Философия және саясаттану факультеті


Саяси режим. Саяси режимнің типологиясы



бет4/12
Дата20.12.2023
өлшемі155 Kb.
#141398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәрістер тезисі саяси режим және жүйе2012

Саяси режим. Саяси режимнің типологиясы.

Дәріс 4. Саяси режим саяси билікті жүзеге асырудағы әдіс пен бақылау ретінде. Саяси режимнің типтері
Саяси режим қоғамның саяси өмірін функционалдау тәсілі ретінде, оның мәні. Қоғамның саяси жүйесімен саяси режимнің функционалды байланысы. Саяси режим типтерінің сипаттамасы. Антидемократиялық режимдердің демократиялық режимге өту жолдары. Саяси режим ұғымы батыс еуропалық ғылыми әдебиеттерде ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында тарады. Қазіргі кезде бұл ұғым ғылыми, оқу әдебиеттерінде, сондай ақ күнделікті ауыз екі тілде де кеңінен таралған. Бұл саяси өмірдің және тұтас алғандағы қоғамдағы саяси жүйенің құбылысы. Режим термині (фр. rejime, латынша rejimen) басқару тәртібі дегенді білдіреді.
Саяси режим дегеніміз – бұл үстемдік етуші әлеуметтік жіктің қоғам тұрақтылығының мақсаттарын көздей отырып және саяси бостандықтың деңгейін, сондай-ақ, олардың қызметінің құқықтық негіздерінде билік органдарының қатынасын көрсете отырып, өзінің саяси үстемдігін жүзеге асыратын әдістер мен құралдардың, тәсілдердің жиынтығы.


Дәріс 5. Тоталитарлы режимнің теориясы мен саяси тәжірибесі
«Тоталитаризм» ұғымы латынның «totalis» деген сөзінен шыққан, бүкіл, тұтас, толық дегенді білдіреді. Оны ХХ ғасырдың басында айналымға енгізген итальян фашизмінің идеологы Дж. Джентиле. Бұл түсінік алғаш рет 1925ж. итальян парламентінде айтылды. Итальян фашизмінің жетекшісі Б.Муссолини оны саяси сөз қорына енгізді. Жаңа саяси режим ретінде Б.Муссолини 1932ж. жарық көрген «Фашизм доктринасы» атты еңбегінде тоталитаризмнің мәнін балайша тұжырымдады: «барлығы да мемлекетте, мемлекеттен тыс ештеңе жоқ, мемлекетке ештеңе қарсы емес». Кейінірек бұл ұғымды неміс және американ саясаттанушылары қолдады. Ф.Хайектің «Дорога к рабству» (1944), Х.Арендтың «Истоки тоталитаризма» (1951), К.Фридрихтың «Тоталитаризм» (1954), К.Фридрих пен З.Бзежинскийдің «Тоталитарная диктатура и автократия» (1956), Р.Аронның «Демократия и тоталитаризм» (1958) атты еңбектерінде бұл құбылыстың тұжырымдамалық жағынан жете зерттелуіне қол жеткізілді.
Тоталитаризм - әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарпынан толық бақылауға алынған мемлекеттік – саяси құрылыстың түрі. Онда бір партия, бір идеология үстемдік етеді. Мұндай тәртіпте өндіріс, экономика, БАҚ, білім, мәдениет адамдардың жеке өмірі және т.б. тегіс бақыланады. Азаматтардың, конституциялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық- полициялық бақылау орнайды.
Тоталитарлық жүйенің негізгі белгілері. Тоталитаризм бастаулары.
Тоталитарлық саяси режимдердің мәнін көрсеттетін ортақ белгілері де бар.
1. Тоталитарлық санада «билік пен қоғам» проблемасы болмайды: билік пен халық бірыңғай. Бұнда басқа проблемалар көкейтесті болады, билік пен халықтың ішкі жауларға қарсы күресі. Биліктен шынайы қол үзген халық үкімет оның мүдделерін оның өзіне қарағанда толық білдіреді деп сендіреді. Сөйтіп, экономикаға орталықтандырылған бақылау және экономикалық қызметті бюрократиялық басқару жүйесі жасаланады.
2. Тоталитарлық саяси режимдерге бірпартиялық тән. Харизматикалық-жетекші көсем басқаратын бір ғана басқарушы партия өмір сүреді.
3. Биліктің бір қолға - автократияға барынша шоғырлануы билікті бөлу принципін жояды. Заң шығарушы, атқарушы билік бір құрылымға шоғырланады, тәуелсіз сот билігі деген мүлдем болмайды.
4. Барлық қоғам өмірінің идеологияландырылуы. Тоталитарлық қоғам халыққа идеологиялық ықпал жасау үшін үлкен күш жұмсайды. Мемлекеттік идеологияны және билік өкілдерін сынауға тыйым салынады.
5. Тоталитаризм ақпаратқа дегенбилік монополиясымен, бұқаралық ақпарат құралдарына толық бақылау жасаумен және баспа қызметіне қатал цензура жасаумен сипатталады. Барлық ақпарат бір жақты бағыттылықта - өмір сүріп тұрған құрылысты оның жетістіктерін дәріптеу бағытында болады.
6. Қарулы күрес жүргізудің барлық құралдарын қолдануға деген мемлекеттің монополиясы. Әскер, полиция, барлық басқа да күштеу құралдары саяси билік орталығына толығымен бағынышты болады, олар жазалаушы органдар қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет