Философия және саясаттану факультеті



бет3/12
Дата20.12.2023
өлшемі155 Kb.
#141398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәрістер тезисі саяси режим және жүйе2012

Дәріс 3. Саяси жүйе типологиясы
Саяси өмірдің өлшемділігі, сан алуан критерилердің ұстанымы жағынан талдауы. Саяси жүйе классификациясы. Қоғамдық құрылым талдауында Вебер мен Маркстың дәстүрлері. Ж. Блондель, Г. Алмонд, Д. Берг-Шлоссер, Х. Майер, Т. Штаменн. Ч. Эндрейн және т.б. типологиялары. Дәстүрлі және модернизацияланған, консервативті және трансформациялық, ашық және жабық, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған, микроскопиялық, локалды, макроскопиялық және жаһанды саяси жүйелер.
Сайлау жүйелері
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың басты принципі еркін сайлау және референдум арқылы жүзеге асырылатынын, ал, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігін белгілейді.Демократиялық сайлау – негізгі саяси-құқықтық институт. Демократия саяси сайлау процесінен, яғни азаматтар үшін заңмен белгіленген мерзім ішінде олардың мүдделерін білдіруге ғана емес, сайлаушы азаматтармен бекітілген деңгейде дербес даму саясатын жүргізуге ниетті әртүрлі тұлғалар, партиялар арасынан таңдауды мүмкін деп қарастыратын және заңды негізде таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін процестен тыс іске асырыла алмайды.Заң шығарушы (өкілді) мемлекеттік органдарды сайлау кезінде негізгі екі сайлау жүйесі қолданылатыны белгілі. Олар – барабар және мажоритарлық жүйелер. Олардың белгілі бір үйлесімі негізінде дауыс берудің аралас жүйесі қалыптасады.Қазақстанда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 98 депутатын сайлауда барабар сайлау жүйесі қолданылады.Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.Барабар жүйе бойынша сайлау партиялық тізімдер үшін дауыс беру дегенді білдіреді. Барабар сайлау жүйесінің негізгі мақсаты көппартиялық жағдайында партиялардың барабар өкілдігін қамтамасыз ету болып табылады. Сайлау партиялық тізімдер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте Парламентке өту үшін партияның міндетті түрде алуы тиіс сайлаушылар дауысының проценті түріндегі заңнамалық тосқауыл қолданылады. Қазақстанда ол 7% құрайды.Мінсіз сайлау жүйесі жоқ. Кез келген жүйенің өз артықшылықтары және өз кемшіліктері бар. Сайлаудың халықаралық стандарттары да мемлекеттерге сайлау жүйесін таңдау бойынша қандай да болмасын талаптар қоймайды.Қазақстанда сайлауларды және референдумдарды өткізудің ережелері, рәсімдері мен негізгі ұстанымдары ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен, Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңымен, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының қаулыларымен белгіленеді.Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабында Қазақстан азаматтары тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқылы делінген. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматттардың сайлауға және сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.Қазақстан Республикасында сайлау азаматтардың өзінің сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделген. Бұл ретте Президентті, Парламен Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республика Парламеті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі.Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжібүрлеуге, сондай-ақ оның ерік білдіруін шектеуге ешкімнің құқығы жоқ.
Сайлау құқығының түрлері:
Жалпыға бірдей сайлау құқығы – Қазақстан азаматтарының он сегіз жасқа толғаннан кейін тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан, немесе кез келген өзге жағдаяттардан тыс, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан азаматтарының, оларға қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттарының депутаты, немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болып сайлану құқығы.

Тең сайлау құқығы дегеніміз сайлаушылардың Президентті, Республика Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлауға тең негізде қатысады және олардың әрқайсысы тиісінше бір сайлау бюллетені бойынша бір дауысқа ие дегенді білдіреді. Сайлаушылар жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауға тең негізде қатысады және олардың әрқайсысы тең дауыс санына ие. Кандидаттар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен белгіленген шекте сайлауға қатысуға құқылы.Төте сайлау құқығы - Президентті, Республика Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін азаматтардың тікелей сайлауы.


Жанама сайлау құқығы - Парламент Сенаты депутаттарын сайлауға таңдаушылардың - мәслихаттар депутаттары болып табылатын Қазақстан азаматтарының қатысуы. Таңдаушылар сайлауға тең негізде қатысады және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие.Президентті, Парламент пен мәслихаттар депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауда дауыс беру сайлаушылардың ерік білдіруіне қандай да болмасын бақылау жүргізілуіне жол берілмейіндей жасырын болып табылады.
Дауыстарды санау жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның «Сайлау жүйелері» деп аталатын 9-бабына сәйкес, Президентті, Парламент Сенаты депутаттарын және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады:Мыналар:дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентінен астамының дауысын алған;қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидаттар сайланған болып саналады.Парламент Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланады.Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып саналады.Өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.Республика азаматтарының өзінің сайлау құқығын ерікті жүзеге асыруына зорлық-зомбылық, алдау, қоқан-лоқы көрсету, пара беру арқылы немесе басқа да бір тәсілмен кедергі келтірген тұлғалар заңмен көзделген жпуапкершілік тартады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет