Философия және саясаттану факультеті



бет3/4
Дата31.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#23098
түріӨмірбаяны
1   2   3   4
Байланысты:
СрС14.Жасерекше

Еңбектері

Үлағатты ұстаздығымен елге мәлім болган педагог 1944 жылдан ақындық, педагогтік еңбегімен елге танылып келеді. 1944-1968 жылдары ауыл мектептерінде пионер жетекші, оқытушы, оқу ісін меңгеруші, мектеп директоры қызметтерін атқарып, іскерлігімен бүкіл республикаға белгілі болады. 1968-1980 жылдары ҚазССР Ғылым Академиясы ұйымдастырған Қазақ Совет Энциклопедиясының Бас редакциясында педагогика, тіл-әдебиет редакцияларын басқарды, 1980 жылдан бері ҚазМУ-де педагогика, этнопедагогика, оқыту-тәрбиелеу әдістемелері бойынша дәріс беріп келеді.

Балажан ақын 1959 жылы шыққан «Бөбекке сөз» жинағынан бастап 2006 жылы баспадан шыққан «Қайырлы таң, балалар!» атты 5 томдық таңдамалы жинағына дейін балаларға арнап 38 кітап шығарды. Сөйтіп, балалар әдебиетіне тақпақгар, ертегілер, скетчтер, инсценировкалар, пьесалар, қойылымдар жазып, қазақ балалар әдебиетінің жан-жақты дамуына мол үлес қосты.

Ақын жазушы қазақ сатирасына да елеулі үлес қосты, сатиралық эпиграммалар мен скетчтер, сықақ әңгімелер жазып бірнеше жинақтар шығарды («Қой бағу оңай ма?», «Мен кіммін, білесің бе?», «Сатиралық шағармалар» т.б.). Педагог ақынның «Алыптардың алыбы», «Бәрекелді, Кірпі», «Ғажайып бақ» сияқты ертегі пьесалары республикалық қуыршақ театрында қойылды. Оншақты қойылымдары республиканың теледидар, радио, қорларында сақталып, әр кезде теледидардан, радио хабардан беріліп тұрады.

Ғалымның (педагогика ғылымының докторы, 2004 ж.), ғылыми еңбектері 1965 жылдан үздіксіз жарияланып келеді. Жеті монография, алты оқу құралын жазу ғалымның ғылыми еңбектері тәрбиелеу, оқыту ісіне арналған. Ұлағатты ұстаз еңбекшіл ғалым. Негізінен, ұлттык тәрбиенің ғылыми теориялық негіздеріне зерттеу жұмыстарын жүргізіп, казак этнопедагогикасы, ұлттық тәрбие ғылымдарының негізін қалаушылардың бірі болды. «Ұлттык тәрбие иірімдері» (2001 ж.), «Қазақ этнопедагогикасы және окыту әдістемесі» (2004 – 2011 жж.), «Этнопедагогикалық оқылымдар» (2006ж.) атты оқу құралдарында ғалым қазақ этно­педагогикасы (ұлттык тәрбие туралы ғылым) ұлттык мәдениетіміздің ғылыми көрсеткіші, мәдениет бастауларының қайнар көзі екендігін жан-жақты дәлелдеп көрсетті.

Ақын, жазушы, ғалымның балаларды тәрбиелеу ісіне арнаған өлең әңгімелері мектеп оқулықтарына молынан енген, ұлағатты ұстаздың «Әдеп әліппесі» (1997 ж, 2006 ж, 2008 ж.) атты оку кұралы республиканың барлық қазақ мектептерінде жеке пән ретінде, тәрбие құралы ретінде кеңінен пайдаланылды. Тәр­бие ісіне арналған скечтері мен қойылымдарын мектеп оқушылары қызыға пайдаланып жүр. Балабақшаларда ақынның өлеңдері мен ертегілерін үзбей пайдаланып келеді.

Ғалымның «Халық тағылымы» (1992 ж.), «Қазақ этнопедагогикасын оқытудың әдістемесі» (1999 ж, 2011ж.), «Қазақ этнопедагогикасының методологиясы мен этнопедагогика және мәдениеттану мәселелері» (2000 ж.), т.б. ғылыми монографиялық еңбектерін жоғары мектеп оқытушылары оқу-тәрбие ісіне кеңінен пайдаланып жүр.

Ғалым казак этнопедагогикасы гылымын жан-жақты зерттеп, жүйеге келтіріп, окыту бағдарламасын, оқу құралын, оқыту әдістемесін жазып, бұл салада казак ғылымына үлкен үлес қосты.

ҚазССР-ының және ССРО-ның оқу ісінің озаты бірнеше медальдар мен құрмет грамоталарының, Республикалық Ыбырай Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, оқыту және тәрбиелеу ісінің әдістемелерін шәкірттеріне үйретумен қатар, ағымдағы баспасөз беттерінде үздіксіз жариялап (190 мақала), республикадағы озат тәжірибе істерін толықтырып келеді. Ұлттық тәлім-тәрбиенің, қазақ этнопедагогикасының ғылыми негіздерін жүйелеп, оқыту әдістемелерін дамытып келе жатқан ұлағатты ұстаз мектептермен, жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс жасап, өнегелі іс-тәжірибелерін таратып келеді.

Ол қазақ әйелдерi арасынан тұңғыш әлеуметтiк iске белсене араласқан әрi мұғалiм, әрi педагог-ғалым, әрi журналист болды. Ол 1902 ж. Қостанайдағы қыздар гимназиясын оқып бiтiрiп, Торғайдағы қыздар училищесiнде, кейiн (1904-1919 ж.ж.) Семейдегi мұғалiмдер семинариясында мұғалiмдiк қызмет атқарды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет