Ұсынылатын әдебиеттер: Джордж Ритцер, Джеффри Степницкий. Әлеуметтану теориясы. – Астана: «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ. 2018. – 856 б.
2. Әбдікерова Г.О. Әлеуметтану. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 192 б.
3. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. – Алматы, 2014.
4. Масионис Дж. Социология.СПб.: - Питер, 2014.
5. Смелзер Н. Социология. – М. 2016.
6. Эльмира Отар. Особенности городского среднего класса Казахстана». – Астана, 2018.
7. Иванов Д.В. Актуальная социология и глэм-наука // Sociology of Science and Technology. – 2014. - Volume 5. - No. 2. – C.137-150.
8. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы: «Карасай» баспасы, 2013. – 406 с. Лекция 2. Әлеуметтану ғылымының тарихи қалыптасуы мен дамуы
Лекцияның мақсаты: Әлеуметтану ғылымының тарихи қалыптасу ерекшеліктерімен таныстыру, әрбір тарихи кезеңде әлеуметтану ғылымында қалыптасқан көзқарастардың өзгерісін сипаттау
Негізгі терминдер:, позитивизм, әлеуметтік дерек, түсіндірмелі әлеуметтану, биологиялық мектеп, символикалық интеракционизм
Лекция сұрақтары:
1. Әлеуметтану ғылымының тарихи даму кезеңдері (классикалық, классикалық емес және постклассикалық кезең).
2. Қазақ ойшылдарының әлеуметтік көзқарастарының қалыптасу ерекшеліктері.
Әлеуметтанулық ойлар және әлеуметтанулық білімнің тарихи дамуының негізгі кезеңдерін бөліп көрсетудің өлшемдері.
Бастапқы кезең; ХІХ ғ. 40ж. – ХІХ соңы; ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ.; ХХ ғ. басында – ХХ ғ. 20 ж.; ХХ ғ. 30-шы жылдары – ХХ ғ. 50-ші ж.соңы; ХХ ғ. 60 ж. басынан қазіргі уақытқа дейін.
Әрбір кезеңнің мазмұны – зерттелуге тиісті мәселелері, негізгі тенденциялары, түрлі мектептер мен бағыттардың дамуы, әлемге әйгілі социологтардың творчествосымен таныстыру. Әлемдік әлеуметтанудың танылуы және таралуы. Түрлі әлеуметтанулық институттардың қызметтерінің басталуы, халықаралық ұйымдардың құрылуы, арнайы әлеуметтанулық журналдардың шығарылуы және т.б. Социологиялық білімнің арнаулы түрлерінің қалыптасуы (ХІХ ғ. 90 ж. бастап).
ХІХ ғ. 40 ж. ғылыми әлеуметтанудың қалыптасуы. О.Конттың позитивистік доктринасы. Тарихи даму заңдары туралы ілім, әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика, идеяларының ролі және табиғи ортаның әлеуметтік процестерге тигізетін әсері.
О.Конттың идеяларының төмендегі позитивистік теорияларда жалғастырылуы (Дж.Ст.Милль, Г.Спенсер, Г.Тард, Э.Дюркгейм, Ф.Теннис және т.б.). М.Вебердің социология және қазіргі социологияның дамуындағы «веберлік ренесанс». Г.Зиммельдің түсіндірмелі соцолоиясы.
Марксистік социологияның дамуындағы классикалық кезең. К.Маркс, Ф.Энгельс - қоғамның материалистік теориясының негізін салушылар.
Қазіргі әлеуметтанудың қалыптасу ерекшеліктері
Әлеуметтанудың дамуына мәдениет пен ғылымдағы дағдарыстардың әсері. Әлемдік әлеуметтанудың дамуында гумкнистік тенденциялардың күшеюі. Әлеуметтанудағы неопозитивизм. Әлеуметтанудың негізгі үш тарауларының бөлінуі. Теориялық, қолданбалы, эмпирикалық. Әлеуметтік шындықтың моделін құрудың формальды – логикалық аппаратын жасау. Социологияда неопозитивизмге қарсы тұратын бағыттар: экзистенциализм, феноменология, қоғамның теологиялық теориясы. Франкфуртттық мектептің «әлеуметтік философиясы».
ХХ ғасырдың бірінші жартысында салалық әлеуметтанудың дамуы. Адамдық қарым-қатынас, әлеуметтік басқару мәселелерін жасау. Америкалық және батыс еуропалық әлеуметтанулық мектептердің қатынасы және өзара байланысы. П.Сорокиннің әлеуметтанулық теориясы. Әлеуметтанудағы құрылымдық функционализм (Т.Парсонс, Р.Мертон). Жаңа индустриялық қоғам концепциясы.
СССР-да 1917 жылғы Октябрь Революциясынан кейінгі әлеуметтану. Әлеуметтану ғылымының дамуына командалық-әкімгершілік системаның тигізетін кедергі әсері. 30-шы жылдардың ортасында ғылыми әлеуметтану саласында жүргізіліп отырған жұмыстардың тоқтатылуы. 50-ші жылдардың соңында 60 жылдардың басында кеңестік әлеуметтанудың дамуында жаңа кезеңнің басталуы. 1980 жылы әлеуметтанудағы көтерілу кезеңі.
Қазақстанда әлеуметтану ғылымының дамуының негізгі кезеңдері (ХХ ғ. соңы – ХХI ғ басы.). Қазіргі кезең: қателіктер, қиындықтар, жетістіктер, мәселелер.