Пайдаланған әдебиеттер: 1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж
2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013
3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010
4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014
5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық
талдау. Алматы, 2011.
6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012
7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012
8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006
9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.
10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.
11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009.
12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009.
13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006
14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008.
15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008.
№13. Дәріс. Тақырыбы: Тарих философиясы. 1. Тарих философиясының пәні
2. Тарихты философиялық тұрғыдан пайымдау
3. Қазіргі заман философиясындағы «тарих мәні», «тарихтың соңы»
Тарих философиясының пәні. Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау. Уақыттың антикалық түсінігі және тарихтың айналымы.
Тарих философиясының пәні – тарихи процестің мағынасы мен жалпылама мазмұны, оның заңдылықтары және зерттеу методологиясы. Философиялық тарихи идеялар көне заманда туындай бастады. Белгілі философ А.Ф.Лосев грек антикалық уақытында бұл идеялардың суреттемесін берді. Нақтылы тарих философиясының негізінде қашанда уақыттың белгілі бір үлгісі жатады. Антик тарих философиясы уақыттың қайталанбалы моделіне бағдарланған, сондықтан оның сол немесе басқа түрлеріне мәңгі қайтып келу идеясы тән болды. Батысеуропалық ортағасырлық тарих философиясы христиандық негізде тура сызықтық, түпкі уақыт моделіне сүйенеді. Жаңа және қазіргі дәуірлердегі тарих философиясы тура сызықтық шексіз уақыт моделіне сүйенеді. «Тарих философиясы» – тарихи процестің философиялық түсіндірмесі. «Тарих философиясы» терминінің өзі алғаш рет француз ағарту дәуірінің ойшылы Ф. Вольтер қолданған. Алайда, XVIII ғасырдың неміс ағартушысы И. Гердер «адамзат тарихының философиясына идеялары» (1784) барлық халықтар тартылатын тарихи процестің бірлігі мен заңдылықтары туралы идеяны ұсынды.
Тарихилық – бұл жойылатын, бірақ уақыт ағымында мәңгі нәрсе. Тарихи болмыстың ерекше белгісі – тарих болып қалу және сонысымен мәңгіге жалғасу. Өйткені тек жалпы формалар мен заңдар қайталануымен ғана сипатталатын әдеттегі уақиғалармен салыстырғанда, тарих өз бойында уақытқа қарамастан, уақытты, мәңгілікті жоятын, өшіретін оқиға. Адам – жетілмеген, уақытқа тәуелді шектеулі жан, уақыттың арқасындағы онда болып жатқан құбылыстар оны мәңгілікке жетелейді, оған жетудің жолы осы ғана. Адамның жетілмегендігі мен оның тарихилығы – екеуі бір нәрсе.