Философия және саясаттану факультеті



бет5/19
Дата14.09.2022
өлшемі62,31 Kb.
#39027
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Тексеру сұрақтары
1. Огюст Конттың тарихи дамудың «үш сатысының заңы» туралы көзқарасының ерекшелігі неде? Осы сатылардың әрқайсысына сипаттама беріңіз.
2. Эмиль Дюркгеймнің қоғамдық ынтымақтастық идеясы. Органикалық және механикалық ынтымақтастықтың мәні және мазмұны.
3. Эмиль Дюркгеймнің көзқарасы бойынша, қоғамдық ынтымақтастықты қалыптастырудағы еңбек бөлінісінің атқаратын рөлі.
4. Макс Вебердің «түсіндірмелі әлеуметтануы». Түсіндірмелі әлеуметтанудың негізгі идеялары.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Абдикерова Г.О.Социология. Алматы. Қазақ университеті. 2020.

  2. Әлеуметтану // Тәжин М.М. және т.б. 1 том. – Алматы, 2005.

  3. Әлеуметтану // Тәжин М.М. және т.б. 2 том. – Алматы, 2005.

  4. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану: өзекті мәселелер. Алматы, Карасай баспасы. 2013.

  5. Ғарифолла Е. Философия слов. – Алматы: «Қазақ университеті», 2005.

  6. Фромм Э. Бегство от свободы. – М.: Прогресс,1990.

  7. Маслоу А. Мотивация и личность. 3-е издание. - СПб.: Питер, 2003.

  8. Смелзер Н. Социология. М. 2016.

  9. Штомпка П. Социология социальных изменений. – М. Аспект Пресс.1996.

Лекция 3. Әлеуметтанулық зерттеудің түрлері мен әдістері


Лекцияның мақсаты: Әлеуметтік зерттеудің түрлері мен әдістері туралы толық ақпарат беру


Негізгі терминдер: Әлеуметтік зерттеу, бақылау, құжаттарды талдау, сұрау, эксперимент


Лекция сұрақтары:
1. Әлеуметтанулық зерттеудің әдіснамасы.
2. Әлеуметтанулық зерттеудің әдістемесі.
3. Әлеуметтанулық зерттеулердің техникасы.
4. Әлеуметтанулық әдіс.
5. Әлеуметтанулық зерттеулердің негізгі кезеңдері.

Әлеуметтанулық зерттеу танымдық қызметтің түрі ретінде


Әлеуметтанулық зерттеу түсінігі. Әлеуметтанулық зерттеу және әлеуметтік ақпарат. Әлеуметтанулық зерттеу классификациясы: фундаменталдық және қолданбалы, теориялық және эмпирикалық зерттеу.
Әлеуметтанулық зерттеудің ғылыми ұйымдастырылуы – ақиқат әлеуметтік ақпарат алу жағдайы ретінде.
Әлеуметтанулық зерттеудегі бағдарлама ұғымы. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы – философияның жалпы теориялық және әдіснамалық принциптерінің, жалпы әлеуметтанулық және арнаулы социологиялық теориялардың жүзеге асырылуы. Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасының құрылымы және негізгі элементтері.
Әлеуметтанулық зерттеудегі іріктеу. Іріктелген жиынтықтың мәні. Негізгі және іріктелген жиынтық. Репрезентативтік.
Әдістер, әдістеме, техника және процедура социологиялық зерттеуді органикалық тұрғыдан құрайтын бөліктер.
Әлеуметтанулық зерттеуде әдістің, әдістеменің, техника мен процедураның өзара қатынасы және атқаратын рөлі.
Әлеуметтанулық зерттеу әдістері
Әлеуметтанудағы әдіс ұғымы. Мәселелерді зерттеуде және шешуде, зерттеу жұмысын ұйымдастыруда әдістердің атқаратын қызметі және мәртебесі. Социологиялық зерттеулердегі жалпығылыми, философиялық әдістер. Әдіс іс-әрекеттің ережесі ретінде. Әдістердің зерттеу пәніне, міндетіне және концепциясына сәйкестігі принципі. Әлеуметтанулық зерттеудегі әдістемелік комплекс ұғымы. Әлеуметтанулық әдістердің классификациясы.
Алғашқы әлеуметтанулық ақпарат жинаудың тәсілі ретіндегі бақылау ұғымы және оның жалпы сипаттамасы. Әлеуметтанулық бақылаудың ерекшелігі. Алғашқы әлеуметтанулық ақпарат жинау әдісі ретінде сұраудың жалпы сипаттамасы және оның басқа әдістерге қатысты алатын орны. Оның жетістіктері және кемшіліктері. Сұраудың негізгі түрлері. Әлеуметтанулық зерттеудегі анкета. Әлеуметтанулық зерттеудегі сұхбат, оның ерекшелігі. Құжатты талдау әлеуметтанулық зерттеу әдісі ретінде.
Құжат әлеуметтанулық хабардың маңызды көзі. Құжаттардың классификациясы. Әлеуметтанудағы эксперимент. Әлеуметтанулық зерттеулердегі эксперименталдық әдістің негзгі сипаты. Эксперименттің басқа әдістермен өзара қатынасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет