Философия және саясаттану факультеті


Дәріс 7. Демократияның тарихи тағдырлары. ХХІ ғасырдағы саяси дамудың демократиялық сценарилері



бет6/12
Дата20.12.2023
өлшемі155 Kb.
#141398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәрістер тезисі саяси режим және жүйе2012

Дәріс 7. Демократияның тарихи тағдырлары. ХХІ ғасырдағы саяси дамудың демократиялық сценарилері
Демократиялық саяси режимнің дамуы, қалыптасуы. Демократия ұғымы мәні мен белгілірі. Демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.
Демократия деген сөз гректің «демос»-халық, «кратос» - билік деген сөздерінен алынған, яғни халық билігі дегенді білдіреді. Демократиялық саяси режим әлемнің көптеген елдерінде, шамамен 50 елде өмір сүруде. Демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады.
Демократияның антикалық теориясы.
Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афины республикасы жатады. Б.э.д. V ғасырда пайда болды. Онда жоғарғы билік ұдайы шақырылып тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкіжәне сыртқы саясатына байланысты барлық мәселелерді шешетін. Афиналық демократия Периклидің (б.э.д. 490-429) басшылық еткен дәуірде әсіресе гүлденіп өркендеді.
Б.э.б. 322 жылы афиналық демократия құлап, қала Македонияға тәуелді болып қалды. Афиныда демократиялық басқару түрі сақталып, бірақ халық кеңесі шын мәніндегі биліктен айрылды. Афиныдағы сияқты демократиялық мемлекет Ежелгі Римде де болды.
Демократия идеясы көптеген ойшылдардың – Аристоталь, Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Д.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Джефферсон, А.Токвильдің және т.б. еңбекетерінен
демократия идеясы орын алады.
Жаңа дәуірдегі демократия.
Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы да антикалық идеялардан бастау алды. Оны «Қоғамдық келісім» деген еңбегінде Ж.Ж.Руссо жан-жақты қарастырды.
Иозеф Шумпетер (1883-1950) ол өзінің атымен аталған демократияның «шумпетерлік» теориясын жасады. Оның ойынша демократия ешқашан халықтың басқару емес, жеке адамдардың халық даусын алу үшін бәсекелік күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді.
Демократияны тура, плебисцитарлық, өкілдік демократия деп бөледі. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуде тікелей қатысады. Тура демократияға референдум жатады. (Референдумға маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады.) Тура демократия Франция, Италия елдерінде кеңінен тараған. Италияда ІІ д.ж. соғыстан кейін референдум арқылы монархиялық билік тоқтатылды.
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау арқылы заңның жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі өте аз.
Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет