Философия және саясаттану факультеті


Дәріс 2. Қоғамның саяси жүйе теориясы. Саяси жүйенің легитимділік жағдайы



бет2/12
Дата20.12.2023
өлшемі155 Kb.
#141398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дәріс 2. Қоғамның саяси жүйе теориясы. Саяси жүйенің легитимділік жағдайы
Т. Парсонстың әлеуметтік жүйе теориясы және оның саяси жүйе теориясының дамуына әсері. Д. Истон және Г. Алмонд саяси жүйе теориясының негізін қалаушылар ретінде, тұжырымдамаларының ерекшеліктері. К. Дойчтың саяси жүйе теориясы. Саяси жүйелердің заманауи түсіндірмелері, саяси жүйенің дербестігі туралы теріс бағалардын алдын алу. Саяси жүйелердің жүйешіктері: институционалды, нормативті, идеологиялық, коммуникативті, мәдени. Саяси жүйенің негізгі қызметтері. Саяси жүйенің легитимділік жағдайы. Саяси тұрақтылық, оның алғышарты және оған жету тәсілдері. Абсолютті, статистикалық және динамикалық тұрақтылық. Саяси қатер, қатердің тетіктері.
Ең алғаш жүйе ұғымын ХХ ғасырдың 20- шы жылдары ғылыми айналымға енгізген неміс биологы Л.Фон Борталанфи (1901-1972). Яғни, «жүйе» ұғымы биологиядан енген термин.
Ал қоғамдық ғылымдарда әлеуметтануда қоғамды жүйелік түрде талдаған американ әлеуметтанушысы Талкотт Прасонс (1902-1977). Ол қоғамды өзара байланыста болатын 4 жүйеліктен (эконномикалық, саяси, әлеуметтік, рухани) тұрады деді. Бұл жүйенің әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады.
Т.Пасонстың әлеуметтік жүйе теориясына арналған еңбектері: «Әлеуметтік әрекет құрылымы» (1937), «Әлеуметтік жүйе» (1937), «Әректтің жалпы теориясын құру» (1951), «Әрекет теориясы және адамзаттың ғұмыр кешуі» (1978), «Қазіргі қоғамдар жүйесі» (1971).
Саяси жүйе теориясын ХХ ғасырдың 50-ші жылдары Американ саясаттанушысы Давид Истон дүниеге әкелді. Оның ойынша саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады. Кірістің екі түрі бар. Олар: талаптар мен қолдау.
Д.Истонның идеяларын одан әрі дамытқан американ саясатанушысы Габриэл Алмонд болды. Ол саяси жүйені бір жағынан, тұрақтылықты қолдау кезіндегі қоғамды жаңғыртуды жүзеге асыруға көрсетілетін қабілеттілік, ал екінші жағынан элементтердің өзара байланысының жиынтығы деп сипаттайды.
Саяси жүйе дегеніміз – билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамды тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық саяси ұйымдар т.б. жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет