Философия және саясаттану факультеті



бет3/19
Дата14.09.2022
өлшемі62,31 Kb.
#39027
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Лекция сұрақтары:
1. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні, міндеттері, атқаратын қызметі және әдістері.
2. Әлеуметтанудың қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны.
3. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.

Әлеуметтану объектісінің ерекшелігі. Тұтасымен қоғам, әлеуметтік қауымдастық, әлеуметтік қатынас, әлеуметтік институт, олардың қалыптасу және даму механизмдері. Әлеуметтік процесс. Әлеуметтік процестердің дәрежелері, олардың тарихи ерекшеліктері. Әлеуметтік құбылыстарды танып білудің өзіндік ерекшелігі.


Әлеуметтік ұғымы. Әлеуметтік заңдар және категориялар. Әлеуметтанудағы әдіс. Әлеуметтануға қатысты философияның әдіснамалық қызметі.
Әлеуметтанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіде алатын орны. Әлеуметтану мен философияның, әлеуметтану мен нақты ғылымдардың өзара байланысы. Әлеуметтану және экономика. Әлеуметтану және тарих. Әлеуметтану және статистика. Әлеуметтану және әлеуметтік басқару. Әлеуметтану және әлеуметтік психология.
Әлеуметтанулық теория, оның негізгі дәрежелері және нақты құрылу тәсілдері. Жалпы әлеуметтанулық теория, арнаулы әлеуметтанулық теория, салалық әлеуметтанулық теориялар. Әлеуметтанудағы фундаменталдық және қолданбалы зерттеулер.
Әлеуметтанулық зерттеу әлеуметтік шындықты танудың негізгі құралы. Әлеуметтанулық зерттеулердің жүргізілу сфералары және негізгі түрлері.
Әлеуметтанулық зерттеу әдістері, олардың түрлі дәрежедегі теориялармен байланысы. Әлеуметтік деректерді теориялық және эмпирикалық зерттеу мәселелері. Әлеуметтанудың қызметі. Әлеуметтанудың әдіснамалық, танымдық, бейнелеу, жалпымәдени және басқа қызметтері.
Әлеуметтанушының қоғамда алатын орны


Тексеру сұрақтары

  1. Әлеуметтік құбылыстар дегеніміз не? Олардың табиғи құбылыстардан ерекшелігі неде?

  2. Әлеуметтанудағы позитивистік бағыттың өкілдері кімдер? Позитивтік әлеуметтанудың басты тұжырымдары қандай?

  3. Әлеуметтанудың болжаулық қызметінің ерекшелігі неде? Әлеуметтік құбылыстардың дамуын болжаудың мақсаты қандай?

  4. Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтері қандай? Оларды атап, әрқайсысына сипаттама беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет