Үшіншіден, бізде жаһаңцану процесі қарқынмен жүруде.
•Төртіншіден, біртіндеп демократияның белгілері енуде.
•Бесіншіден, халқымыздың сан ғасырлар жойылмай ұрлақтан-ұрпаққа берілген мол рухани қазынасы, әдебиеті, өнері, мәдениеті, асыл сөздері мен нақыл-қасиеттері бар.
•Алтыншыдан, біздің қазақ халқының бойында бейбітшілік сүйгіш төзімділік және мол интеллектуалдық күш-қуат ,мықты ерік-жігер бар.
•Жетіншіден, өзге ұлттан қазақ халқын ерекелеп тұратын нәрсе - бұл халқымыздың ақпейіл, қонақжайлылығы.
•Сегізіншіден, қазақ халқы қашанда табиғатпен үйлесімде болған, аялаған. Ал бұл материалдық жағынан өркениетті деген батыс қоғамында жоқ, оларда керісінше табиғатқа үстемдік ету бар.
Айта берсек мұндай артықшылықтар толып жатыр. Мәдсниет пен өркениеті бір-бірін толықтырып тұратын ұғымдар. Мәдениет те өркениет те қоғамда, күнделікті өмірде қатар жүреді. Өркениетте демократия туралы сөз болса, мәдениетте демократиялық құндылықтар, жеке азаматтардың рухани кемелденуі, ерік бостандығы, құқығы туралы сөз болары даусыз. Алдыңғы қатарлы өркениетті деген батыс елінің өзінде рухани тоқырау шеңгеліне түскен кездерінде Шығыстың рухани байлығының қажеттігін сезініп қабылдап отыр. Ендеше бізге Қазақстан азаматтарына Батысқа еліктеудің еш қажеттігі жоқ. Дәлел ретінде қазіргі АҚШ ситуациясын алуға болады. Қаншалықты технологиясы жетілген мықты держава болса да, рухани дағдарыста екендігін үстемдік етумен көрсету десек ең дұрысы осы. Әрине батыстық өркениетті, жоғары технологияларды, компыотер, Интернетті меңгеру кажет, бұған қоса өзіміздің дәстүрлі төл мәдениетімізді ұстансақ заман талабы мен ұсынысына сай артта қалмасақ өркениетті ел болғанымыз. Шығыс пен Батыс мәдениетінің өзара байланысу жолында байланыстыр үшін түйіні бола отырып, қазақ жері көптеген өркениет құпияларын сақтауда. Территориямызда қайталанбас археологиялық тарихи-сәулеттік ескеткіштер - 29 қала бар. Айша Бибі, Ахмет Яссауи мавзолейі, Түркістан. Отырар, Шоқан Уалиханов пен Абай Құнанбаев мемориалды музейін алсақ қазақ жерін ашық аспан астындағы музей деуге болады. Алматыда мәдени мұраны сақтау мен зерттеу мәселесі бойынша маңызды жұмыс жүруде.Қала әкімшілігінде екі ай бұрьш қала тарихына, қала мерейтойына, арналған «дөңгелек стол» өтті. Қала музейі құрылысы басталды. Алматы территориясында археология институтының археологтары күшімен зерттелетін ескерткіштер анықталды, бюджетке тарих пен мәдениет ескерткіштерін жасауға ақша қойылды. Қала әлпетін анықтаушы фактор - музей болмақ.
Қазір тұтас қазақ халқын қалыптастыру процесінде этникааралық және мәдениеттер аралық өзара әрекет процестері өтуде. Жаһанданудың мәнді негізі ақпараттық төңкеріс адам өмірінің барлық сферасына ықпал етеді. Ұлттық суверенитет пеи ұлттық «Меннен» өзіндік болмыс пен қайталанбас дәстүрлі мәдениеттің ұлы құндылықгарынан халық шығармашылығы мен даналығынын көп ғасырлық тәжірибесін көреміз. Жаһандану механизмінің мәдениеттің теңділігіне ықпалын зерттеу маңызды. Жаһандану парадоксалды, олай деуімізге негіз бар.Оның с гаңцартизация тенденциясы бар,бұл үлттық ерекшелікті өшіру сонымен кдтар өлемдегі теңсіздікті күшейтеді. Сондықтан жаһанданудың ұлттық мемлекет мүддесін жоюына мүмкіндік бермейтін бір шешім ол жаһандану моделін өзгерту. Ол қолданыстың жаңа типімен жүзеге асуы қажет: жалпылық – ерекшелік - Жаһанданудың тағы бір негативті формасы - псевдомәдениет, күш пен катаңдык культі, басқа адамның құқығын таптау, билікке кез-келген жолмен ұмтылу. Бұл шабуылға ұлы құндылық рухани байлыққа сүйеніп қарсы тұруға болады. Жаһандану бүкіл адамзат ғылми ақылының потенциалы ретіңде бүкіл ел мен халық игілігін жүзеге асыруы керек.
Мәдениет аумағындағы гуманитарлық ғылым өкілдерінің өткізген зерттеулері бойынша, мәдениет пен өркениет ұғымы тең емес және бір уақытта өзара тығыз байланысты ұғым. Өркениет термині материалдық және рухани мәдениеттің нақты өсу деңгейін білдіреді. Неміс ғалымы О. Шпенглердің (1888-1936) айтуы бойынша, әрбір мәдениеттің бірегей және қайталанбас тағдыры бар. Әрбір мәдениет дамуының соңы өркениет сатысы, О. Шпенглер бойынша оған Европа кірді.
Бұл сатыда ғылым мен техника жоғарғы дәрежеде дамыды, әдебиет пен өнер саласында құлдырау болып, қалалар саны тез өседі (урбанизация) деген мінездеме сай келеді. О. Шпенглер бойынша, бұл жолда ұлт «мәдениет жанын» жоғалтады. Зерттеушілер өркениетті адам катынасында сыртқы әлемге әсер етуші ғана емес, сонымен бірге, оған қарсы тұрушы ретінде қарастырған. Өркениет-мемлекет, ұлт, әлеуметтік топ заңдылықтарына қызмет етуші мәдени — социомәдени жүйе [26, 91 б.]. Американдық социолог О. Тоффлердің көзқарасын негізге алсақ, бүгінгі таңда жоғары технология мен ақпаратқа негізделген жаңа, өркениет құрылуда. Техника мен оның өзгерістері әлем бейнесінің толық өзгеруіне әкеледі. Өркениетке бастайтын жолда «технологиялық мәдениет тұр; одан өтпеген» халық өркениеттік, әсіресе техногендік өркениеттің өгей баласы сияқты болмақ. «Технолоиялық мәдениетте» ғылым мен техника кең өріс ала алмайды, натуралдық қалпымыз көп өзгерістерге түспейді.
3. Бжезинскийдің айтуы бойынша, жоғарғы ірі мемлектке төменгі келгірілген мінездеме тән: Бірінші, әлемдік деңгейде және өзге елдерге экономикалық үстемдік жүргізе алу мүмкінділігінің болуы. Екіншіден, өндірістік және өзге де халық шаруашьшығының салаларында үздік әлемдік технологияньщ болуы. Үшіншіден, өте жоғары қарқында әлемдік деңгейде мәдени үстемдіктің болуы. Төртіншіден, өзгелер жете алмайтын әскери үстемдіктің болуы [80, 2-3 б].
Жаһандану дегеніміз қазір американдық үлгіге көшу. Жаһандану біз сияқты кенже ұлттарға арналған идеология. Батысты ешқашан жоққа шығара алмаймыз, ол мүмкін де емес. Дәстүріміз сақталды деп ырза болғанымызбен, өзге алдыңғы қагарлы ұлттардың бізден алыстап бара жатқанын қалайша білмеген-көрмегенсіп отыра бермекпіз. Ғылымға "қазақстандық өркениет" деген ұғымды енгізудің уақыты келді.
Бір ғана өркениет жетегінде кету, өзге өркениетті көрмеу — мәдениетсіздіктің белгісі. М. Хайдеггердің пікірі бойынша, өткен өркениетті терең зерттеп, құндылықтар мен әлемдік құндылықтардың табиғи үйлесімділігін адам-мәдениетті адам деп көрсеткен болатын.
Біздің халқымызға тән деп ұғынылатын еліктеушілік мінезімізден арылатын күн жеткен сияқты. Еліктеушілік өркениетті өсірмейтін, көркейтпейтін тәсіл. Еліктеу дегеніміз біреудің соңынан ерушілік. Оның алдында не күтіп тұрғанына көз жұма қараушылық. Әлемдегі жаңа сапалы өркениет сұранысы, өз өлшемімізді ұсына білу. Өркениеттілікті тек техникалық, технологиялық жағынан алсақ, әрине, ондай өркениеттің ауылы бізден әлі алыс. Ал оның рухани жақгарына келсек, кімнің өркениеттілігі артық екені даулы. Бүгінгі таңда елімізде ғылым, білім,оқу, мәдени, өнер салаларында жаңа сапаға өту міндетті тұр.
«Қазақ» деген кім, «қазақылық» деген не? — деген сұраққа әрқайсымыз ойлануымыз қажет. Қазақстандық өркениеттің құрамды қажетті алғы шарттары бар.
Бастысы саяси еркіндік, мемлекетіміз бар, мол тарихи-мәдени мұраларымыз бар, тамаша халқымыз бар. Геополитикалық жағынан алғанға евразиялық кеңестік, шығыс пен Батыстың арасы, түркілік, мұсылмандық, славяндық, европалык мәдениеттердің тоғысқан жері. Екі өркениет қақтығысы християндық өркениет пен мұсылман еркендігі арасында жүріп жатқан дау-дамай көп. Осы тұста әр ұлт өз менталитетіне берік болуы керек. Менталитеттің басты феномены — тіл. Сондықтан тілімізді сақтауымыз керек. Ұлттық идеяның ең басты көрінісі-халқымыздың жерге деген ықыласынан көрінуі тиіс. Дәстүрімізге берік болуымыз керек. Дәстүрде ұлттық мінез сақталады. Мұсылмандық жолында болуымыз қажет, осыдан ұлттық идея бастау алады. Қазіргі Дүниежүзілік даму барысында ұлттық мәдениеттердің ерекшеліктері жоғалып, олар экзотикалық уақыты өткен дүниелер ретінде «өгейсіп», «қысқарып» барлық халықтарға, олардың тұрмыстарына, әдет-ғұрпына, қоршаған ортасына тән келетін, әлдебір «барлық-техникалық» мәдениетке бет алуы бой көрсетеді.
Соңғы уақытта ұлттық өзіндік санада, шынайы патриотизмде адамдар өз шығу тегін ойлай бастады. Бұл сұрақ жаңа тәуелсіз мемлекеттерде де, жекелегенде Қазақстанда шықты. Қазақтар қайдан шықтық, біздің тарихшымыз қандай, біз адамзат дамуына, әлемдік өркениет құрылуына не қосты? Бірнеше онжылдықтан соң біз Қазақстан территориясында көптеген қала болғанын білеміз. Бір ғана Отырар, Қазақстанның ежелгі астанасы, өзінің белгілі кітапханасы не тұрады. Бұл орта және орта ғасырда қазақ бабалары кең байтақ территорияда: Қытайдың батыс қабырғасынан, Карпатқа және Тундрадан Иранға дейін өмір сүргенін ескермесек. Бұл туралы бұрынғы ғасырдың аяғында шетел авторлары жазады. Демек біздің тарихымыз бен территориямыз ежелгі, атақгы, көшпелілер емес. Дамыған жері бар малшымыз. Қыс уақытында біздің аталарымыз қалада, үйлерде тұрып, ал жазда малды жайлауға жайды.
Жайлауды рационалды қолданды, мұнда басқалар кіруге рүқсат жоқ. Жер мәселесі бірінші проблема болды. Қазақтардың өз халқын қорғауға даяр аттық армиясы болды. Біз варварлар емеспіз, Иран мен Қытай басшылары біздің бабаларымызды туған жерінен қуды. Олар батысқа қашуға мәжбүр болды. Бұл құбылыс тарихта "халықтардың ұлы көшуі" деп белгілі. Оны жүзеге асыру нәтижесінде қазақтар өз жерінің территориясын кеңейтті.
«Әлемдік өркениетке біздің ата-бабаларымыздың үлесін алсақ ол былай шығады:
1. Бұл Шумер мемлекеті, Арийлер, Элам, Ұлы Тұран, Ұлы Ғұн, Батыс жөне Ақ Ғұн, Кушан патшалығы, Сақтар, Скифтер, Сарматтар, Хорезм, Хазар, Авар, Түрік қағанаты. Олжас Сүлейменов Сақтар «Хасактар» деп аталды деп жазады. Қытайлар бізді қазір — Хасақтар деп атайды. Казахия мемлекеті туралы Византияда X ғасырда білді.
2. Ата-балалардың еңбек құралы мен затқа үлесін айтсақ, арба, киіз үй, зергерлік, конамизация, ирригацияанды жүйелер, күйдірілген кірпіш, сәулет өнері, күнтізбе, кілем, текемет, етіктер, керуен, отарба, монша, бесік, ағаш үй, алтын. Әскери өнерге үлесі: ат армиясы, әскери тактика — темір қылыш, жебе, садақ, үзеңгі, ертоқым.
3. Ғылым мен өнерге: шумерлік пен архон-енисей жазбалары, шумер таңбалары 6, 60, 3600 күнтізбе циклі — 12 жыл, кітаптар, өнердегі аң стилі, астраномия, алгебра, зароастризм, тәңірлік, халық медицинасы, фольклор, қобыз, музыкалы аспаптар, ақ ғүндардың ертегі, эпос, айтыс, мақал, ақын-жырау, тарихшылар, философтар» [81, 31 б.]
О. Сүлейменов хасақтар — б з. д. ҮІ ғ. дейін болды дейді. Бұл шумерлік касситтер, касситтік патшалар. Бұны «сақ өркениеті» деп атауға болады. Қазақстан иеленген үлкен территория бізге қазақ өркениеті деп айтуға мүмкіндік береді. Казақ ішінде диалектің жоқтығы тұрақгы өркениетті көрсетеді. Туыс тілдер: ноғай, өзбек, қарақалпақ т.т. көп. Бұл өркениет Рун кезінде Рим, Византия, Иран үстінен қарап, осы кеңестікті иеленді. Ақ ғүндар Орталық Азияны, Шығыс Түркістанды, Солтүстік Индияны иеленді. Қазақ өркениетіне: 1. Тарих. 2. Мәдениет. 3. Өнер. 4. Ғылым. 5. Музыка. 6. Әдебиет пен тіл. 7. Тапқырлық өнер. 8. Қала. 9. Әскери өнер. 10. Сәулет енері. 11. Жазу. 12. Мемлекет пен құқық. 13. Экономика. 14. Өркениет теориясын жатқызуымызға болады.
2001 жылын БҰҰ - өркениет диалогы жылы деп жариялады. Көптеген халықаралық конференция, симпозиум, семинарлар әр түрлі өркениет байланысы мен даму процесін анализдеуге арналды. Өркениетіліктің Орта Азиялық тәуелсіз мсмлекеттері аспектілермен карасақ: экономикалық саяси, мәдени, лингвистикалық, құқықтық, гендерлік, этнопсихологиялық, халықаралық болып табылады.
Әлемдегі адам болмысының редикалды өзгерісінің объективті процесі жалпы планетарлы масштабта тұлға аралық қатынас типі мен амалдарымен жүзеге асады. XX ғасырдың аяғындағы ақпараттық төңкеріс өзара тәуелді және езара келісуші әлем идеясын шындықка айландырады.
«Жаһандану» мәнінің негізінде ақпараттық революция жатыр. Адамзат өмірінің экономика, саясат, мәдениет, тіл, білім, рухани-өнегелік саласының дамуы мен аралық жөне конфессия аралық қатынастарына ықпал етеді. Жаһанданудың ұлттық мемлекет пеп оның қызығушылықтарын жоймауына бір жол бар, Жаһандану үлгісінің өзін өзгерту. Бұл жаңа қатынас типіне байланысты жүргізілуі тиіс: жалпы - ерекше — жеке, ерекше мен жекені ассимиляциялағанда, бірақ жекенің экстремалдық көрсетуі мен дамуының нәтижесіңде, оның бірегейлігі мен қайталанбастығын жүзеге асырады. Бұл жаңа қатынас типі әлеуметтік-философиялық концепцияларда талданған. Соңғы жылдардың қайғылы жағдайлары көрсеткендей, изоляционистік орнатулар, жабық және қозғалмайтын мономәдениет талаптарының шекті мәні , кез-келген құралды әлдебір ұйымдастырған түрде, яғни халықаралық масштабта фанатизмге, терроризмге, экстремизмге, радикализмге әкеледі. Бірақ бұл өзін шынайы адамшылықтан, ашықгықтан, толеранттылықтан, сенімнен, адамның тірілік шырынынан айырған мәдениет. Мәдениет сөздің турасына қарағанда адамның адамгершілік мәнінің-руханилығың іске асуы меп сыртқы, заттық-практикалық көрінісі. Керісінше, бүгінгі әлемдегі жағдайда мәдениет өзіндік мақсат ретінде жалаңаштанған жансыз шеберлігімен сыртқы форманың соңынан жүруі - бұл руханисыздық мәдениет жағдайлары. Бұл соңғысы «антимәдениет», немесе «мәдениет еліктіруі» деп аталады.
Шығыс пен батыс диалогы мөселесін ғаламдандыру жағдайында осылай қарастыру, біріншіден, Қазақстандық философияның өзіндік бейнесінің әлемдік өркенит диалогына шығуына мүмкіндік береді деген сенім артады.
Екіншіден, жаңаға осылай ену біз үшін мәдени-тарихи өлшем ретінде Қазақстан мен Орталық Азия халқының мәдениетіне, өз шектерін басқа мәдениепен таныстыру арқылы кеңейтеді, бұл процесте өзін тану, бәсекеге қабілетті болу жақсы жүзеге асады.Бұл жаңа шыңға шығуды білдіреді.
Үшіншіден, ғаламданудың жаңа моделі «ашық мәдениеттер диалогы» өлемдік акдараттық жүйеге енуге мүмкіндік береді, сонымен қатар өзінің ұлттық өзіндік болмысын сақтау, өзінің қайталанбастығымен әлемнің ұлттық бейнесін сақтауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, XXI ғасырдың басында Орталық Азияда жаңа әлеумепік-экономикалық, мәдени және этикалық бірегейлік құрылып, үлкен шығармашылық пен тиімділікке негізделуде. XXI ғасырда орталық Азия әлемдік қауымдастықгың мүшесі болып, өркениеттің демократиялық дамуының ерекше негізін көрсетпек.
Батыстың қолдайтын бағыты-құндылықтарға сәйкес ортаны өзгерту болса, Шығыстың бетке ұстар құңдылығы-адамды өзгертіп, жетілдіру болмақ. Жалпы ұлтыиа, дініне, саясатына қарамай қазіргі Қазақстанның жалпы ортада тұрған құндылықтарын атап өтейік: Бірінші, демократиялық, экономикалық күшті мемлекет құру; Екіншіден, халықтың руханилығының қайта тудыру идеясы; Үшіншіден, ұлттық түп тамырының шарықтауы республикада тұрып жатқан басқа ұлт өкілдернің арасындағы ынтымақтасгық қазақ ұлтының келешегіне көп әсер етеді. Төртіншіден, республикадағы басқа ұлт өкілдері Қазақстанды демократиялық, унитарлы, зиялы мемлекет, оның территориясы бөлінбейтін, бүтін, мызғымайтындығына сеніммен қарау керекпіз.
Біз қазір өркениетке ұмтылудамыз. Өркениетке де ұлттық ерекшелігімізбен, яғни ұлттық тілімізді өгейсітпей, ұлттық салт-дәстүрімізді жатырқамай, ұрпақтарымызды аздырып-тоздырмай, имандылық, иманжүзділік-әдептілігімізді сақтай отырып жетуіміз керек. Ұлттық намысты аяқ асты еткен халық күнкөріс үшін арын да, ұятын да, Отанын да сатудан тайынбайды.
Қазақстандық өркениет, оның негізінде жатқан қазақ халқына, арысы көшпелілерге өркениеттілік тән бе, әлде тұйықталған шеңберден әлі шыға алмай келеміз бе? Тәуелсіздігін алған қазақ халқының, Қазақстан Республикасының өркениеттік даму сатысы қандай деңгейде деген сауалдар зиялы қауымды ойландырып отырған өзекті мәселелердің бірі екені даусыз.
Өркениет тарихында рухты халықтардың аты қалды, заты қалды. Рухты халықтың алды жарық, Рухты халық – жасампаз алып, тарих рухтың еңсесі биік, есесі мол екнін ертедегі гректер, римдіктер, византийліктер, ежелгі ғұндар, түріктер, шыңғыс хан дәуіріндегі моңғолдар дәлелдеді.
Ең алдымен біздің қазақ, Шоқан айтқандай даланың рыцары - серісі, сайын даланың иесі. «Қазақ» деген айбынды да айдынды ұлт есімі. Екіншіден, қазақ үш жүзден құралған құрама халық емес, тұтас халық. Біз бір атадан тараған үш баланың , үш атаның ұлымыз. Түбіміз бір, түбіріміз бір. Азия сахарасындағы іргелі халықпыз. Ортақ тіл, Қасым хан салған қасқа жол, Есім хан салған ескі жол, Тәуке ханның «Жеті Жарғысы», бүкіл халықтық құрылтай, хан сайлау, жылдық миграция жолын бекіту - осының бәрі біртектілікті, тұтастықты, баршаға ортақ заңдылықты, әдет-салтты іске асырады. Сонымен рухты қалай түсінуіміз керек, жас ұрпақтың рухын қалай көтереміз?бұл мәселенің маңызы өте зор, себебі Қазақстан жаңа мемлекет екенін сылтауратып, қазақтар бұған дейін мемлекет құрмаған деген сөздер оқта-текте айтылып қалып та жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |