4 ҚАЗАҚ ӨРКЕНИЕТІНДЕГІ ТӨЛТУМАЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ 168
4.1 Қазақ өркениеті болмысының төлтумалығы 168
4.2 Қазіргі өркениет кеңістігіндегі Қазақ еліндегі мәдени инновациялық үрдістер 180
4.3 «Қазақ елі - мәңгілік» ұстыны аясындағы қазақстандық ұлттық идея 197
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................242
АЛҒЫ СӨЗ Бұл оқу құралы «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы ауқы-мындағы «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының философия-лық мұрасы» (20 томдық) топтамасының негізінде қалыптастырылған алғаш-қы оқу құралы. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында дәріс алып жатқан студенттер мен магистранттарға арналған қазақ философиясы бойынша қосымша оқу құралы ретінде ұсынылады. Жұмыс ежелгі түркі әле-мінде қалыптасқан дүниетанымдық үлгілерден бастап қазіргі кезеңдегі кәсіби философиялық деңгейге дейінгі аралықты қамтиды. Оқу құралын қалыптас-тыру барысында қазақтың философиялық ойының тарихта сан қырлы си-патта көріну формалары сараптаудан өткізілген. Кейбір бөлімдер тарихи тұл-ғалардың дараланған дүниетанымындағы ерекшеліктерді ашып көрсетуге ар-налса, біршама бөлімдерде қазақ халқының эпостық жырларындағы, рухани әлеміндегі айрықша белгілерге философиялық сипаттамалар беріледі. Жұ-мыстың мәтіні қазіргі заманның талаптарына сай жаңа әдіснамалық ұстаным-дарға сүйенеді және жалпы оқушы қауымға теориялық тұрғыдан көмегін тигізетін мақсаттарға негізделген. Әсіресе, соңғы бөлімде ХХ ғасырдың екін-ші жартысында елімізде қалыптасқан кәсіби философия туралы қызғылықты ойлар баяндалған.
Қазақ халқының көп ғасырлық тарихында даналықтың озық үлгісі боларлық әлемді танып-білудің, зерделеудің өзіндік сипаттамалары, түркілік ерекшеліктерді танытатын философиялық ойлар мен тұжырымдар жеткілікті болғаны белгілі. Мәселе сол рухани інжу-маржанның қадірін біліп, қаймағын бұзбай қазіргі жаһандану заманында жүйелі түрде жинақтай алуда және оны әрбір келетін жас ұрпаққа рухани сабақтастықпен бере білуде болып отыр. Осы істі абыроймен жүзеге асырған жағдайда еліміздің Еуроазиялық кеңістіктегі ерекше халық ретіндегі этникалық сипатымыздың, басқа халықтар алдындағы құрметіміздің асқақтай түсері анық. Өйткені, өзінің рухани құндылықтарын аялаған, өрбіткен ел ғана, оған жаңа заманда өзіндік жаңғырту сипатын берген халық қана адамзаттың күрделі Тарихының ауқымында шынайы бағалануға иеленері белгілі. Осы мақсатты оқу құралының авторлар ұжымы жұмыстың негізгі бағдары, методологиялық ұстанымы ретінде алға қоя отырып, қазақ философиясы пәні бойынша аталмыш еңбекті оқушы қауымға ұсынуды жөн көрді.
Әрине, қазақ халқының философиялық ойы жайлы еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгенен бері қазақ және орыс тілдерінде бірталай еңбектер жарық көргені белгілі. Олардың кейбірі жеке монографиялар болса, біршамасы оқулық, немесе оқу құралы сипатында көрініс тапты. Бірақ олардың баспадан шығу даналары да, таралу ауқымы да жоғары оқу орындарындағы күннен күнге ұлғайып келе жатқан интеллектуалдық рухани байлыққа деген сұранысты толығымен қанағаттандыра алмасы анық. Оның үстіне философиялық ойлау тарихына деген көзқарас біржақты болмауы тиіс, ол әр түрлі түсініктердің сұхбатынан, өзара байланысынан қалыптасқаны тиімді. Сонда ғана жас ұрпақтың шығармашылыққа деген талпынысы күшейе түседі, күрделі тарихымыздағы көптеген мәселелер бойынша, тарихи тұлғалардың дүниетанымдық жүйелері бойынша соны ойлар туындайды. Міне, осындай түпкі астары бар жағдайды ескере отырып, авторлардың жаңа бір тобы жастарға оқу құралын қалыптастыруға бел байлаған болатын.
Бұл еңбекті жинақтауға, қалыптастырып, құрастыруға еліміздің әр түрлі ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарында қызмет атқарып жүрген философия тарихы мамандығы бойынша қызмет атқарып жүрген жоғары білікті мамандар қатысты. Жұмыста келтірілген мәтіндердің біршамасы ғылыми өнімдер түрінде баспасөз бетінде жарық көрген және олар бірнеше жылдар ауқымында ғылыми көпшіліктік деңгейде сынақтан өткен. Әсіресе, мәтіндердің негізі арқауы болатын бөлімдер қазақ философиясының тарихына арналған «Қазақ даласының ойшылдары» атты көптомдық жинақта жарық көрген еді. Өкінішке орай, кезінде бұл топтамадағы материалдардың Қазақстан Республикасының интеллектуалды кеңістігі көлемінде кеңінен таралып кетуіне, студенттердің қолына жетуге баспа данасының аздығы кедергі болды. Сондықтан оқушы қауымның осы ұжымдық еңбекте кездесетін кейбір авторлардың мақалаларымен етене таныс болмауы әбден мүмкін. Міне, осындай мәселелер ғалымдарды жаңа әрекеттерге итермеледі. Жұмыс философия тарихын баяндаудағы аталған олқылықтарды кәсіби деңгейде жою мақсатында, сонымен қатар қазақ философиясының қыры мен сырын белгілі бір жүйеге келтіру үшін жасалынды.
Ал, енді оқу құралының мәтінінің осындай түрдегі кешенді жұмысқа жинақталуы еліміздегі ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі философияны игеру тарихында алғашқы рет жасалып отыр. Сондықтан мәтіндегі әр түрлі ғылыми стильдердің, пайымдаулардың кездесіп қалуы заңды дүние деген ойдамыз. Негізгі мақсат – қазақ философиясының көп ғасырлық тарихында орын алған дүниетанымдық әмбебаптарға, рухани игеруге ғылыми түсініктердің көкжиегін кеңейту, оқушы қауымды мемлееттік тілде сұхбатқа шақыру, шығармашылыққа баулу болып табылады.
Жалпы философияның өзі адамдардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ілім. Оның құрылымынан догмалық түрде қатып қалған көзқарастарды, түсініктерді іздеу жаңсақтық. Ол үнемі ағып жатқан өзендей жаңғырып отыруы тиіс. Тек тоталитарлық қоғамда ғана философияның аясы тарылып, белгілі бір идеологиялық қалыптардың ауқымдарымен шектеліп отырылады. Әрине, ол дегеніңіз белгілі бір іргелі ұғымдар болмайды деген сөз емес. Қазақ дүниетанымы үшін ондай базалық негіз болған әмбебап ұғымдар бар екені осы еңбекте кеңінен айтылады. Мәселен, қазақтың дүниетанымдық әлемі этикалық принциптерді негізінен адамаралық қатынастарда асқар биікке қойып, оны барлық бағдарлардан жоғары қоятындығы атап көрсетіледі және осы ұстаным зерттеулердің басымдылық танытатын методологиялық қағидасына айналған.